Көпшілік әуе компаниялары өз ұшақтарында тек мысықтар мен күшіктерді ғана алып өтуге рұқсат етеді. Көлеміне байланысты жануар салынған контейнер жолаушы салонында немесе ұшақтың жүк бөлімінде тасымалданады.
Егер сіз саяхатқа өзіңізбен бірге жануарды алып жүруді жоспарлаған болсаңыз, бұл туралы авиабилетті броньдаған соң, бірақ төлемін жасамас бұрын біздің Клиенттерге қамқор көрсету қызметіне міндетті түрде хабарлаңыз. Біз әуе компаниясының өкілдерімен хабарласып, әуе тасымалдаушысының аталмыш рейсте жануар алып жүруге рұқсат ететін, етпейтінін, егер рұқсат беретін болса, қандай шартпен беретіндігін нақтылайтын боламыз.
Әуе жайында тіркеуден өту және кедендік бақылаудан өту кезінде сіздің қолыңызда сіздің ұшып шыққан, бара жатқан және транзит жасайтын елдеріңіздің заңнамасында көрсетілген ветеринарлық және басқа да қажетті құжаттар болуы тиіс. Қажетті құжаттар тізімін нақтылап алу үшін өзіңізді қызықтыратын елдің консульдігіне хабарласуға кеңес береміз.
Ерекше күтімді қажет ететін жолаушылардың жолсерік иттері ұшақ салонында тұмсыққап кигізілген және байлаулы күйде ұшақ салонында тасымалданатын болады. Ол үшін қосымша ақы алынбайды. Ит иесінің қолында иттің арнайы дайындықтан өткендігін растайтын құжат болуы тиіс.
Әуе компаниясы ұшақ салонында жануар тасымалдау мүмкіндігін алдын ала келісіп алмаған жолаушыны ұшаққа отырғызудан бас тартуға құқылы.