Егер электрондық билетті отырғызу талонына ауыстырып қойған болсаңыз, қайтаруды тек билет кассасы арқылы жүзеге асыра аласыз.
Қазақстан аумағында қайтару
Билетін қайтару үшін «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының билет кассаларына жүгінген жолаушылар
өтініш жазып, оған жол жүру құжатын (билетін) және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса беруі қажет.
Сондай-ақ құжаттарды «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының мына аймақтық филиалдарының біреуіне жіберуге болады:
- «Солтүстік» аймақтық филиалы (Астана қ., Гете к-сі, 11/1);
- «Оңтүстік» аймақтық филиалы (Алматы қ., Тобаяқов к-сі, 2/1);
- «Батыс» АФ (Ақтөбе қ., Станция к-сі,11).
Тиесілі ақша қаражатын алу үшін топқа алынған жол жүру құжаттарын (билеттер) қайтару туралы өтініштер өтініш беру тәртібімен «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамына жіберіледі: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 6.
Шетелде кассаға қайтару
Егер жолаушы ТМД елдерінің бірінде, Литвада, Латвияда немесе Эстонияда болса, билетті қайтару үшін сол елдің теміржол кассасына жүгіну қажет. Кассир орынның қайтарылуын орындайды да, сізге қосалқы құжат береді. Қазақстанға оралған соң «Жолаушылар тасымалы» АҚ ең жақын кассасына жүгініп, үглгіге сәйкес арыз толтырып, өзге мемлекетте берілген, орын қайтарылуын растайтын құжатты тіркеу қажет.
Ақшалай қаражат тек Қазақстан Республикасы аумағында қайтарыла алады.
Электрондық билет немесе тапсырыс бланкі бойынша қайтаруды шет елдегі кассаларда рәсімдеу мүмкін емес.
«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес:
- Кiнә қою ол алынған күннен бастап бiр ай мерзiмде қаралуға тиiс (1 т., 91 бап);
- Тасымалдаушыға тасымалдаудан туындайтын талап қою ол кiнә қоюды қанағаттандырудан толық не iшiнара бас тартқан жағдайда немесе тасымалдаушыдан қойылған кiнәға оны қарау мерзімі өткен соң жауап алынбаған жағдайда жасалуы мүмкiн. Жүк, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау шарты бойынша талап қою мерзiмi - бiр жыл, жолаушыны, багажды, жүк-багажды тасымалдау шарты бойынша - алты ай (93 бап).
Назар аударыңыз!
- ҚТЖ шектеулеріне байланысты, тоқтатылған пойыздар үшін темір жол билеттерінің толық құнын қайтару тек кассаларда ғана мүмкін болады «Жолаушылар тасымалы» АҚ. Билеттерді онлайн қайтару кезінде қайтару сомасы комиссияны ескере отырып есептеледі.
- Қаражат қайтару туралы шешімді тасымалдаушы қабылдайды: оң шешім қабылданған жағдайда ақшалай қаражат төменде көрсетілген міерзім ішінде қайтарылады, теріс шешім қабылданған жағдайда дәлелді түрде бас тарту туралы хат аласыз.
- Егер тапсырыстың бір бөлігі бонустармен төленген болса, қайтарылатын сома көрсетілгеннен кем болады, өйткені бонус үшін ақша баламасы қайтарылмайды.
- Төтенше жағдай режимі кезінде коронавирус пандемиясына байланысты темір жол билеттерінің ақшасын ұстап қалмай, айыппұлсыз толық көлемде қайтару туралы шешім қабылданды.
Ақша қаражатын алу мерзімдері
Билетті қайтару кезінде:
- Поезд жөнелтілгенге дейін 1 сағаттан кешіктірмей - жолаушыдан билет кассасында берілген орынды қайтару туралы түбіртекті алғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде төлеушінің картасына қайтару.
- Поезд жөнелтілгенге дейін 1 сағаттан кем - жолаушының өтініші бойынша кінәрат-талап тәртібімен 30 күнтізбелік күнге дейін қайтару.
Көрсетілген кезеңде (2020ж. 16.03.– 2020ж.11.05.) сатып алынған темір жол билеттерін жолаушы 6 ай ішінде қайтара алады.
Т/ж билеті үшін қайтару сомасын есептеу туралы толығырақ біліңіз.
Т/ж билеті үшін қайтару сомасын есептеу туралы толығырақ біліңіз.