Ақысын төлеп қойған немесе броньдаған билеттеріңізге, егер олар тек қана сол әуе компаниясының рейстеріне алынған жағдайда ғана, өзгерістер енгізе аласыз. Билеттің күні мен бағытына өзгеріс енгізу үшін сұранысты қалай рәсімдеуге болады:
- «Менің билетім» — «Әуебилеттері» — «Брон №» — «Тапсырыстың өңдеуі» — «күнін/бағытын өзгерту» бөліміне кіріңіз;
- Тиісті жолақтардағы қалаған күнді және/немесе жаңа ұшып шығу/ұшып келу мақсаттық бағыт нүктесін белгілеңіз;
- «Түсініктемелер» өрісіне өзіңізге қолайлы уақытты көрсетуіңізге болады;
- «СҰРАНЫСТЫ ЖОЛДАУ» терезесін басыңыз;
- Тиісті есептеулердің нәтижесін алған соң, өзгерістердің құнын төлеңіз.
Сіздің сұранысыңыз алынып, өңделіп біткен соң біздің операторларымыз сізді енгізілген өзгерістердің шарттары мен бағасы жайында хабардар етеді.
Өзгерістер төлем жасалғандығы расталған соң енгізіледі. Өзгерістер енгізілгендігі туралы хабар сатып алушының электрондық адресіне жолданатын болады.