«Аэроэкспресс» компаниясы теміржол хабарламасын Мәскеу мен Мәскеулік авиациялық тораптары арасында жүргізеді (Внуково, Домодедово және Шереметьево). Алайда астанаың негізгі автомагистралдарына өте көп жұмыс тиелгендіктен, теміржол транспортықала орталығынан жедел және уақытында аэропортқа дейін жетуге керемет әдіс болып табылады.
«Аэроэкспресс» пойыздары мәскеу метрополитені желісінің Кольцевая стансасының жанындағы теміржол терминалдарынан жүреді. Внуково және Шереметьево әуежайларына дейін жолға кететін уақыт – шамамен 35 минутты, Домодедовоға дейін – шамамен 45 минутты құрайды.
Аэропортқа пойыздар:- Павел вокзалынан – Домодедово аэропортына;
- Белорус вокзалынан – Шереметьево аэропортына;
- Киев вокзалынан – Внуково аэропортына.
Аэропорттан пойызға:- Домодедово аэропортынан – Павел вокзалына;
- Шереметьево аэропортынан – Белорус вокзалына;
- Внуково аэропортынан – Киев вокзалына.
Билетке қалай тапсырыс береді?
Егер Мәскеу сіздің бағытыңыздың басты және соңғы бекетіңіз болып табылса, Тапсырысты жасау кезінде жүйе автоматты түрде «Аэроэкспресс» пойызына қажетті билетті таңдап береді,.
«Стандартты» тарифтегі билеттер, поезд шыққанға дейін немесе алдын ала, бірақ саяхатдың болжамды күнінен 90 күннен бұрын емес, сатып алынуы мүмкін. Жол жүруден үш немесе одан да көп күн бұрын билеттерді сатып алған кезде, олардың құны төмен болады.
«Стандарт» тарифіне сәйкес жолаушы арнайы орынмен қамтамасыз етілмейді. Бос орын болмаған жағдайда тұрып саяхаттауға рұқсат етіледі.
Билеттің жарамдылығы — сатып алған кезде көрсетілген күннен бастап 30 күн.
Билетті қалай пайдалану керек?
Кешенді қызметтің ақысын сәтті төлеп болған соң, сіз тіркеу кезінде көрсеткен электрондық поштаға QR-коды бар электрондық билет жіберіледі. Оны басып шығарыңыз және «Аэроэкспресс» турникеттері арқылы өткен кезде оқитын құрылғыға QR-код қосып салыңыз. .
МАҢЫЗДЫ! Билетті тікелей сіздің браузеріңізден басып шығару қажет. Электрондық билетті басып шығаруға жіберген кезде, мына талаптарды орындау қажет: әдепкі қалпы бойынша орнатылған басып шығару баптауларын ауыстырмау (басып шығару сапасын, беттің масштабын және суреттің өлшемдерін); бағыт түбіртегінде орнатылған QR-код жақсы басылып шығуы және оқылуы тиіс, онда қандай да бір ақаулықтарға жол берілмейді. Осы талаптарды орындамаған жағдайда, билет жарамсыз деп есептеледі.
Билетті қалай қайтаруға болады?
Әүе+«Аэроэкспресс» кешенді қызметінің күшін жою екі кезеңнен тұрады –
авиабилеттің күшін жою және «Аэроэкспресс»-ке билеттің күшін жою. Сіз тек «Аэроэкспресс» пойызына ғана билеттің күшін жоя аласыз, бұл ретте авиабилеттің күші жойылмайды.
«Аэроэкспресс» билетін қайтару үшін, мыналарды орындау қажет:- Tickets.kz сайтында авторлану
- «Менің билетім» бөліміне кіріп, «Аэроэкспресс» қосымша парағын таңдау және керекті бронды ашу.
- «Күшін жоюға сұраным» батырмасын басу.
- Қайтарылатын сомамен келісу.
Қаражат 3-5 банк күні ішінде Сіз тапсырыс жасаған картаға қайтарылатын болады.
Назар аударыңыз! Билетті жүру сапарының алдындағы күні 23:59 дейін қайтаруға болады. «Аэроэкспресс» пойызының билеттерінің күшін жойған кезде, оның толық құны қайтарылуы тиіс (150 KZT мөлшеріндегі агенттіктің сервистік жиынынан басқа, сондай-ақ билетке төлеу кезінде төлем жүйесінің банк ұстап қалатын үстеме бағасынан бөлек).
Егер авибилетпен бірге «Аэроэкспресс» пойызына билет рәсімделген болса, теміржол билетіне өзгерістер енгізілгені үшін 150 KZT мөлшерде агенттіктің сервистік жиыны ұсталады.