ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті енді барлық қазақстандықтарға цифрлық жеке куәлікті Қазақстан Республикасының барлық әуежайларындағы ішкі тұрақты рейстерде пайдалана алатынын хабарлайды.
Бұл қалай жұмыс істейді?
- EGov Mobile қосымшасын жүктеп алыңыз.
- "Цифрлық құжаттар" қызметіне кіріңіз
- Тізімнен жеке куәлікті таңдаңыз
- Рейске тіркелу кезінде QR кодын көрсетіңіз.