Tickets.kz. сайтында жеке кабинетте билетті қайтаруды ресімдегеннен келесі жағдайлар орын алады:
- Өтінім есеп айырысу үшін тиісті бөлімге жіберіледі.
- Бөлім маманы қайтару сомасын растайды.
- Біз Сіздің электронды поштаңызға қайтару сомасы туралы хабарлама жібереміз.
- Сіз қайтаруға келісіміңізді растайсыз.
- Қаражат Сіздің шотыңызға 10 жұмыс күні ішінде немесе банк белгілеген басқа мерзім ішінде қайтарылады.
Егер сіз қайтару сомасымен келіскеніңізді растамасаңыз, броньдау жарамды болып қалады.