Қызметтік сапарларға арналған қатаң есептеме бланктегі билетті келесі тәсілдермен алуға болады:
- «Экспресс» жүйесінің терминалымен жабдықталған билет кассаларында;
- «Жолаушы тасымалы» Акционерлік қоғамымен келісімшарт бойынша жұмыс істейтін теміржол билеттерін сатумен айналысатын жеке агенттіктерде;
- өзіне-өзі қызмет көрсету транзакциялық терминалдарында беріледі.
Билет басып шығарылған электрондық билет (электрондық жолқұжат) негізінде немесе тапсырыста көрсетілген жолаушылардың біріне электрондық билет/тапсырыстың нөмірін (14 сан) көрсету арқылы беріледі. Билет берілуі үшін, касса ен агенттіктерде жеке тұлғаны куәландыратын құжатты немесе нотариалдық куәландырылған сенімхатты көрсету керек.