Сайтта қалай тіркелуге болады?
Сілтеме бойынша өтіп, ашылған терезеде «Тіркелу» қосымша парағын таңдаңыз. Тіркелудің екі тәсілі бар:
- Әлеуметтік желі арқылы. Тіркелу үшін қолжетімді әлеум. желіні таңдаңыз, аккаунтыңыздың логинін және құпиясөзді енгізгеннен кейін біздің сайтта автоматты түрде тіркелетін боласыз.
- Нысан жолдарын толтырыңыз: атыңызды, тегіңізді, email, телефон нөміріңізді және де қалаған құпиясөзді енгізіңіз.
Алғашқы тапсырыс жасаған кезде, тіркелу автоматты түрде жүретіндігіне назар аударуыңызды өтінеміз. Есептік жазбаңыздың логины мен құпиясөзі тапсырыста көрсетілген email-ға жіберілетін болады.
Сайтта қалай авторизациядан өту керек?
Егер сіздің Tickets.kz сайтында аккаунтыңыз болса,
сілтеме бойынша өтіңіз де ашылған терезеден «Кіру» қосымша парағын таңдаңыз. Авторизациядан өтудің екі тәсілі бар:
- Әлеуметтік желі арқылы. Егер сіз тіркелудің немесе тапсырыс жасаудың осы тәсілін пайдаланған болсаңыз, тиісті әлеум.желінің батырмасын басыңыз.
- СМС жіберу арқылы құпия сөзді жаңарта аласыз. Сізге сіздің тіркеу жазбаңызға тіркелген телефон нөмірін жазыңыз, сізге осы нөмірге растау коды келеді.
- Сайтта өзіңіздің email мен есептік жазбаңыздың паролін енгізіңіз (бұл ақпарат бірінші рет тіркелген кезде немесе бірінші тапсырысты жасағанда көрсетілген email -ге жіберіледі).
Егер сізде тіркелуде/авторизациядан өтуде қиындықтар туындаса,
Авторизациядан өту проблемалары мақаласын оқыңыз.