1.
ШАРТ КІРІСПЕСІ
2.
ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
3.
ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ
3.1. Шарттың мәні.
3.2. Шарттың толықтығы.
3.3. Шартты қабылдау.
3.4. Шарт талаптарын өзгерту.
3.5. Шарттың тілі және Сайттың тілі.
3.6. Агенттіктің Қызметтерді және Қосымша қызметтерді көрсету негіздемелері.
4.
САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛАПТАРЫ
5.
САЙТТА ТІРКЕЛУ
6.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР: БРОНЬДАУ, САТЫП АЛУ. ТӨЛЕМАҚЫ ТӘРТІБІ
6.1. Жалпы ережелер. Броньдау
6.2. Жалпы ережелер. Төлем
6.3. Жалпы ережелер. Қайтару
7.
«ӘУЕ БИЛЕТТЕРІ» САЙТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
7.1. Әуе билеттері сервисі. Жалпы талаптар.
7.2. Әуе билеттері сервисі. Брондау.
7.3. Әуе билеттері сервисі. Құны. Төлемақы және ресімдеу тәртібі.
7.4. Әуе билеттері сервисі. Әуе билеттерін жою, қайтару және өзгерту.
7.5. Әуе билеттерінің сервисі. Сегмент бойынша жазып алынған әуе билеттерінің ерекшеліктері және мультитарифтер.
7.6. Әуе билеттері сервисі. Лоу-кост Тасымалдаушылардың (бюджеттік әуе компанияларының) әуе билеттерінің ерекшеліктері:
8.
«ТЕМІР ЖОЛ БИЛЕТТЕРІ» САЙТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
8.2. Темір жол билеттері сервисі. Пойыз, вагон таңдау және брондау орны
8.3. Темір жол билеттері сервисі. ҚТЖ тасымалы үшін Теміржол билетін рәсімдеу.
8.4. Темір жол билеттері сервисі. ҚТЖ тасымалындағы Теміржол билетін сатып алу кезінде Тапсырысқа төлем жасау.
8.5. Темір жол билеттері сервисі. ҚТЖ тасымалдауы Теміржол билетін қайтару тәртібі.
8.6. Темір жол билеттері сервисі. «Электронды тіркеусіз» типті Теміржол билетіне қайтарылатын ақша қаражатының қайтарылу тәртібі:
8.7. Темір жол билеттері сервисі. Кәмелетке толмаған Жолаушылардың жүру тәртібі мен ережелері.
8.8. Темір жол билеттері. Агенттіктің «Аэроэкспресс» пойызына билеттер» қосымша қызметінің ерекшеліктері. Жалпы ережелері.
8.9. Темір жол билеттері. Агенттіктің «Аэроэкспресс» пойызына билеттер» қосымша қызметінің ерекшеліктері. «Аэроэкспресс» пойызының Теміржол билетін қайтару және өзгерістер енгізу.
8.10. Темір жол билеттері. Агенттіктің «Аэроэкспресс» пойызына билеттер» қосымша қызметінің ерекшеліктері. Жануарларды және багаж тасымалдау ережелері.
8.11. Темір жол билеттері. Агенттіктің «Аэроэкспресс» пойызына билеттер» қосымша қызметінің ерекшеліктері. «Аэроэкспресс» пойыздарында Жолаушыларды тасымалдау ережелері.
8.12. Темір жол билеттері. Агенттіктің «Аэроэкспресс» пойызына билеттер» қосымша қызметінің ерекшеліктері. «Аэроэкспресс» пойызының Теміржол билетін қайтару тәртібі:
9.
САЙТЫНЫҢ ҚОСЫМША ҚЫЗМЕТТЕРІ КӨРСЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. «САҚТАНДЫРУ» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚОСЫМША ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. 9.1. Сақтандыру сервисі. Жалпы ережелер.
9.2. Сақтандыру сервисі. Брондау.
9.3. Сақтандыру сервисі. Тапсырысты рәсімдеу және төлеу.
9.4. Сақтандыру сервисі. Сақтандыру полисін жою және өзгерту.
10.
ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ
11.
ЕҢСЕРУГЕ КЕЛМЕЙТІН КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ
12.
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ (КОНФИДЕНЦИАЛДЫЛЫҚ САЯСАТЫ)
13.
ТӨЛЕМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІК СТАНДАРТТАРЫ ЖӘНЕ АНТИФРОД-ТЕКСЕРУ
14.
ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫН ПАЙДАЛАНУ
15.
НИЕТТЕСТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
16.
ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ҚҰҚЫҒЫ МЕН ТӘРТІБІ
17.
АГЕНТТІКПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ТОҚТАТУ
18.
ЖАЛПЫ ЕСКЕРТУЛЕР
1. ШАРТ КІРІСПЕСІ
Осы Сайтты пайдаланбас бұрын, Агенттігі Сізден осы жария оферта шартында (бұдан әрі «Шарт») баяндалған талаптармен мұқият танысуды сұрайды. Осы Шарт Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 396 баптың 3 тармағы бойынша жария оферта шарттын болып жасайды. Шартта Сайтты пайдалануға қатысты маңызды ақпарат және осы Сайттың көмегімен алуға болатын Қызметтерді көрсету туралы маңызды ақпарат пен ескертулер көрсетілген. Сіз Сайтты әрбір қолданар алдында осы Шартпен дербес танысуға міндеттенесіз.
Сіз Шартта баяндалған талаптарымен келіспейтін болсаңыз, сіз Сайтты пайдаланбауыңыз тиіс және одан бірден шығуыңыз тиіс.
Сайтқа әрбір кірген сайын сізге пайдаланушының бірегей идентификаторы беріледі (Сайттың төменгі жағында сізге ыңғайлы болу үшін құрылған), сіз оны Қолдау көрсету қызметімен хабарласқан кезде қолдана аласыз.
Сізде осы Сайтты пайдалануға қатысты мәселелер туындаған жағдайда, Қолдау көрсету қызметіне жүгінуді сұраймыз:
Телефоны: +7 727 364 50 00, 350 87 86 (08.00 – 22.00, төлемақы операторлардың тарифтеріне сәйкес)
Әуе билеттер жою/қайтару/өзгерту туралы сүрақтар бойнша:
helpdesk@tickets.kz Даулы мәселелер, талаптар бойынша:
feedback@tickets.kz Төлем туралы бойынша:
payments@tickets.kz Темір жолы билеттер туралы бойынша:
railway@tickets.kz Басқа сұрақтар бойынша:
info@tickets.kz Онлайн чат
http://ticketstravelnetwork.com/chat/rooms/kk/tickets.kz
2. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
2.1.«Агенттік», «біз» - «ТИКЕТС КЗ» жауапкершілігі шектеулі серікетстігі, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 17/1, «Нұрлы-Тау» ПФО, 5Б блогы, 23 қабат; бизнес сәйкестендіру нөмірі: БСН 150440006398, ҚҚС қою туралы күәлік сериясы 60001 №1191625 19 желтоқсан 2016 жылы берілген, IATA коды 65321723, лицензиялар мен сертификтаттар туралы ақпарат мына
сілтеме бойынша орналасқан - Сайтқа қызмет көрсететін, Сайттың құқығына ие және осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттемелер жүктелген компания.
«Агенттік» бірге немесе жеке-жеке осы Шарт бойынша қызметтерді көрсетуге құқығы бар және клиенттерден көрсетілген қызметтер үшін төлемдерді алуға уәкілетті келесі әріптес компанияларды немесе басқа да үлестес тұлғаларды білдіруі мүмкін:
(i) «TTN Eesti OU» компаниясы, орналасқан жері:
Джое көшесі 3-302, Таллин, Эстония, 10151, сәйкестендіру нөмірі: 14038986, IATA коды 63320611, лицензиялар туралы ақпарат пен сертификаттар мына
сілтеме бойынша орналасқан.
2.2. «Сіз», «Клиент», «Пайдаланушы», «Сатып алушы», «Жолаушы» - Сайтты пайдаланатын және/немесе осы Шартта көрсетілген талаптарға сәйкес Броньдауды жүзеге асыратын және осы Шарттың және/немесе сәйкес Қызметтерді көрсетушімен/ Тасымалдаушымен жасалған Қызметтерді көрсету туралы шарттың бір тарапы болып табылатын жеке тұлға. Пайдаланушы Сатып алушы, Жолаушы немесе Клиент те болуы мүмкін.
2.3. «Сайт» - кез келген тұлғаның еркін көрнекі танысуына ашық, барлық парақшаларымен, субдомендерімен, сонымен қатар Сайт Сервистерінің субдомен сайттарымен бірге:және бағдарламалық жасақтамамен бірге tickets.kz/avia, tickets.kz/gd, мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан Агенттікке тиесілі жария қол жетімді веб-сайт, оның көмегімен: Қызметтер/Қосымша қызметтері туралы ақпаратты көрсету, Шарт талаптарына сәйкес осы Сайтта қол жетімді болатын Броньдау жүйесі арқылы Броньдауға/Тапсырысты құруға техникалық мүмкіндіктерді ұсыну қамтамасыз етіледі;
2.4. «Офертаның акцепті» - келесі іс-әрекеттерді жасау арқылы Сайтты Пайдаланушының осы Шартты қабылдау туралы жауабы:
- осы Сайтты пайдалануды жалғастыру (Сайтқа кіру немесе қайталап кіру), және/немесе
- Сайтқа тіркелу/авторизациялау және/немесе
- Броньдауды немесе Қосымша Қызметтердің тапсырысын құру және/немесе
- Қолдау көрсету қызметіне сұрату жолдау
- және/немесе Сайтта пікір қалдыру және/немесе
- Сайтта көрсетілген электронды поштаға хабарлама жолдау.
Оферта акцепті Пайдаланушының Шартта көрсетілген талаптарды толық сөзсіз, бұлтарыссыз және қайсы бір өзгерістерсіз қабылдайтынын білдіреді. Оферта акцепті Шартта көрсетілген талаптарға сәйкес тараптар үшін құқықтық зардаптарды тудырады.
2.5. «Тапсырыс», «Брондау»,- Клиент дербес таңдаған қызметтердің Сайтта тиісті түрде құрылған сұратуы, ол таңдап алған қызметті нақты жеке тұлғаға (немесе тұлғаларға) тіркеуді қарастырады және оны Агенттік растап, қабылдайды. Клиенттен қызметтер үшін төлемақы жүргізгені туралы растауды алғаннан кейін, Агенттік Қызметтерді көрсетушіден/Тасымалдаушыдан Тапсырысты/Броньдауды орындай алатындығы туралы растауды алып, Агенттік Клиентке тиісті түрде бұны растағаннан кейін ғана Агенттік кез келген Тапсырыс/Броньдауды қабылдаған болып есептеледі. Тапсырыс құрылатын сәтте алдын ала төлемді немесе толық төлемді немесе растаудан кейін арнайы белгіленген мерзім ішінде төлем жүргізуді қарастыруы мүмкін. Төленбеген Тапсырыс оның белгілі бір уақыт кезеңіне ғана резервке сақталатынын және осы уақыт аралығында аталмыш Шарт талаптарын ескере отырып, Тапсырысты құрған Клиентке ғана сатыла алатындығын білдіреді. Төленбеген Тапсырыс/Броньдау төлемақы үшін белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін өз күшін жоғалтады. Броньдау мәртебесі «Менің билетім» бөлімінде анықталып, көрсетіледі.
