Өсімдіктерді, өсімдік шикізаттары мен өсімдік негізді өнімдерді импорттау, экспорттау және ұшақ арқылы тасымалдауға қойылатын бірнеше шектеу түрлері бар. Ұшып шығатын, баратын және транзит жасайтын елдердің консульдықтарына немесе фитобақылау Қызметтеріне хабарласып, аталмыш елдердің заңнамаларында қандай құжаттар қарастырылғандығын анықтап, біліп алуға кеңес береміз.
Егер өзіңізбен бірге өсімдіктер, тұқымдар, көшеттер, өсімдік шикізаттарын және т.б. алып ұшуға жоспарлаған болсаңыз, әуе билетін броньдаған соң, бірақ төлемін жасамас бұрын біздің Клиенттерге қамқор көрсету қызметіне міндетті түрде хабарлаңыз. Біз әуе компаниясының өкілдерімен хабарласып, мұның сіз таңдаған рейсте мүмкін не мүмкін еместігін анықтайтын боламыз.