Промокодтар

Промокод деген не?

Промокод — бұл тапсырысты төлеген кезде жеңілдік алу үшін қолданылуы мүмкін бірегей 10-мәнді әріптік-сандық код. 
  • Көптік промокод жеңілдікті бірнеше рет алуға мүмкіндік береді, егер науқан шарттарында/хатта немесе промокодты клиентке тапсыру кезінде өзге ескертулер болмаса. 
  • Бірлікті промокод жеңілдікті тек бір рет ғана алуға және пайдалануға мүмкіндік береді.

Промокодты қалай алуға болады?

Сіз промокодты біздің сайтта өткізілетін науқандарға немесе белсенділіктерге қатыса отырып, ала аласыз. Мұндай жағдайда промокод сіздің email мекенжайыңызға жіберіледі. Промокодпен бірге промокод бойынша берілетін жеңілдік сомасы, оны қолдануға болатын қызмет, сонымен қатар промокодтың әрекет ету мерзімі туралы ақпарат жіберіледі.

Сондай-ақ, промокодтар біздің әлеуметтік желілерде жарияланады.

Промокодты қалай пайдалану керек?

10-таңбалы промокодты көрсетілетін қызметті броньдау кезінде арнайы жиекке енгізіңіз. Егер промокод дұрыс енгізілсе, жиек шетінде жасыл қанат белгісі пайда болады, ал тапсырыстың құны промокод номиналына кемиді.

Егер промокодтың сомасы қызмет сомасынан асса, онда тапсырыс бағасының 99% шегеріледі, ал промокод сомасының қалғаны қайта пайдалану үшін жарамсыз болып қалады.

Назар аударыңыз! Максималды шегерім кезінде Сатып алушы авиабилетті 2000 теңгеге сатып алуы мүмкін.

Промо-кодты пайдалану арқылы төленген билетті / қызметті қайтару немесе күшін жою кезінде промо-кодтың құнына тең ақша қаражаты қайтарылмайды.

Маңызды!
Промокодты ақшаға айырбастай алмайсыз. Промокодты пайдалану оның иесі үшін міндетті шарт болып табылмайды.

* Егер техникалық себептер бойынша (Сайт, деректер тарату арналарының жұмысындағы ақаулар және т.б.) тапсырысты төлеген кезде промокод ескерілмесе, онда ақшалай қаражат қайтарылмайды. Компания жаңа промокод бермеуге құқылы.

Қандай жағдайларда промокодты пайдалануға болмайды?

  • Метаіздестіру жүйесі* сілтемесі бойынша  ауысқан соң билет сатып алу кезінде.
  • «Аэрофлот»,«S7» авиакомпаниясының және лоукост-тасымалдаушылардың билеттерін сатып алу кезінде.
  • Мобильді қосымшада сатып алынған авиабилеттерді төлеу үшін.
*Метаіздестіру жүйелері — көптеген агенттіктер мен авиакомпниялардан авиабилет ұсыныстарын жинаушы сайттар.

Промокодтың әрекет ету мерзімі

Промокодтың әрекет ету мерзімі хатта немесе әлеуметтік желілерде жарияланғанда көрсетіледі. Әрекет ету мерзімі аяқталған соң промодты пайдалануға болмайды. 

Бонустар есептеу

Промокодты пайдалана отырып:
  • сіз тапсырыс құнынан 1% мөлшерінде Tickets-бонус аласыз;
  • сатып алған тауарды бонустармен төлеуге болмайды.