2.6. «Сайттың сервистері» - Сайтта тапсырыс беру үшін қол жетімді қызметтер және мыналар қамтылған: Әуе билеттері, Темір жолы билеттері, Қонақ үйлері.
2.7. «Қызмет» - Қызметтерді көрсетуші/Тасымалдаушы қызметтердің ақысы төленгеннен кейін Клиент үшін көрсететін іс-әрекеттер кешені. Қызметтердің көлемі мен оларды көрсете бастау мерзімін Клиент Сайтта ұсынылған нұсқалардың бірінен Броньдауды құратын кезде дербес таңдайды. Осы Шарттың талаптарына сәйкес Қызметтерді көрсетушілер/Тасымалдаушылар Клиенттерге Тапсырыста көрсетілгеннен басқа кез келген өзге қызметтерді көрсетуге міндетті емес. Қызметтер мен Қосымша қызметтер бірге немесе жеке-жеке осы Шартта «қызметтер» деп қолданылуы (аталуы) мүмкін.
2.8. «Агенттіктің қосымша қызметтері» - тікелей Агенттік көрсететін іс-әрекеттер кешені және ол мыналарды қамтиды:
- Сайтта Пайдаланушылар үшін туристік қызметтер/бос уақытты өткізу қызметтері және басқа да Қызметтер туралы ақпаратты көрсету;
- Шарт талаптарына сәйкес Сайтта қол жетімді болатын Броньдау жүйесі арқылы Тапсырысты, Қызметтерді құрудың техникалық мүмкіндіктерін ұсыну;
- Қызметтерді сатып алатын кезде немесе Броньдауды қайтару/тоқтату сатысында қосымша мүмкіндіктерді ұсыну.
Агенттіктің Қосымша қызметтерінің көлемі мен құны Клиентке Броньдау кезінде немесе оны өзгертетін/ тоқтататын кезде және Сайттың әрбір жеке Сервисін пайдалану талаптарында хабарланады және төлем кезінде «Сервистік алым» немесе Қосымша Қызметтердің жеке құны ретінде көрсетілуі мүмкін. Қосымша қызметтер құнының төлемі Сатып алушы Қызметтердің тапсырысымен бірге төлеуге тиісті Қызметтер құнының құрамына енуі мүмкін немесе әрбір тапсырыс кезінде жеке-жеке көрсетілуі мүмкін.
2.9. «Электронды билет / бағыт-түбіртек», «электронды ваучер», «сақтандыру полисі», «билет», «әуе билеті» - электронды- құжат / бланк, бұл:
- Қызметтерді көрсетушінің/Тасымалдаушының жүйесінде және жаһандық броньдау жүйесінде сақталады;
- Қызметтер туралы деректердің толық жиынтығын қамтиды;
- Таңдап алған қызметке байланысты сатушының, Қызметтерді көрсетуші/Тасымалдаушы Агенттігінің, Сатып алушы мен Жолаушының сәйкестендіру деректерін көрсетуі мүмкін;
- Қызметтердің сатып алынғанын немесе олардың Броньдалғанын растайды;
- Құжатта көрсетілген тұлғалардың Қызметтерді пайдалану құқығын растайды;
- Қызметтерді көрсетушіні/Тасымалдаушыны Қызметтерді көрсетуге міндеттейді.
Бұндай электронды- құжатты Агенттік құрады немесе тікелей Қызметтерді жеткізуші/Тасымалдаушы құрады немесе ол электронды құжат көшірмесі түрінде Клиенттің электронды поштасына жіберіледі немесе жалпы ереже бойынша «Менің билетім» бөлімінде қол жетімді болады.
2.10. «Броньдау жүйесі» - Броньдау үшін және Сайтта сатып алу үшін қол жетімді болатын Қызметтердің толық тізімі туралы мәліметтерді (сонымен қатар: сапар кестесі, тасымалдау нормалары, көлік құралдарының санаттары мен сипаттамалары (көлік қызметтері үшін), көлік құралдарының түрлері туралы деректерді, бос орындардың бар-жоғы туралы, Тасымалдаушылар мен Қызметтерді көрсетушілердің тарифтері туралы, оларды қолдану қағидалары туралы деректерді) қамтитын ақпараттық жүйе. Броньдау жүйесіндегі ақпарат Сайтта олардың жаһандық броньдау жүйесінде (GDS), Қызметтерді көрсетушілердің/Тасымалдаушылардың немесе олардың уәкілетті өкілдерінің броньдау жүйелерінде қалай ұсынылғанына байланысты орналасады. Броньдау жүйесіндегі ақпарат кез келген уақытта өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін, осыған байланысты Клиентке Броньдау жүйесін «сол күйінде және қол жетімді түрде» режімінде пайдалану ұсынылады.
2.11. «Менің билетім» бөлімі - Тіркеу/авторизациялау рәсімінен өткен Пайдаланушылар үшін ғана қол жетімді болатын Сайттың жазық аймағы, ол мынадай бөлімдерді қамтиды:
- «Менің тапсырыстарым» - Сайтта құрылған барлық Тапсырыстар туралы ақпаратты қамтиды;
- «Сатып алушының деректері» - Сатып алушының деректерін сақтау мен редакциялауға арналған тетік;
- «Жолаушылардың деректері» - Жолаушылардың/Клиенттердің деректерін сақтауға /редакциялауға арналған тетік;
- «Менің бонустарым» - Сайтта Бонустық бағдарлама қағидасы қолданылатын болса, ағымдағы баланс пен бонустардың есептелу тарихы туралы ақпаратты қамтиды;
- «Есепке алу жазбаларын теңшеу» - Пайдаланушының дербес деректерін, сонымен қатар «Менің билетім» бөліміне кіретін парольді өзгертуге арналған тетік.
2.12. «Тасымалдаушы» - тікелей Қызметтерді сатушы ретінде әрекет ететін немесе Агенттікпен жасалған әріптестік/агенттік/субагенттік және өзге шарт талаптары бойынша жұмыс істейтін Сайтта Броньдау жүйесінің көмегімен таңдап алынған және/немесе төленген Жолаушыларды тасымалдау қызметтерін көрсететін компания (заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер).
2.13. «Қызметтерді көрсетуші» - тікелей Қызметтерді сатушы ретінде әрекет ететін немесе Сайтта қол жетімді туристік, рұқсат беруші және өзге Қызметтерді көрсететін немесе Агенттікпен жасалған әріптестік/агенттік/субагенттік және өзге шарт талаптары бойынша Қызмет көрсету жөніндегі делдал ретінде әрекет ететін компания (заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер).
2.14. «Лоу-кост Тасымалдаушы», «бюджеттік әуе компаниясы» - «Low-cost airline» ағылшын сөзінен. Қызметтерді көрсету және әуе билеттерін сату ережелері осындай лоу-кост Тасымалдаушылардың арнайы жұмыс талаптарымен реттеледі. Осындай лоу-кост Тасымалдаушылардың әуе билеттері бағасының төмен болуы, әдетте, классикалық әуе компаниялары ұсынатын жолаушыларға арналған дәстүрлі қызметтердің көрсетілмеуіне байланысты болады. Жолаушыларға бұндай қосымша қызметтер, әдетте, қосымша ақыға көрсетіледі. Жалпы ереже бойынша, лоу-кост Тасымалдаушылардан сатып алынған әуе билеттері қайтарылмайды.
2.15. «Қызметтерді көрсету ережелері» немесе «Тариф ережелері» - Қызметтерді көрсетушілердің/тасымалдаушылардың талаптары, осы талаптарға сәйкес қызметті броньдау, сатып алу, пайдалану, жою, өзгерту және/немесе қайтару жүзеге асырылады және аталмыш талаптар Пайдаланушының танысуына, мақұлдауына және орындауына міндетті болып табылады. Қызметтерді көрсету ережелерін Қызметтерді көрсетуші/Тасымалдаушы өз коммерциялық талаптарына сәйкес және тиісті заңнама талаптары мен осы Қызмет түріне қолданылуы мүмкін халықаралық ережелерге сәйкес белгілейді.
2.16. «Тариф» – белгiлi бiр маршрут бойынша жөнелту пунктiнен межелi пунктке дейiн бiр жолаушыны тасымалдағаны не багаждың немесе жүктiң салмақ немесе көлем бiрлiгiн тасымалдағаны үшiн авиакомпания өндiрiп алатын төлем.
2.17. «Төлем жүйесі» - төлем ұйымы, төлем жүйесіне қатысушылар және Сайтта сатып алуға қол жетімді қызметтер үшін Сатып алушыдан төлем жүйесінің операторы белгілеген рәсімдерді, инфрақұрылымды және ережелерді қолдану арқылы Агенттің/Тасымалдаушының/Қызметтерді көрсетушінің шотына қаражат аударуды жүзеге асыратын кезде олардың арасында туындайтын қарым-қатынас жиынтығы. «Төлем инфрақұрылымы қызметтерінің операторы» - клирингтік ұйым, процессингтік мекеме және төлем жүйесінде жекелеген қызмет түрлерін көрсетуге немесе Сайт арқылы сатып алынған қызметтер үшін Сатып алушының қаражатын аудару жөніндегі операциялық, ақпараттық және басқа да технологиялық міндеттерді жүзеге асыруға уәкілетті және қаражатты аударуға қажетті лицензиялары мен рұқсаттары бар және Агенттікпен, Қызметтерді көрсетушімен немесе Тасымалдаушымен шарт негізінде әрекет ететін өзге тұлғалар.
2.18. «Агенттіктің офистік жұмыс сағаттары» - Агенттіктің офистік жұмыс сағаттары: сенбіні, жексенбіні және мемлекеттік демалыс күндерін қоспағанда, Қолдау көрсету қызметінің қызметкерлерінен басқа Агенттік қызметкерлері өз еңбек міндеттерін атқаратын 9.00-20.00 сағат аралығы. Сіз өз сұратуларыңызға қатысты мына телефон арқылы Қолдау көрсету қызметімен байланыса аласыз: +7 (727) 364 50 00, 350 87 86 (08.00-22.00, төлемақы операторлардың тарифтеріне сәйкес),
Әуе билеттер жою/қайтару/өзгерту туралы сүрақтар бойнша:
helpdesk@tickets.kzДаулы мәселелер, талаптар бойынша:
feedback@tickets.kz Төлем туралы бойынша:
payments@tickets.kz Темір жолы билеттер туралы бойынша:
railway@tickets.kzБасқа сұрақтар бойынша:
info@tickets.kz Онлайн чат
http://chat.ticketstravelnetwork.com/rooms/ru/tickets.kz
3. ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ
3.1. Шарттың мәні. Агенттіктің броньдау, ресімдеу және Қызметтерді сату жөніндегі қызметтерді және Сайттың техникалық мүмкіндіктерін қолдана отырып, Агенттіктің басқа да Қосымша қызметтерін көрсетуі осы Шарттың мәні болып табылады.
