Егер сіз ұшаққа билетті брондауды қаласаңыз, төмендегілерді таңдаңыз:
- Ұшу сапарының түрі (бір жаққа, екі жаққа, көп сегментті).
- Ұшып шығатын және ұшып келетін қала.
- Сапардың күні.
- Жолаушылардың саны.
- «Іздеуді» басыңыз.
Ұсынылған рейстер арасында өзіңізге ыңғайлы нұсқаны таңдаңыз да, «Таңдау» батырмасын басыңыз. Содан кейін барлық жолаушылардың деректерін көрсетіп,
авиабилет ақысын төлеуге көшіңіз.
Құрылған тапсырысты сіз
«Менің билетім» — «Mенің тапсырыстарым» — «Авиабилеттер»
бөлімінде қарай аласыз. Біз сіздің тапсырысыңыз туралы ақпараты бар хатты сіздің email-ға жібереміз.
Билетті сатып алуды растау — электронды билеттің нөмірі көрсетілген бағдар түбіртегі болып табылады — ол сіздің email-ға жіберіледі. Сіз сондай- ақ,
«Менің билетім» бөлімінен бағдар түбіртегінің электронды нұсқасын жүктеп алуыңызға болады.
«Менің билетім» бөліміндегі тапсырыс мәртебесі «Төленді және жазылды» деп өзгертіледі.