Әуе рейсіне отырғызу ұшақтың ұшуына 40 минут қалғанда басталады.
Отырғызуға кешігіп қалған жолаушы ұшуға жіберілмейді. Сіздің рейсіңізге отырғызу басталғандығы туралы хабарламаны байқамай қалмау үшін әуежайда тіркелуден өтіп жатқанда ауызша және жазбаша түрде берілген хабарландыруларға мұқият көңіл бөліңіз. Отырғызу туралы хабарламаны ести/көре салысымен отырғызу талоныңызда көрсетілген шығу есігіне (гейтке) қарай өтіңіз.
Мынадай жағдайларда әуе тасымалдаушысы тасымал жасаудан бас тартуға құқылы:- жолаушы тасымалдаушы тарапынан белгіленген ережелер мен нұсқаулықтарды орындаудан бас тартқан жағдайда;
- басқа жолаушыларға немесе меншіктерге қауіп төндіретін жолаушыларды;
- спирттік ішімдіктер мен есірткіге мас халіндегі жолаушыларды;
- іс-әрекеттері әуе транспортын пайдалану ережелерінің талаптарына қайшы келетін жолаушыларды.