3.2. Шарттың толықтығы. Осы Шартты Акцепті жолымен шартқа отырған Шарт,
IATA шарты, Қызметтерді көрсету ережелері / Тариф ережелері, Қызмет көрсету ережелері, сонымен қатар осы шарт талаптарымен байланысты және олардың негізінде туындауы мүмкін Агенттіктің кез келген хабарламалары мен саясаты Сайтта қол жетімді болып табылады және Тапсырысты/Броньдауды құратын кезде , сондай-ақ кез келген өзге уақытта электронды хабарламалар немесе sms хабарламалар арқылы жолданады, бұл Сіз бен Агенттік арасындағы Сайтты қолдану жөніндегі, Қызмет тапсырыстарын және Қосымша қызметтерді құру жөніндегі тұтас келісімді құрайды
3.3. Шартты қабылдау. Сіз (i) осы Сайтты пайдалануды жалғастыратын болсаңыз (Сайтқа кіретін болсаңыз немесе қайталап кіретін болсаңыз) және/немесе (ii) Сайтқа тіркелетін болсаңыз және/немесе (iii) Броньдауды немесе Қосымша қызметтердің тапсырысын құратын болсаңыз және/немесе (iv) Қолдау көрсету қызметіне сұрату жолдайтын болсаңыз, Сайтта пікір қалдырып немесе Сайтта көрсетілген электронды поштаға хабарлама жолдайтын болсаңыз, сіз:
3.3.1. осы Шартта көзделген талаптарды сөзсіз, толықтай және қайсы бір өзгерістерсіз қабылдайсыз, атап айтқанда осы Офертаның акцептін жүзеге асырасыз және осы Сайтты қолдану зардаптарын түсінесіз; және
3.3.2. осы Шарттың талаптарымен танысқаныңызды растайсыз және Сайтты пайдаланып, тапсырыстарды құратын кезде осы талаптарды ескере отырып, оларға қатаң сәйкес түрде әрекет етуге өз келісіміңізді бересіз және көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда Агенттіктің бұзушылықтарды жою үшін және осы Шарт талаптары мен қолданбалы заңнаманың талаптарына сәйкес өз бұзылған құқықтарын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қолдануға құқылы болатындығымен келісесіз; және
3.3.3. осы
сілтеме бойынша көрсетілген дербес деректерді қорғау талаптарына (конфиденциалдылық саясатына) сәйкес өз дербес деректеріңізді жинап, өңдеуге өз келісіміңізді бересіз; және
3.3.4. сіздің атыңыздан және Броньдауды құру барысында және Қызметтерді көрсетушілердің/Тасымалдаушылардың пайдасына тапсырыс берілген қызметтердің төлемақысын төлеу барысында Агенттікке (оның әріптестеріне немесе үлестес тұлғаларына) сіздің өкіліңіз ретінде сіздің пайдаңызға әрекет етуге өз келісіміңізді бересіз. Сіз таңдап алған қызметті сатып алу талаптары талап еткен жағдайда сіз осы арқылы Қызметтерді көрсетуші/Тасымалдаушы немесе Агенттік (оның әріптестері немесе үлестес тұлғалары) қызметтер үшін қаражатты сіздің шотыңыздан есептен шығара алатындығына өз келісіміңізді бересіз, бұны растайсыз және түсінесіз.
3.4. Шарт талаптарын өзгерту. Агенттік өз қарауы бойынша уақытылы осы Шарт талаптарына өзгерістер енгізу құқығы бар. Агенттік осы Шартқа соңғы редакция жасалған күнді көрсете отырып, осы Сайтта өзгерістерді жариялап отырады. Агенттік Сайтта жариялаудан басқа жолмен сізге Шартқа өзгерістер енгізілгенін хабарлауға міндетті болмайды. Тиісті өзгерістер енгізілген Шарт Сайтта жарияланған күннен бастап Өзгерістер өз күшіне енеді. Сіз Шарт талаптарындағы жаңартуларды және оның соңғы редакциясын өз бетіңізбен және мерзімді түрде тексеріп отыруға міндеттенесіз. Өзгерістер енгізілген Шарт жарияланған күннен кейін сіздің осы Шартты анық қабылдауыңыз және/немесе осы Сайтты пайдалануыңыз сіздің Шарт талаптарындағы өзгерістермен толық және сөзсіз келісіміңізді білдіретіндігін түсінесіз және бұнымен келісесіз. Сіз Шарттың өзгертілген талаптарын қабылдамайтын болсаңыз, Сіз Сайтты пайдалануды доғаруыңыз тиіс.
3.5. Шарттың тілі және Сайттың тілі. Шарт пен Сайттың негізгі тілі болып қазақ және орыс тілдері табылады, сонымен қатар Сайттағы қол жетімді өзге редакциялармен салыстырғанда орыс тілдегі редакциясы басым күшке ие болады. Сайттағы ақпарат пен осы Шарт сондай-ақ ағылшын тілге ақпараттық мақсатта және сізге ыңғайлы болу үшін ғана аударылған және сіз осы Сайттағы аталмыш қызмет көрсету талаптарымен келісесіз.
Қызметтерді көрсету ережелері/Тарифтік ережелер Броньдауды жүзеге асыратын кезде (Броньдау диалогының қадамы кезінде) ғана қол жетімді болып табылады және сіз таңдаған тілге автоматты түрде аударыла отырып, ағылшын тілінде болуы мүмкін. Броньдауды жүзеге асыра отырып, сіз Қызметтерді көрсету ережелері/Тариф ережелері туралы ақпаратты баяндау талаптарымен келісесіз және олармен дербес танысып, Броньдауды құратын сәтке дейін сіз таңдаған тілге жасалған аударма мәтініне, оның талаптары мен дұрыстығына қатысты консультациялар алып отыруға міндеттенесіз. Сізде Қызметтерді көрсету ережелерінде/Тариф ережелерінде көзделген талаптар туралы сұрақтар туындаған жағдайда Сізге Қолдау көрсету қызметінен консультация алуға ұсынылады. Брондауды құру арқылы Сіз Қызметтерді көрсету ережелерімен/Тариф ережелерімен сөзсіз келісіміңізді растайсыз және келісілген талаптарға сәйкес Қызметтердің тапсырысымен байланысты барлық тәуекел үшін жеке жауапкершілік арқалайсыз. Қызметтерге (бір немесе бірнеше) Тапсырыс беретін кезде сіз әрбір жеке Қызмет үшін Қызметтерді көрсету ережелерінің/Тариф ережелерінің бір-біріне қайшы келмеуін өз бетіңізбен тексеруге міндеттенесіз.
Осы арқылы сіз әрбір жеке Қызмет үшін осы Шарт талаптарының, Қызметтерді көрсету ережелерінің/Тариф ережелерінің және Сайттағы кез келген өзге хабарламалар мен ақпараттың анық, жан-жақты, бір мағыналы және көрнекі қол жетімді нысанда баяндалғанын растайсыз. Сіздің Сайтта және Шартта баяндалған ақпаратқа қатысты сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Қолдау көрсету қызметімен байланысуыңызды сұраймыз.
3.6. Агенттіктің Қызметтерді және Қосымша қызметтерді көрсету негіздемелері. Агенттік Қызметтерді көрсетушілермен/Тасымалдаушылармен әріптестік, агенттік, субагенттік және өзге шарт талаптары бойынша Сайт арқылы Қызметтерді броньдау мүмкіндігін ұсынады. Сайт арқылы броньдайтын кезде сіз Қызметтерді жеткізушілермен/Тасымалдаушылармен тікелей шарттық қатынастарға кіресіз. Сіз броньдауды ресімдеген сәттен бастап Агенттік Сіз бен Қызметтерді жеткізушінің/Тасымалдаушылардың арасында делдаел ретінде ғана әрекет етеді. Агенттік сіздің Тапсырысыңыздың егжей-тегжейін ғана береді және тапсырыс берілген Қызметтерді көрсетуші немесе қосарлап көрсетуші болып табылмайды, Қызметтерді тікелей орындаушылардың қызметтерді көрсету талаптарына ықпал ете алмайды, Қызметтерді көрсету талаптары бұзылған жағдайда жауапкершілік арқаламайды. Сайт арқылы қол жетімді болатын туристік, рұқсат беру және басқа да Қызметтерді көрсететін Қызметтерді көрсетушілер/Тасымалдаушылар дербес мердігерлер болып табылады және Агенттіктің агенттері, қосалқы мердігерлері немесе қызметкерлері болып табылмайды. Жолаушыларды тасымалдаудың және/немесе басқа да Қызметтерді көрсетудің толық жауапкершілігін тікелей Тасымалдаушы/Қызметтерді жеткізуші арқалайды.
Агенттіктің қосымша қызметтері Агенттіктің Шартта белгіленген жұмыс талаптарына сәйкес ұсынылады және тікелей сіз бен Агенттіктің арасындағы құқықтық қатынастарды тудырады.
4. САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛАПТАРЫ 4.1. Сайтты пайдалануға қатысты ережелер мен ескертулер. Сіз осы Сайтты пайдалануды жалғастыратын болсаңыз, сіз Сайтты пайдалануға қатысты келесі міндетті ережелермен және ескертпелермен келісесіз:
4.1.1. Сіз жасы 18-ге (он сегізге) толған жеке тұлғасыз, құқықтық тұрғыда толық қабілетті және қабілетті тұлға болып табыласыз және Шарт талаптарына сәйкес Агенттікпен/Қызметтерді жеткізушілермен/Тасымалдаушылармен және үшінші тұлғалармен шарттық қатынастарға кіруге құқылы болып табыласыз.
4.1.2. Сіз Сайтты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысы жоқ өз жеке қажеттілігіңіз үшін ғана және Шарт талаптары мен қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес түрде ғана пайдалануға міндеттенесіз.
4.1.3. Сіз Қызметтер Тапсырысын құруға және қызметтерді өзіңіз дербес таңдаған нақты Қызмет көрсететін Қызметтерді көрсетушілердің/Тасымалдаушылардың Қызметтерді көрсету ережелеріне/Тарифтік ережелеріне сәйкес пайдалануға, сонымен қатар осы Шарттың талаптары бойынша Агенттіктің Қосымша қызметтерін осы Шарттың талаптарына және осы шарттың негізінде алынған ақпаратқа сәйкес пайдалануға міндеттенесіз.
4.1.4. Сіз Сайттағы кез келген ақпараттың, Сайт Сервистерінің және Броньдау жүйесінің сізге «сол күйінде және қол жетімді түрде» талабымен ұсынылатындығымен және қайсы бір әрекетке бағыттау немесе Қызметтерді көрсетушілердің/Тасымалдаушылардың қайсы бірін нақты ұсыну немесе оған артықшылық таныту ретінде пайымдала алмайтындығымен келісесіз және бұны мойындайсыз. Сіз осы ақпаратты және Сайттың техникалық мүмкіндіктерін тәуекелге бел буа отырып және Агенттің тарапынан қайсы бір кепілдіктерсіз пайдаланасыз. Сіз Қызметті өз бетіңізбен және саналы түрде таңдағаныңызбен келісесіз және Сайтта орналастырылған, сонымен қатар Агенттік ұсынатын ақпаратқа негізделген өзіңіздің барлық әрекеттеріңіз бен әрекетсіздігіңіз үшін жауап бересіз. Кез келген шешімді қабылдамас бұрын сіз Қызметтер туралы бүкіл қол жетімді ақпаратты (сонымен қатар сыртқы ақпарат көздеріне сілтеме жасалған ақпаратты) дербес зерттеуге және білікті маманнан консультация алуға немесе өзге қол жетімді ақпарат көздерінен ақпарат алуға міндеттенесіз.
