Электрондық билет немесе e-ticket — әуе компаниясы мен жолаушы арасындағы әуе тасымалы шартын куәландырушы электрондық құжат. Іс жүзінде бұл әдеттегі қағаз билеттің электрондық түрі болып табылады.
Әуежайда тіркелуі және ұшаққа отырғызылуы үшін жолаушының жанында жеке куәлігі (төлқұжат-паспорт) ғана болса жеткілікті. Электрондық билет әуежайдың мәліметтер базасында сақталып қойылған.
Біз жолаушыларымызға электрондық билеттің нөмірі көрсетілген сапар түбіртегін
(Itinerary Receipt — ITR) қағазға түсірілген күйінде жандарында ұстауға кеңес береміз. Сапар түбіртегі билет құны және көшірмесі төленген соң сіздің email-ңізге жіберіледі және сіздің электрондық билет сатып алғандығыңыздың дәлелі болып табылады. Сапар түбіртегі әуежайда рейске тіркелу кезінде, шекаралық, кедендік және басқа да тексерулер кезінде қажет болуы мүмкін. Сапар түбіртегі, сондай-ақ, ұшып шығу, ұшып келу немесе отыру уақыттарын ұмытпауға көмектеседі.