Кейбір елдерге ұшу кезінде әуе компаниясы бұл елдердің үкіметіне өз жолаушылары жайында қосымша ақпаратты ұсынуға міндетті.
Дәл сондықтан біз кейбір бағыттарға әуе билеттерді брондау кезінде біздің пайдаланушылардан қажетті құжаттардың скан-көшірмелерін сұратамыз.
АҚШ, Қытай қалаларына ұшу сапарлары кезінде, авиакомпаниялар ол елдердің үкіметтеріне өз жолаушылары туралы қосымша ақпарат ұсынуға міндетті.
Әуе билеті броньдалғаннан кейін біздің Клиенттерге қамқор көрсету қызметі сізге email арқылы броньдауға қосымша енгізу қажет болатын деректердің тізбесін жібереді.
Броньдауға визалық және басқа деректерді қалай үстеу керек?
Броньдауға визалық деректерді қосу үшін,
«Менің билетім» — «Әуе билеті» — «Бронь №» — «Тапсырысты түзету» — «Визалық деректерді қосу» бөліміне кіріңіз. Толығырақ
сілтеме бойынша.
АҚШ-қа ұшып бару/ұшып келу үшін төмендегілерді көрсетуіңізді сұраймыз:
- Кіру визасы туралы ақпарат (визаның нөмірі, ол берілген қала, берілген күні, аумағында виза қолданылатын ел).
- Green Card деректері (болған жағдайда).
- Паспорт деректері
- Сіздің АҚШ аумағында нақты тұратын мекенжайыңыз, АҚШ аумағында уақытша болатын мекенжайыңыз, елде алғаш түнейтін мекенжайыңыз (көше, үйдің, пәтердің нөмірі, қала, штат, индекс).
Егер сіз АҚШ ұшып баратын авиабилетті тек бір жаққа сатып алған болсаңыз – сізге Green Card деректерін немесе оның алдында сатып алынған кері қарай ұшу билеті туралы ақпаратты, АҚШ визасының басқа түрінің деректерін, сіздің АҚШ аумағында нақты тұратын мекенжайыңызды көрсету қажет.
Қытайға сапар шегу үшін, брондауға виза туралы ақпаратты енгізуіңізді сұраймыз.
- Виза туралы ақпарат (визаның нөмірі, ол берілген қала, берілген күні).
- Жолаушының туылған жылы.
- Баратын елде нақты орналасу орнының мекенжайы (көше, үйдің, пәтердің №, қала индекс)
Егер сіз Тибетке (Қытай) баратын болсаңыз, визадан басқа, сізге ҚХР Елшілігінде күні бұрын алынған аймаққа кіруге рұқсат қажет болады.
Бірқатар елдер арқылы транзиттік рейстер үшін, жолаушыда сол елдердің транзиттік (немесе басқа) визасы болуы тиіс. Толық ақпарат сұрау үшін, тиісті елдердің консулдықтарына хабарласуыңызды өтінеміз.
Назар аударыңыз!- Броньдауға талап етілетін деректерді ұшып шығуға дейін 72 сағат қалғаннан кешіктірмей енгізуіңізді сұраймыз. Егер сіз билетті ұшып шығуға дейін 72 сағаттан кеш броньдайтын болсаңыз, өз деректеріңізді Клиенттерге қамқор көрсету қызметінің операторына хабарлаңыз.
- Егер талап етілетін ақпарат сізге ұшу сапарына дейін беймәлім болса, тіркеуден және төлқұжаттық бақылаудан өту қиындауы немесе мүмкін болмауы ықтимал.
- Егер біз сіздің билетіңізді қосымша деректерді міндетті енгізусіз жазып бере алмайтын болсақ, біз сіздің броньдау кезінде көрсеткен байланыс деректеріңізді пайдаланып, сізге хабарласамыз. Егер сіз міндетті деректерді ұсынудан бас тартатын болсаңыз, сіздің брондауыңыздың күші жойылады. Қаражаттарды қайтару тариф ережелеріне сәйкес ресімделетін болады.
- Сіз шекараларды кесіп өту ережелерін сақтау үшін, визалар мен сапар үшін қажет басқа құжаттарды дұрыс ресімдеу үшін жауапкершілік көтересіз. Сіздің төлқұжатыңыздың және басқа құжаттарыңыздың қолданылу мерзімі қабылдаушы елдердің талаптарына сәйкес келетін болуға тиіс.
Қосымша деректердің тізбесі туралы ақпарат анықтамалық сипатқа ие. Ақпаратты нақтылау үшін, тиісті органдарға жүгінуіңізді сұраймыз.