4.1.5. Cіздің деректеріңіз. Сіз осы Сайтта ұсынған бүкіл ақпараттың, сонымен қатар тіркеу кезінде көрсетілген ақпараттың шынайы, тура, өзекті және толық болып табылатындығын растайсыз. Сіз «Менің билетім» бөлімінде көрсетілген өз байланыс және дербес деректеріңізді дер кезінде жаңартып отыруға, олардың дәлділігі мен өзектілігін қадағалауға міндеттенесіз. Сіз Тапсырысты құратын кезде көрсеткен Жолаушылар туралы бүкіл ақпараттың шынайы, дәл, өзекті әрі толық болып табылатындығын растайсыз. Сіз Тапсырысты растап, оның ақысын төлейтін сәтке дейін қызметтерге тапсырыс берер алдында «Менің билетім» бөлімінде сақталған деректерден ерекшеленетін өзгертілген деректердің сақталғанын тексеруге (Сайт парақшаларын жаңартып отыруға) міндеттенесіз. Сіз Тапсырысты сақтау және оның ақысын төлеу мақсатында Броньдау жүйесіне беретін ақпарат үшін толық әрі дара жауапкершілік арқалайсыз. Сіз Агенттіктің Қызметтерін/Қосымша қызметтерін алу үшін ұсынатын ақпаратты, сонымен қатар Клиенттің/Алушының дербес және өзге деректерін дербес енгізесіз, осымен байланысты Тапсырыста дұрыс көрсетілмеген және өзге деректермен байланысты Агенттікке ешқандай кінәрат қоймауға міндеттенесіз (мысалы, электронды- құжаттағы/бланкідегі құжат деректерінің қателіктерімен байланысты кінәраттар).
4.1.6. Пікірлер. Сіз Сайтта қалдырған немесе Агенттің атына жолдаған немесе кез келген өзге веб-ресурста, кез келген әлеуметтік желіде қалдырған Агенттікке тікелей немесе жанама түрде қатысты болатын пікірлердің Агенттіктің Қызметтерін/Қосымша қызметтерін пайдалануға қатысты өз пікіріңіз туралы өзге тұлғаларды ақпараттандыру мақсатында сіздің атыңыздан Сайтта, кез келген өзге веб-ресурста, кез келген әлеуметтік желіде жария қол жетімді немесе жариялануы мүмкін екенін растайсыз және келісесіз. Сіз өз пікірлеріңізді орналастырғаныңыз үшін толық және дара жауапкершілік арқалайсыз және онда өз дербес деректеріңізді немесе үшінші тұлғалардың дербес деректерін; нормадан тыс лексиканы немесе жария тәртіпті не үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзатын ақпаратты; зияткерлік меншік құқығын бұза отырып, заңсыз алынған ақпаратты жария түрде; үшінші тұлғалардың жарнамалық және маркетингтік материалдарын, бейілділік және басқа да көтермелеу бағдарламаларына шақыруға үндеулерді көрсетпеуіңіз тиіс. Сайтта қалдырылған пікір сұрату ретінде қарастырылуы мүмкін. Пікірлерді жариялау немесе оларды жою Агенттіктің жеке қарауы бойынша жүргізіледі.
4.1.7. Электронды байланыс құралдары. Сіз электронды байланыс құралдарын, оның ішінде, бірақ мұнымен шектелмей: (і) электронды поштаны және (іі) Сайтты пайдалану барысында, «Менің билетім» бөліміне кіру мүмкіндігін ұсынатын кезде, Тапсырысты құратын кезде және қызметтер туралы ақпарат алатын кезде (ii) sms хабарламаларды (осы жерде және бұдан әрі бірге немесе жеке-жеке: sms, push-хабарламаларды, viber-хабарламаларды немесе өзге түрдегі хабарламаларды немесе Сіз Сайтта көрсеткен телефон нөміріне өзге табыстау әдісін қамтиды) пайдалануға, сонымен қатар Сайтты пайдаланумен, Қызметтердің немесе Агенттің Қосымша қызметтерінің тапсырысымен байланысты хабарламаларды (электронды поштаны, sms хабарламаларды) электронды түрде жеткізуге келісесіз. Осы тармақта көрсетілген байланыс құралдары тапсырыс берiлген уақытқа байланысты, Агенттiктiң жұмыс уақытында, сонымен қатар жұмыс уақытынан тыс кезде, соның iшiнде түнгі уақытта (Астана қаласының уақыты бойынша сағат 22.00 сағат 9.00 дейін) Агенттiктiң өз қалауы бойынша қолданылуы мүмкін болатына келiсiм бересiз.
Тапсырысты дұрыс құру үшін және Агенттіктің Қызметтерін немесе Қосымша қызметтерін алу үшін сізге электронды поштаның дұрыс (дәл, өзекті) мекенжайы, ұялы телефонның дұрыс (дәл, өзекті) нөмірін көрсету керек және осы деректерді ұсынуға сіз толық әрі дара жауапкершілік арқалайсыз. Агенттік кез келген бұрыс немесе қатемен жазылған немесе дұрыс көрсетілмеген немесе пайдаланылмайтын электронды поштаның мекенжайы үшін немесе ұялы телефонның дұрыс көрсетілмеген немесе пайдаланылмайтын нөмірі үшін немесе сіздің пошталық сервистің теңшеулері (сүзгі спамы және т.б.) үшін және сәйкесінше құрылған Броньдау туралы немесе Агенттің Қосымша қызметтерінің тапсырыстары туралы сіздің тапсырыстарыңызды, рейстің ұшу (шығу) немесе қону (келу) күні мен (немесе) уақытындағы және т.б. өзгерістер туралы хабарламаларды алмағаныңыз үшін жауапкершілік арқаламайды және оларды тексеруге міндетті емес. Электронды поштаның атына немесе мобильді телефон нөміріне өзгерістер енгізуді және қателерді түзетуді (бұндай мүмкіндік Сайтта техникалық түрде қол жетімді болған жағдайда) пайдаланушы «Менің билетім» бөлімінде дербес жүзеге асырады немесе, мүмкін болған жағдайда, пайдаланушының сұратуы мен оны сәйкестендіруге сай Қолдау көрсету қызметі жүзеге асырады.
Агенттік хаттарды, хабарламаларды, хат-хабарды сіз Тапсырысты құратын кезде/Сайтта тіркелетін кезде дұрыс көрсетпеген (немесе қатемен жазылған) электронды поштаның мекенжайына/мобильді телефон нөміріне жолдаған жағдайда сіз дұрыс көрсетілмеген электронды поштаның мекенжайын/мобильді телефонның бұрыс нөмірін пайдаланудың болжамды зардаптарымен байланысты, сонымен қатар үшінші тұлғалардың әрекеттері үшін толық, дара , сонымен қатар заңдық жауапкершілік пен тәуекелдерді арқалайсыз және электронды поштаның мекенжайын дұрыс көрсетпеген жағдайда және/немесе мобильді телефон нөмірін дұрыс көрсетпеген жағдайда Агенттікке ешқандай қаржылық, моральдық, заңдық және өзге кінәраттарды қоймауға міндеттенесіз.
4.1.8. Сіз Агенттіктің Қолдау көрсету қызметіне келіп түсетін телефон қоңырауларының мониторингін жүргізе (бақылай) алатындығымен және оларды жазып отыра алатындығымен және осы Шартта қарастырылған тиісті қызмет көрсету деңгейін қамтамасыз ету үшін, персоналдың біліктілігін арттыру үшін және міндеттемелерді орындау үшін немесе құқықтарды пайдалану үшін электронды хат-хабардың іріктемелі аудитін жүзеге асыратындығымен келісесіз.
4.1.9. Сіз өзіңіздің барлық сұратуларыңызды, түсіндірмелеріңізді, ұсыныстарыңызды, пікірлеріңізді және кінәраттарыңызды Сайттың барлық қол жетімді ақпараттық қолдау көрсету құралдары арқылы жібере аласыз. Агенттік сұратуды алған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей, барынша қысқа мерзімнің ішінде сізге жауап беру үшін қолдан келгеннің барлығын жасайды.
4.1.10. Электронды хабарламалардың және Броньдау жүйесі деректерінің легитимділігі. Сіз (і) Сайт арқылы электронды байланыс құралдарының көмегімен жолдаған немесе сіздің Сұратуыңызға сай (немесе Тараптармен мақұлданған өзге әдіспен) Қолдау көрсету қызметі жолдаған барлық хабарламалардың қағаз жүзіндегі хат-хабарға теңелетіндігімен; және (іі) Агенттіктің немесе GDS-ң жүйесінде сақталатын барлық электронды және жүйелік деректердің немесе олардың барлығы бірге немесе жеке-жеке болжамды тәуекелдерді/дауларды, оның ішінде осы Шартты орындаудан немесе орындаумен байланысты туындайтын дауларды шешетін кезде міндетті, тиісті және жеткілікті дәлелдеме болып табылатындығымен келісесіз және растайсыз.
4.1.11. Үшінші тұлғалардың атынан жасалатын іс-әрекеттер. Сіз осы Сайтты және Сайттың көмегімен қол жетімді болатын қызметтерді жеке өзіңіз үшін ғана немесе сізге өз атынан әрекет етудің және сәйкес құқықтар мен міндеттерді қабылдаудың заңды құқығын берген өзге жеке және/немесе заңды тұлғалар үшін ғана қолдануға міндеттенесіз. Осы құжат арқылы сіз осындай өзге жеке және/немесе заңды тұлғалардың сізге уәкілеттік бергенін және олардың атынан өзіңіздің Агенттіктің Қызметтерін/Қосымша қызметтерін таңдап, сатып алуды жүзеге асыруға және тапсырыс үшін қажетті дербес және төлем деректерін өңдеуге келісім беруге заңды құқығыңыздың бар екенін растайсыз.
Заңды тұлғасының өкілі Сайтты пайдаланауға және Сайт арқылы қол жетімді Қызметтерге Тапсырыс беруге рұқсат береді егер мұндай заңды тұлға өз атынан өкілеттігін Қызметтерін/ Агенттіктің Қосымша қызметтерін таңдау және сатып алу құқығына ие болса және олардың дербес және төлем деректемелерін өңдеуге қажетті келісімшарттар жасауға рұқсат берсе ғана мүмкін болады. Бұған тиісті сенімхаттың өкілінің қатысуы дәлелденді.
Брондау жасау алдында Сіз дер кезінде және толық көлемде және Броньдауды құратын сәтке дейін осындай үшінші тұлғаларды осы Шарттың талаптары туралы, онда айтылған ескертпелер туралы, сонымен қатар тапсырысқа, таңдап алған қызметтерді сатып алу мен пайдалануға қатысты қолданылуы мүмкін барлық Қызметтерді ұсыну ережелері/Тарифтердің ережелері мен шектеулер туралы ақпараттандыруға міндеттенесіз. Осындай хабарландырмау салдарынан туындаған зардаптар үшін, сонымен қатар осындай хабарландырмау салдарынан туындаған үшінші тұлғалардың әрекеттері үшін жауапкершілікті Сатып алушы көтереді.
