Егер әуе тасымалдаушысы бір немесе бірнеше рейсті жолаушының маршрутынан алып тастаған болса, жолаушының тіркелу кезінде көрсеткен электрондық адресіне енгізілген өзгерістер жөніндегі ақпарат жолданып, балама рейс (егер ол қолжетімді болатын болса) немесе әуе компаниясы тарапынан қарастырылған рейс ұсынылатын болады.
Жолаушы ұсынылған балама рейспен ұшуға келісім беруге немесе ұшудан бас тартуға ерікті.
Балама рейспен ұшуға келісетіндігін хабарлау үшін, «Менің билетім» — «Әуе билеттері» — «Бронь №» — «Тапсырысты түзету» — «Маршрутын/күнін өзгерту» бөліміне кіріңіз. Ұсынылған рейс парақшада көрсетілетін болады. «Растау» терезесін басыңыз. Сіздің электрондық адресіңізге жаңа сапар түбіртегі жолданатын болады.
Егер балама ұсыныс сізге ыңғайсыз болса және сіз ұшудан бас тартқыңыз келсе, «Менің билетім» — «Әуе билеттері» — «Брон №» — «Тапсырысты түзету» — «Қайтаруға сұраныс» бөліміне кіріп, билетті қайтаруға сұраныс құру қажет.