Сіз Тапсырысты құрғанға дейін осындай үшінші тұлғаларға олардың осы Шарттың бір тарапы болып табылмайтындығы туралы және Агенттіктің атынан немесе оған қатысты қайсы бір кінәраттарды, арыздарды, талап арыздарды, мәлімдемелерді және олардың пайдасына тапсырыс берілген (олардың атына) Агенттіктің Қызметтерімен/Қосымша қызметтерімен байланысты т.б. беруге құқығы жоқ екендігі туралы хабарландыруға міндеттенесіз.
Бұндай жеке және/немесе заңды тұлғаларға тапсырыс берілген қызметтер бойынша барлық хат-хабар алмасудың біздің «Менің билетім» бөлімі және сіздің электронды поштаңыз/телефоныңыз арқылы жүргізілетіндігі туралы, сонымен қатар осы тұлғаларды Қолдау көрсету қызметінің сәйкестендіруі «Менің билетім» бөлімі арқылы қол жетімді деректердің негізінде немесе сіздің электронды пошта/телефоныңыз арқылы жүргізілетіндігі туралы хабарланып, олар бұған өз келісімдерін берулері тиіс. Сонымен қатар сіз шегерусіз және толық көлемде өзінің атынан әрекет ететін жеке тұлғаларға кез келген өзгерістер, нақтылаулар мен тоқтатулар және тапсырыс берілген қызметтерге қатысты және сіз электронды пошта немесе sms хабарлама немесе басқа да қол жетімді әдіспен алған тапсырыс берілген қызметтер туралы кез келген ақпаратқа қатысты т.б. хабарлап отыруға міндеттенесіз. Осындай хабарландырмау салдарынан туындаған зардаптар үшін, сонымен қатар осындай хабарландырмау салдарынан туындаған осындай жеке тұлғалардың әрекеттері үшін жауапкершілікті сіз ғана арқалайсыз.
4.1.12. «Менің билетім» бөлімінің қауіпсіздігі. Сіз сайтқа тіркелген болсаңыз және «Менің билетім» бөліміне кіру мүмкіндігіне ие болсаңыз, сіз өз тіркеу деректеріңіз туралы ақпаратты қорғауға, сонымен қатар логин мен кіру паролін (электронды поштаның немесе sms хабарламаның көмегімен алынған), оны бақылауға, үшінші тұлғалардың рұқсатсыз кіруінің алдын алуға арналған қажетті шараларды қолдануға міндеттенесіз, сіздің және/немесе өзге тұлғаның «Менің билетім» бөлімін кез келген түрде пайдаланғаны үшін толық жауапкершілік арқалайсыз. Сіздің үшінші тұлғалардың өзіңіздің «Менің билетім» бөліміне рұқатсыз кіру мүмкіндігі туралы күмәніңіз туындайтын болса, сіз Сайттың Қолдау көрсету қызметіне бұл туралы бірден хабарлауға міндеттенесіз. «Менің билетім» бөлімінен жасалған кез келген әрекет сіздің жеке өзіңіз жасаған әрекет болып есептеледі.
4.1.13. Қызметтерді жеткізушілермен/Тасымалдаушылармен шарт. Сіз Тасымалдаушылардың/Қызметтерді жеткізушілердің ұсынуы бойынша Сайттың сервистерінде тиісті ақпарат қол жетімді болатын барлық шарттарды сіздің тікелей Қызметтерді жеткізушілермен/Тасымалдаушылармен жасайтындығыңызға келісесіз. Сіз Агенттіктің ешбір жағдайда сіз бен тасымалдаушылардың/Қызметтерді жеткізушілердің арасында жасалған осындай шарттың бір тарапы болып табылмайтындығымен келісесіз және бұны толығымен мойындайсыз. Сіз қызметтерді көрсету ережелерімен/Тарифтік ережелермен және Қызметтерді жеткізушілермен/тасымалдаушылармен жасалған осындай шарттардың талаптарымен келіспейтін болсаңыз, сіз Қызметтер тапсырысын құрмауыңыз тиіс. Көрсетілген талаптармен келісе отырып, сіз өзіңіз таңдап алған Қызметтерді жеткізушінің/Тасымалдаушының Қызметтерді көрсету ережелерін орындауына толық және дара жауапкершілік арқалайсыз және мыналарды қоса алғанда, бірақ бұлармен шектелмей: Қызметтерді сатып алу талаптары мен ережелерін орындауға, белгіленген уақытта және белгіленген тарифтерге, таксаларға, алымдарға, Қызметтерді жеткізушінің/Тасымалдаушының ережелері мен шектеулеріне, Тапсырысты жою/қайтару және өзгерту талаптарына сәйкес барлық қажетті қаражатты толық көлемде төлеуге міндеттенесіз. Сіз Тапсырыс берген Сайттың таңдап алынған сервисінде қол жетімді болған жағдайда және жеке шарт болып табылатын Қызметтерді жеткізушінің/Тасымалдаушының оферта шартымен танысқаныңызды растайсыз және бұнымен сөзсіз келісесіз. Бұл Шарттың акцепті Қызметтерді жеткізушінің оферта шартының акцептін өзгертпейді.
4.1.14. Агенттіктің Қосымша қызметтері мен ұсыныстары. Сіз Сайт арқылы қол жетімді болып табылатын арнайы ұсыныстар, акциялар мен қосымша қызметтер туралы хабарламаларды жіберу мақсатында Сайтта құрылған Тапсырыстар туралы ақпаратты жинаумен, Агенттіктің ақылы немесе тегін Қосымша қызметтерін ұсынумен, мысалы, sms түріндегі рейстің кешігуі немесе ауыстырылуы туралы хабарлама қызметін, сатылымда пайда бола салысымен теміржол билеттерін іздеу қызметін; әуе билеттерін іздейтін кезде қонақүйді таңдау жөніндегі ұсынымдар қызметін; сақтандыру қызметін және т.б. қызметтерді ұсынумен келісесіз және Агенттікке ұсынуға рұқсат бересіз. Агенттіктің Қосымша қызметі ұсынылатын Броньдау диалогының қадамына байланысты оның құны не Тапсырыстың жалпы құнына енгізіледі не төлемге жеке-жеке ұсынылады. Агенттіктің Қосымша қызметіне тапсырыс бере отырып, сіз Агенттіктің Қосымша қызметтерді ұсыну талаптарын орындау үшін толық және дара жауапкершілік арқалайсыз, сонымен қатар, бірақ мұнымен шектелмей: Қосымша қызметтерді сатып алу ережелері мен талаптарын орындауға, белгіленген мерзімде және белгіленген тарифтерге, ережелерге және Агенттік орнатқан шектеулерге сәйкес барлық қажетті қаражатты төлеуге міндеттенесіз.
4.1.15. Сайттағы ақпаратқа өзгеріс еңгізу. Агенттіктің өз қарауына орай, кез келген сәтте: Қызметтерді жеткізушілердің/Тасымалдаушылардың жаңа қызметтерін, Сайттың сервистерін және функционалын қосуға және/немесе қолда барын қысқартуға; динайнді өзгертуге; бейінділік бағдарламаларын өткізу ережелерін өзгертуге; Сайтта Тапсырыстарды төлеу үшін қол жетімді болатын төлем әдістерін қосуға/қысқартуға; Қызметтердің құнына өзгерістер енгізуге; Қызметтерді ресімдейтін, сатып алатын, ауыстыратын, өзгертетін қайтаратын кезде алынатын Сервистік алым сомасы мен қосымша қызметтердің құнын белгілеуге және/немесе оларға өзгерістер енгізуге, Қосымша қызметтердің құнын өзгертуге құқығы бар. Сайтта Тапсырысты/Броньдауды құратын сәтте өзекті болып табылмайтын және анықтама үшін ғана берілетін ескі ақпарат немесе белгілі бір дәлсіздіктер көрсетілуі мүмкін.
4.1.16. Қателіктерді түзету. Агенттік Сайтта (сонымен қатар құн туралы ақпаратта) және құрылған тапсырыстарда (төленген және төленбеген) көрсетілген кез келген қателікті түзету құқығын өзіне қалдырады. Сіздің тапсырысыңызда Қызметтердің құны қатемен көрсетілген жағдайда сізге (мүмкін болған жағдайда):(i) Агенттіктің Қызметтердің/Қосымша қызметтердің дұрыс көрсетілмеген (бұрыс) құнын расына (дұрысына) ауыстыру жолымен Тапсырысқа өзгерістер енгізу; немесе (іі) айыппұл санкцияларын салмай, Тапсырысты ауыстыру ұсынылады.
4.1.17. Заңсыз және алаяқтық әрекеттер. Сіз Сайттың инфрақұрылымын зақымдауға арналған, оның дер кезінде және дұрыс жұмыс істеуін бұзуға арналған, Сайттың мекенжай жолағының кез клеген HTTP тақырыпшасының шектеулерін бұзуға, Сайт өңдейтін кез келген деректер мен дербес ақпаратты ұстап қалуға әрекеттенетін кез келген бағдарламалық жасақтаманы пайдаланбауға; Сайттың инфрақұрылымына шамадан тыс жүктеме түсіретін, ақпарат монитрорингі, ақпаратты автоматты шығару немесе осы Сайттан кез келген деректер мен ақпаратты көшіруді тудыратын, «фреймді», «айнаны» жасайтын немесе басқа да жолмен кез келген құралдармен және кез келген мақсатта Сайттың жұмысына араласатын әрекеттерді орындамауға міндеттенесіз.
Сіз Сайтты пайдалану талаптарының бірнеше есепке алу жазбасын біруақытта құруға, дербес деректерді қасақана бұрмалауға, өзін басқа тұлға деп таныстыруға, жалған Броньдауды немесе Тапсырыстарды және т.б. құруға тыйым салатынын растайсыз және бұнымен келісесіз. Сайтты пайдалануға және Сайтта төлем карталарымен төлем жүргізуге қатысты кез келген алаяқтық (алаяқтық әрекеттері) тергеліп, кінәлі тұлғалар жергілікті және халықаралық заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Сайтта тапсырысты құратын немесе Қызметтерді сатып алатын кездегі алаяқтық (немесе оның әрекеттері) визаларды алатын кезде және тікелей рейске тіркелетін кезде немесе Қызметтерді өзге түрде пайдаланатын кезде қиындықтарға алып келуі мүмкін.
4.1.18. Сайтқа кіруді шектеу. Сіз Агенттіктің өз қарауына орай әлдекімнің осы Сайтқы кіруіне, «Менің билетім» бөлімін пайдалануына және Қызметтер Тапсырысын құруына тыйым салуға, жоспарлы және жоспардаен тыс техникалық және профилактикалық жұмыстарды орындау мақсатында Сайтқа кіру мүмкігдігін бұғаттау және/немесе құрылып қойған есепке алу жазбаларын жою арқылы, оның ішінде Пайдалану осы Шарт талаптарын бұзған жағдайда кез келеген уақытта және кез клеген себеппен түсіндірмелерсіз және алдын ала хабарландыруларсыз Сайтқа кіруін уақытша тоқтатуға және Қызметтер тапсырысын құрудан бас тартуға құқылы болатындығымен келісесіз.
4.2. Қызметтердің тапсырысына қатысты ережелер мен ескертулер 4.2.1. Қызметтерді көрсету ережелерін орындау. Тапсырысты құра отырып, Сатып алушы мен Жолаушылар осы Шарттың талаптарымен, Қызметтерді көрсету ережелерімен/ таңдап алған қызметке қатысты қолданылатын Қызметтерді жетізушілердің/Тасымалдаушылардың Тарифтік ережелерімен, Агенттіктің Қосымша қызметтерді көрсету талаптарымен (қолданылатын болса), сонымен қатар билеттерді ауыстыру, тоқтату немесе қайтару талаптарымен (сонымен қатар ауыстырып отырғызу билетін ресімдеген жағдайда Тасымалдаушылардың түйісу рейстерін жүзеге асыру талаптарымен (ауыстырып отырғызуды, транзиттік визаларды ресімдеуді және т.б. жүзеге асыруға жеткілікті уақытпен) танысып, келіседі. Осы Шарттың, сонымен қатар Агенттіктің Қызметтерді немесе Қосымша қызметтерді көрсету ережелерінің кез келген түрде бұзылуы Броньдауды жоюға төленген ақша қаражатын қайтармай, сатып алынған қызметтерге кіруден бас тартуға; сіз төлеген алдын ала төлемді қайтарусыз ұстап қалуға; осы шарттың талаптарына сәйкес осындай бұзушылық нәтижесінде Агенттік немесе Қызметерді жеткізуші/Тасымалдаушы көтерген барлық залалды сіздің есебіңізден өтеуге алып келуі мүмкін.
Тапсырысты жасау кезінде диалогтық терезенің арнайы жолында сіздің тиісті белгіні («құс белгісін» қоюыңыз осы Шартта берілген талаптармен танысу және келісу дерегінің жеткілікті дәлелі, сонымен қатар кез келген түрдегі сот ісінде жеткілікті дәлел болып табылады. Тапсырысты жасау және тиісті белгіні («құс белгісін») қою номиналды, яғни осы Шартта берілген талаптармен нақты танысусыз, Сатып алушы /Жолаушы үшін жағымсыз салдарға алып келуі мүмкін. Тапсырысты жасау кезінде диалогтық терезенің арнайы жолында осы Шартпен танысу және талаптарымен келісу туралы сіздің тиісті белгіні («құс белгісін» қоюыңыз Тапсырысты жасаудың сөзсіз және ажырамас процесі болып табылады, осыған байланысты сіз осы жағдайды, атап айтқанда кез келген даулы жағдай туындаған кезде, сонымен қатар кез келген түрде сот ісінде тиісті белгіні («құс белгісін») қою дерегіне қарсы болмау міндеттемесін аласыз.
4.2.2. Қызметтерді таңдау. Тапсырысты жасаудың барлық кезеңдері: қызметтердің көлемін және түрін таңдау, бағыттарды және күндерін таңдау, рейстерді, орналастыру талаптарын таңдау, Жолаушылардың (атына /пайдасына Тапсырыс жасалатын Жолаушылардың) және Сатып алушының мәліметтерін енгізу, төлем әдістерін таңдау – бұл Сатып алушының ерекше дербес және саналы таңдауы. Тапсырыс жасаған кезде Сатып алушы енгізген ақпарат Тапсырысты кейін растау және қызметтерді ұсыну үшін Брондау жүйесінде, жаһандық брондау жүйесінде және/немесе Қызметтер Жеткізушісінің /Тасымалдаушының ішкі брондау жүйесінде автоматты түрде тіркеледі. Кейбір Қызметтер Жеткізушілері /Тасымалдаулар Сатып алушыдан олар ұсынатын қызметтерді қолдану алдында келісуді және шағымдардан бас тартуға қол қоюды талап ете алады. Егер сіз сондай талаптармен келіспейтін болсаңыз, сіз Тапсырыс жасамауыңыз және Қызметтерді қолданбауыңыз тиіс.
4.2.3. Қызметтерді ұсыну талаптарын өзгерту. Барлық ұсыныстар, бағалары, Қызметтердің түрлері және ұсыну талаптары, сонымен қатар Қызметтерді Ұсыну Ережелері/Тарифтердің ережелері Сатып алушыға хабарлаусыз өзгертілуі, уақыт, орындардың болуы және алдын ала Тапсырыс мерзімі, саяхат күндері, арналу орнына минималды немесе максималды келу мерзімдері, демалыс күндері мен мерекелер деректері, бағалардың маусымдық тербелістері, күту парақтары, сонымен қатар ереуілдер және брондау жүйесінің уақытша қабілетсіздігі бойынша шектеулі /қол жетімді болады және/немесе басқа өзгертулердің, талаптардың және шектеулердің әсерімен өзгертілуі мүмкін. Агенттік электрондық поштаға немесе ұялы телефон нөміріне хабарламаларды жіберу арқылы Қызметтер Жеткізушілерінен /Тасымалдаушылардан мұндай ақпаратты алған жағдайда талаптарды, қызметтердің көлемін және тізімін немесе төленген қызметті толығымен немесе ішінара орындау мүмкін еместігі туралы хабарландыруға міндеттенеді. Аталған ақпаратты Қызметтер Жеткізушілерінен /Тасымалдаушылардан алмаған жағдайда Агенттік Пайдаланушы алдындағы жауапкершіліктен босатылады.
4.2.4. Қызметтерді қолдануды (алуды) бастау. Жолаушылар / Клиенттер Қызметтерді көрсету орнына уақытында (мысалы, Тасымалдаушы/Қызметтер Жеткізушісі белгілеген уақыттан кешіктірмей) келуге міндетті және Қызметтерді көрсету орнына келмеу немесе кешігу және осы Шарттың және Қызметтерді ұсыну Ережелерінің талаптарын орындамау салдарынан Қызметті қолданудың мүмкін еместігі үшін жеке жауапкершілікте болады.
4.2.5. Кедендік және шекаралық ресмиліктерді орындау және қызметтерді қолдану үшін құжаттардың жарамдылығы. Сатып алушы және Жолаушылар: транзит елдерінің (тіпті егер Жолаушылар әуежайды немесе ұшақты қалдырмаса да) және келетін елдің шекарасын кесу үшін қажет визалар мен құжаттарды дайындау, болуы және нақты рәсімдеу, егер мұны Тасымалдаушы немесе Қызметтердің Жеткізушісі талап етсе, төленген Брондауға ақпаратты енгізу үшін Агенттікке төлқұжат, виза құжаттарын және келетін елде Жолаушылардың тұратын орны туралы мәліметтерді уақытында енгізу үшін толық жауапкершілікте болады.
Сатып алушы және Жолаушылар жөнелту, транзит және жүру елдерінің барлық талаптарын, соның ішінде шетелдік төлқұжатқа және басқа ресми құжаттарға, соның ішінде виза алу және келу еліне кіру үшін қажет шетелдік төлқұжаттың шекаралық қолданылу мерзімі туралы шарттарға, шығу және келу кезінде қажет құжаттарды рәсімдеуге: визаларды рәсімдеу қажеттігіне, визасыз режиммен елге кіру кезінде кері билетті сатып алуға; елге кірген кезде басқа да қажетті талаптарды (медициналық сақтандырудың болуы, екпе салудың қажеттігі, құралдардың қажетті мөлшерінің болуын растау, кері билеттің болуы және т.б.) орындауға; 18 (он сегіз) жасқа толмаған балалардың шығуы/ұшуы үшін құжаттарды рәсімдеу қажеттігіне; жануарлар мен өсімдіктерді тасымалдау үшін құжаттарды рәсімдеу қажеттігіне және оларды Қызметтерді көрсету орнына орналастыру талаптарына; жабдықты, музыкалық аспаптарды, қаруларды, көркем құндылықтарды тасымалдауға рұқсаттардың және басқа рұқсаттар мен келісімдердің болуына қойылатын талаптармен таныс екендігін растайды және өздігінен орындауға міндеттенеді. Жолаушылар шетелдік төлқұжаттардың қолданылуына, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың шығуына рұқсаттар және Қызметтерді қолдану үшін қажет басқа құжаттар үшін және осы құжаттардағы мәліметтердің дұрыстығы үшін дербес толық жауапкершілікте болады. Жолаушы тиісті елдің елшілігінде жер аудару тәртібі туралы қажетті ақпаратты алуға және кіру немесе шығу құжаттары жарамсыз Жолаушыларды жер аударту айыппұл салумен немесе онсыз Жолаушы есебінен жүзеге асырылатындығы туралы білуге тиіс.
Сатып алушы және Жолаушылар жіберуші елдің және жүру мемлекеті-елдің кедендік және шекаралық ресмиліктерінің ерекшеліктерімен және ережелерімен; сонымен қатар транзит немесе келу еліне жүру ережелерімен таныс екендігін растайды және барлық келесі ережелерді орындауға міндеттенеді.
4.2.6. Сайттың ақпараттық қолдау және Қызметтерді жүргізу құралдары. Қолдау қызметі–тәулік бойы режимде жұмыс істейді. Кеңес алу үшін сізге Қолдау қызметіне жүгіну керек: телефон: +7 727 364 50 00 (тәулік бойы, төлем операторлардың тарифтеріне сәйкес). Email:
info@tickets.kz. Егер сіз Агенттікке Шарттың осы бабында көрсетілгеннен өзге кез келген тәсілмен жүгінсеңіз, сіздің жүгінуіңіз қабылданбауы мүмкін. Сіз Қолдау қызметі сіздің
noreply@tickets.kz электрондық пошта арқылы жіберген хаттарыңызды, соның ішінде аталған мекенжайдан Агенттіктің жіберген хатына жауап ретінде жіберілген хаттарды өңдемейтіндігімен келісесіз. Сіз Агенттікке егер Тапсырысты жасаған кезде, бірақ сіздің Тапсырысты жасағаныңызға қарамастан, сізге Агенттіктердің Қызметтерінің/Қосымша Қызметтерінің талаптары туралы қандай да бір жағдай түсініксіз болған жағдайда сіздің Қолдау қызметіне жүгінбеуіңізге байланысты қандай да бір шағымдарды қоймауға міндеттенесіз.
4.2.7. Брондау/Тапсырыстар және /немесе «Менің билетім» бөліміне рұқсатқа байланысты сауалдар туралы ақпарат алу үшін Қолдау қызметіне жүгіну Клиенттерді авторластыру/сәйкестендіру процедураларын орындауды талап етуі мүмкін. Клиенттерді Қолдау қызметімен авторландыру үшін қажет сауалдар мен ақпарат тізімін Агенттік өз таңдауы бойынша және кез келген уақытта анықтайды және өзгертеді. Атына/пайдасына Тапсырыс жасалған Жолаушыларға Сатып алушы «Менің билетім» бөлімі арқылы Тапсырыс жасаған Сатып алушыға ғана қол жетімді ақпарат оларды Қолдау қызметі авторландырған кезде қажет болуы мүмкін екендігі туралы хабарлауы тиіс. Агенттік Қолдау қызметіне жүгінген кезде Клиентті/Жолаушыны авторландырудан өтпеу үшін жауапкершілікте болмайды, ешқандай шығындарды өтемейді.
4.2.8. Сіз Сайтты қолданудың берілген ережелері осы Сайтты толығымен немесе ішінара қарау мүмкіндігін қамтамасыз ететін басқа Сайттарда болып, Сайтқа (оның жеке беттеріне немесе сервистеріне) сіз рұқсат алған жағдайларға таралады.
5. САЙТТА ТІРКЕЛУ5.1. Сайттың қызметтерін пайдалану үшін сіз Сайтқа тіркелуге және «Менің билетім» бөліміне кіру мүмкіндігіне ие болуға міндеттенесіз. Тіркелетін кезде сіз мынадай деректерді көрсетуіңіз тиіс:
- электронды поштаның мекенжайы (тіркелгеннен кейін логин ретінде қолданылатын);
- тегі, аты;
- ұялы телефонның байланыс нөмірі;
- кіру паролі (Сайтта толық тіркелетін кезде).
Сайтта тіркелуге/авторизациялауға қажетті деректер тізімін Агенттік өз қарауына орай өзгертуі мүмкін, бұл ретте аталмыш өзгерістер осы Шартқа тиісті өзгерістерді міндетті түрде енгізуді талап етпейді.
5.2. Кіру паролі. Сайтқа экспресс-тіркелу немесе автоматты тіркелу кезінде пароль автоматты түрде жасалады және тіркеуден кейін сіздің электронды поштаңызға жолданады. Сіз «Менің билетім» бөлімінде парольді өзгерте аласыз. Қажет болған жағдайда Сайттағы «парольді лақтыру» қызметін пайдалана аласыз. Сіз «Менің билетім» бөліміне кіру үшін сенімді парольді пайдалануға және оны үшінші тұлғаларға хабарламауға міндеттенесіз.
5.3. Тіркелу әдістері. Сіз сайтқа үш түрлі әдіспен тіркеліп, «Менің билетім» бөліміне кіруге болады:
- Сайттағы тиісті тіркелу нысаны арқылы толық тіркелу.
- Әлеуметтік желілердегі пішімді пайдалана отырып, Сайтта нысан арқылы экспресс-тіркелу, дегенмен, кейін сіз қызметтердің тапсырысына қажетті барлық деректі ұсынуға міндеттенесіз.
- Сайтта автоматты түрде тіркелу және алғашқы Тапсырысты құрғаннан кейін «Менің билетім» бөліміне кіру мүмкіндігіне ие болу.
5.4. Сіз тіркеуден кейін электронды поштаға алынған пароль мен электронды поштаның мекенжайын (логинді) пайдалана отырып, «Менің билетім» бөлімінде Сайтта орналастырылған өз Тапсырыстарыңыз бен дербес ақпаратты кез келген уақытта еркін пайдалануға құқылы боласыз. Сонымен қатар сіздің мобильді телефон нөміріңізге жолданатын sms хабарлама арқылы авторизациялау көмегімен «Менің билетім» бөліміне кіре аласыз.
5.5. Сайтта тіркелетін кезде сізге қосымша осы Шарттың талаптарымен танысуды ұсынады. Сіз бұл талаптармен келіспеген жағдайда сізден Сайтты пайдаланбауды және одан бірден шығуды сұраймыз.
6. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР: БРОНЬДАУ, САТЫП АЛУ. ТӨЛЕМАҚЫ ТӘРТІБІ 6.1. Жалпы ережелер. Броньдау6.1.1. Сайтта броньдауды жүзеге асыра отырып, Сатып алушы өз дербес деректерін, сонымен қатар нақты таңдап алған Қызмет үшін қажет болған жағдайда Жолаушылардың/Клиенттердің дербес деректерін ұсынуға міндетті:
- тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын растайтын құжатта көрсетілген жағдайда және таңдап алған Қызметті алу үшін қажет болған жағдайда);
- жеке басын растайтын құжаттардың деректері (мысалы, төлқұжаттың нөмірі мен топтамасы);
- туған күні;
- жыныстық тиесілігі туралы ақпарат;
- азаматтығы туралы ақпарат;
- заңды тұлғаның Тапсырыс үшін төлеуге арналған деректер (атауы, БСН, заңды мекенжайы, шот нөмірі, Банктің деректемелері);
- тапсырысқа және Қызметтерді пайдалануға қажетті өзге деректер.
Сайтта Тапсырысты құруға қажетті деректердің тізімін Агенттік өз қарауына орай өзгертуі мүмкін, бұл ретте аталмыш өзгерістер осы Шартқа сәйкес өзгерістерді міндетті түрде енгізуді талап етпейді.
6.1.2. Броньдауда көрсетілген дербес деректері құжаттарда көрсетілген деректермен сәйкес келмеген жеке басын растайтын деректері шатасып кеткен (атының орнына тегі көрсетілген немесе керісінше) жолаушылар/клиенттер Қызметтерді алуға жіберілмейді.
6.1.3. Тапсырысты ресімдейтін кезде сіз Броньдау жүйесінде толтыру үшін «міндетті» деп көрсетілген барлық жолды толтыруыңыз тиіс. Сіз құрған Тапсырыстарды (Броньдау диалогының барлық қадамдарын аяқтау) Сайтта Броньдау жүйесі автоматты түрде өңдейді. Барлық құрылған Тапсырыстар «Менің билетім» бөлімінде қарау үшін қол жетімді болып табылады.
6.1.4. Тапсырысты құратын кезде Броньдау жүйесі сізге Тасымалдаушылардың/Қызметтерді жеткізушілердің қосымша қызметтеріне және/немесе Агенттіктің қосымша қызметтеріне тапсырыс беруді ұсына алады (мысалы, ұшу кезінде жүкті сақтандыру шартын жасау немесе sms хабарлама және т.б.). Бұл жағдайда, Тапсырысты құратын кезде Броньдау жүйесі сіз үшін пайдалы болуы мүмкін (сізді қызықтыруы мүмкін) Агенттіктің Қосымша қызметімен қатар және/немесе Тасымалдаушының/Қызметтерді жеткізушінің қосымша қызметтерімен қатар сәйкес белгілерді («қанат белгілерді») автоматты түрде қойып шығады. Әрбір тапсырысты құратын кезде сіз сәйкес белгілердің («қанат белгілердің») бар-жоғын тексеруге міндеттісіз. Броньдау жүйесі ұсынатын Тасымалдаушылардың/Қызметтерді жеткізушілердің қосымша қызметтері және/немесе Агенттіктің қосымша қызметтері сіз үшін өзекті болмаған жағдайда сіз Тапсырысты құратын кезде төлемақы жүргізетін сәтке дейін бұндай белгілерді («қанат белгілерді») өз бетіңізбен алып тастауға (шешуге) міндеттісіз. Тапсырысты құратын кезде Броньдау жүйесі ұсынатын Тасымалдаушылардың/ Қызметтерді жеткізушілердің қосымша Қызметтері және/немесе Агенттіктің қосымша қызметтері сіз үшін өзекті болмаған жағдайда,бірақ сіз өз бетіңізбен Тапсырысты құратын кезде төлемақы жүргізгенге дейін бұндай белгілерді («қанат белгілерді») алып тастамаған (шешпеген) жағдайда Броньдау жүйесі ұсынған Тасымалдаушылардың/Қызметтерді жеткізушілердің қосымша Қызметтері және (некмесе) Агенттіктің Қосымша қызметтері сіз үшін өзекті болып есептеледі және Тапсырысқа кіреді. Сіз Тапсырысты құратын кезде Броньдау жүйесі ұсынатын қосымша Қызметтердің және/немесе Агенттіктің қосымша қызметтерінің сіз үшін өзекті болмауымен, бірақ сіздің төлемақы жүргізетін сәтке дейін Тапсырысты құратын кезде осындай белгілерді («қанат белгілерді») өз бетіңізбен алып тастамауыңызбен (шешпеуіңізбен) байланысты Агенттікке қатысты ешқандай кінәрат қоймауға, арыз, талап арыз, өтініштер және т.б. бермеуге міндеттенесіз.
6.1.5. Броньдаудағы деректерді өзгерту. Ресімделген тапсырыстағы Жолаушылардың/Клиенттердің кез келгенінің деректерін өзгертудің (оның ішінде қателерді түзетудің), бағытты, күнді өзгертудің және т.б. нақты қызмет төлемақысы жүргізілген онда мақұлданған тарифтерді жоғалтуға, сонымен қатар әртүрлі қосымша төлемдерге алып келуі мүмкін екендігіне назар аударыңыз. Броньдаудағы Жолаушының/Клиенттің дербес және өзге деректерін өзгерту осы Броньдау бойынша билеттерді қайтаруға және жаңа құн бойынша жаңа билеттерді ресімдеуге негіз болуы мүмкін. Құрылған броньдауға өзгерістер енгізетін кезде Сатып алушы барлық мүмкін тәуекелдерді өзіне алады, оның ішінде, бірақ мұнымен шектелмей, құнын жоғалтумен, нақты Қызмет ақысы төленген тарифтің өзгеруімен, билеттерді қайтарумен, Броньдауға өзгерістер енгізумен байланысты Сервистік алым төлемімен, түрлі қосымша төлемдерді, санкцияларды/айыппұлдарды төлеумен, жаңа Броньдауды құру қажеттілігімен, төленген қаражатты қайтарумен, төленген қаражатты қайтаратын кезде валюта айырбастаумен және т.б. байланысты қаржылық тәуекелдерді өзі көтереді. Броньдау кезінде барлық деректің толтырылуына мұқият назар аударуды сұраймыз. Агенттік Броньдау кезінде сіздің ақпаратты енгізуіңізді тексеру үшін қолдан келгеннің барлығын жасайды, бірақ сіздің Жолаушылардың/Клиенттердің дербес және өзге деректерін дұрыс, толық және дәл толтырмауымен байланысты жауапкершілік арқаламайды және арқалай алмайды.
6.1.6. Төленбеген/төленген Броньдауларды ауыстыру. Броньдауларды төлеуге арналған мерзімдерді Тасымалдаушылар/Қызметтерді жеткізушілер анықталады және Агенттік Қызметтердің төлемақысы үшін белгіленген мерзімді өзгертуге ықпал ете алмайды және осындай Броньдауларды өзгерткені үшін жауапкершілік арқаламайды.
Сіздің Брондауыңызтөмендегі жағдайларда айыппұл санкцияларысызБрондау Жүйесінде автоматты түрде алып тасталатын болады: (i) егер Брондау диалогының бүкіл қадамдарын өту барысында Тасымалдаушы/ Қызмет жеткізуші Қызметтердің күшін жойса (сатып тастаса) (мысалы, билеттердің барлығын тараптас сервистердің көмегімен үшінші тұлғалар не болмаса Тасымалдаушының өзі сатып алса); (ii) егерсіз төлемді растау жөніндегі бір реттік кодты енгізіп жатқан кезде Тасымалдаушы/ Қызмет жеткізуші Қызметтердің күшін жойса (сатып тастаса); (iii) егерсіз белгіленген мерзім аралығында Брондау үшін төлем жүргізбесеңіз/төлемді растамасаңыз.
Осы арқылы, сіз Брондау алып тасталған жағдайда оны қайта жүзеге асыру (тура алдыңғы Брондау сияқты), осындай Брондауда көрсетілген Қызметтердің құны алып тасталған Брондауда көрсетілген бағадан жоғары болуы мүмкін екенін келісесіз және мұны түсінесіз.
6.1.7. Расталған Тапсырыстардың барлығы және олардың мәртебесін «Меніңбилетім» бөлімінен көруге болады. Біз Сайтта таңдап алынған әрекетті аяқтаған соң әрдайым браузер парақшасын жаңартып отыруға кеңес береміз. Бұл Тапсырысыңыздың мәртебесі жайлы өзекті ақпарат алу үшін қажет.
Брондау Жүйесі Тапсырысыңызды өңдеп болғаннан кейін Агенттіктің немесе Қызмет Жеткізушінің/Тасымалдаушының таңдауына қарай сіздің электронды поштаңызға және/немесе ұялы телефоныңызғаоның мәртебесі туралы хабарлама келуі мүмкін. Қызмет келесі жағдайларда Агенттік тарапынан лайықты түрде әрі толық көлемде ұсынылған болып есептеледі: (i) төленген Тапсырыс туралы немесе расталған Брондау туралы ақпарат Сайттағы «Меніңбилетім» бөлімінде көрсетілген сәттен бастап және төленген Тапсырыстың немесе расталған Брондаудың электронды-сандықбланкін жүктеуге мүмкіндік берілген сәттен бастап (мысалы, электрондыбилет / бағыт-түбіртек, электронды ваучер, сақтандыруполисі, билет, брондау бланкі) немесе (ii) Клиенттің эелектронды поштасы немесе ұялы телефон нөмірі бойынша тиісті растаудың жөнелтілуі және/немесе төленген Тапсырыстың немесе расталған Брондаудың электронды-сандықбланкінің жөнелтілуі (мысалы, электрондыбилет / бағыт-түбіртек, электронды ваучер, сақтандыруполисі, билет, брондаубланкі).Электронды-сандық құжат жіберілген уақыт болып, Агенттік жөнелтімді тоқтата алмайтын күн және уақыт саналады. Осы сәттен бастап, электронды-сандық құжатты Клиент алған болып есептеледі.
6.1.8. Таңдап алған қызмет түрі үшін электронды- құжат/бланкі Сатып алушының Тапсырысты рәсімдеу кезіндегі электронды поштасына жіберіледі немесе басқа жолмен жөнелтіледі (электронды пошта арқылы, я болмаса ұялы телефон нөмірі арқылы хабарлама жіберу арқылы Сатып алушыға хабарлану). Таңдалған қызмет түрі үшін электронды-сандық құжат (мысалы,
электронды билет/бағыт-түбіртек, электрондываучер, сақтандыруполисі, билет, брондау бланкіжәне т.с.с.) Қызметтердің сатып алынғанын немесе оның Брондалғанын куәландырып, таңдалған Қызмет Жеткізушінің/Тасымалдаушының Қызметін құжатта көрсетілген тұлғалардың пайдалану құқығын (мысалы, саяхатқа аттану) растайды. Егер мұндай төлем таңдалған Қызмет түрі үшін қарастырылған болса, Сатып алушыдан толық төлем алынбайынша, Агенттіктің кез келген электронды-сандық құжаттарды жіберу міндеттемесі жоқ.
Электронды-сандық құжаттардың кейбірін Қызметтерді пайдаланбай тұрып, тікелей Қызмет Жеткізушінің/Тасымалдаушының кассасында билеттердің бланкілеріне айырбастап алу керектігіне назар аударыңыз. Сайтта алынбаған брондаулар төлемнің Қызметтер көрсетілу алдында Қызмет Жеткізушінің/Тасымалдаушының кассасында жүргізілуін көздейді. Осы арқылы Клиентэлектронды-сандық құжаттар осындай қажеттілік туындаған жағдайда билеттердің бланкілеріне айырбасталмаған жағдайда Қызмет Жеткізуші/Тасымалдаушы сізді Қызметті алуға жібермеуі мүмкін екендігі жайлы хабардар етілген.
Жолаушы электронды поштасы мен Брондауды рәсімдеу кезінде атап көрсеткен өзге де байланыс құралдарын қарап, Тапсырыстың растауының және/немесе төленген Тапсырыстың не болмаса расталған Брондаудың электронды-сандық құжатының келуін, сондай-ақ электронды-сандық құжатта көрсетілген ақпаратты тексеруге міндеттенеді. Жолаушы электронды-сандық құжатты өз бетінше қағазға басып шығаруға міндеттенеді. Тасымалдаушы/Қызмет жеткізуші Қызметтерді пайдалану алдында Жолаушыдан/Клиенттен жеке куәлігін және/немесе қағаз билет сұрауы мүмкін. Жеке басты куәландыратын құжат пен Қызметті пайдалануға қажет өзге де құжаттар, сондай-ақ сіздің атыңызға берілген күші бар билет болмаған жағдайда Тасымалдаушы/Қызмет жеткізуші сізге Қызметтерді көрсетуден бас тарта алады.
6.1.9. Қызмет жеткізушілерден/Тасымалдаушылардан келген хабарлама. Егер бұл тиісті Қызметпен қарастырылса, сіз Тасымалдаушыдан/Қызметжеткізушіден өзіңіз тапсырыс берген Қызмет жайлы хабарлама алып тұруыңыз мүмкін. Агенттік осы Сайтты пайдаланусыз жүзеге асырылатын сіз бен Тасымалдаушы/Қызмет жеткізуші арасындағы хабар алмасу үшін жауапкершілік көтермейді және хабар алмасуларды қадағаламайды.
6.1.10. Жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстар, науқандар. Жеңілдіктерменарнайыұсыныстар, науқандар нақты көрсетіледі. Олар ережелер мен қолданыс мерзіміне сәйкес көрсетіліп, сол ережелерге сай қолданылу тиіс. Егер ҚызметТасымалдаушы/Қызмет жеткізуші тарапынан тиісті жас мөлшеріндегі («бала» және/немесе «нәресте», бала мен сәбидің жасы жас категориясына («бала»,«нәресте»,) сай келу тиіс) тиісті Тасымалдаушы/Қызмет жеткізуші саяхаттың аяқталу күніне немесе Қызметтің пайдаланылуы аяқталатын күнге белгілеген азаматтар үшін жеңілдіктерді көздесе, жеңілдіктің алынуы көзделеді. Клиенттің/ Жолаушының жасы тиісті құжатпен (төлқұжат/баланың туу туралы куәлігі/жеке басты куәландыратын басқа құжат) расталу тиіс. Құжаттың түрі мен нысанына қойылатын талаптарТасымалдаушының/Қызмет жеткізушінің белгілеген ережелерімен айқындалады.
6.2. Жалпы ережелер. Төлем.6.2.1. Төлем әдісін таңдау және төлем деректері. Сатып алушы өзіне ыңғайлы Тапсырыс төлеу әдісін осы Сервис түрі үшін лайық және төлем жасау кезінде Сайтта қол жетімді болатын әдістердің арасынан өзі таңдайды. Төлемді жүргізу және растау үшін қарастырылмаған және қол жетімсіз төлеу әдістері мен тәсілдері қабылданбайды.
Төлем карточкасы арқылы төлеу әдісі таңдалған жағдайдаСатыпалушытөлем карточкаларына қатысты ақпаратты, яғни, карта нөмірін, қартаның қолдану мерзімін, CVC / CVV-код пен төлем картасын ұстаушының аты-жөнін көрсетеді де, Агенттікке/Тасымалдаушыға/Қызмет жеткізушіге /Төлем жүйесіне ақшалай қаражатты таңдалған қызметке аудару бойынша өзінің дербес және төлем деректерін өңдеуге өз келісімін береді.
Агенттік сізге Тапсырысқа кіретін нақты бір қызмет түріне қарай және Агенттік пен нақты Тасымалдаушы/Қызмет жеткізуші арасында жасалған шарттың талаптарына қарай Тапсырысты төлеудің бір және бірнеше жолын ұсынуға құқылы. Агенттік кез келген уақытта және өз қалауына қарай осы Шартқа өзгерістер енгізу және қандай да бір хабарлама беру міндеттемелерісіз Сайттағы төлем жүргізу әдістерінің кез келгенін өзгертуге/алып тастауға құқылы.
6.2.2. Заңды тұлғаның атынан ақы төлеу. Егер Сатып алушы заңды тұлғаның өкілі болса, Сайтта басқа ықтимал төлем әдістерінің арасында Сатып алушыға заңды тұлғаның атынан Тапсырысты төлеу мүмкіндігі беріледі. Төлемді жасамас бұрын, заңды тұлғаның атынан төлем жасау үшін қажетті құқықтар мен өкілеттіктердің, соның ішінде тиісті сенімхаттар мен басқа да құжаттардың бар екеніне кепіл боласыз.
Заңды тұлғаның атынан төлем әдісін таңдаған кезде, Сатып алушы ұсынған заңды тұлғаның төлем туралы деректерді, атап айтқанда: аты, заңды мекен-жайы, БСН, шот нөмірі, қызмет көрсететін банктің деректері (атауы, БСК) туралы ақпарат беруге міндетті. Заңды тұлғаның атынан брондау жасаған кезде, өкімге жасалған Тапсырыс үшін төлемдерді аудару күндері туралы ақпарат беріледі.
Заңды тұлғаның атынан төленген Тапсырыс үшін электрондық шот-фактурасын Агенттік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынады. Билет үшін жөнелтпе құжаттың және атқарылған жұмыстар актінің түпнұсқалары заңды тұлғаның атынан төленетін Тапсырыс үшін Агенттік осы заңды тұлғаның жазбаша сауал бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мерзімде Тапсырысты төлеу кезінде өкілдің көрсеткен заңды мекен-жайына жібереді.
6.2.3. Төлем транзакциясын өңдеуге өкілеттіктер. Сатып алушы төлем жүргізу әдістін таңдап, оны растаған соң, Агенттікті (оның серіктестерін немесеаффилирленген тұлғаларын) не болмаса Тасымалдаушыны/Қызметжеткізушіні/Төлем жүйесін ол көрсеткен төлем картасынан /банк шотынан (соның ішінде заңды тұлғаның есеп шоты) таңдалған төлем жүргізу әдісі арқылы Сайтта көрсетілген Тапсырыстың толық құнын, оған қоса, Сервистік алымдарды, комиссияларды, ақша аудару үшін тиісті үстемелерді, конвертация мен бағам айырмашылығы сомасынұстап қалуға уәкілеттендіреді. Мұнымен қоса, атап көрсетілген тұлғаларды сіздің төлем және дербес деректеріңізді (i) сіз тапсырыс берген Қызметтерді сатып алу үшін, (ii) егербұл қажет болса, төлемнің қайтарылуын өңдеу үшін және (iii) осы Шарттың талаптары мен сіздің Тапсырысты орындау үшін қажет басқа да мақсаттар үшін пайдалануға уәкілеттендіреді. Осы арқылы сіз Тапсырыс төленген сәтте Агенттікке төлем транзакцияларының өңделуі үшін қосымша шығын мөлшері беймәлім екенін толықтай түсінесіз және мұнымен келісесіз.
Қызметтерден/Агенттік ұсынған Қызметтерден бас тартылуына байланысты ақшаның қайтарылуына орай Қызметтердің/Агенттік ұсынған Қызметтердің төленуіне қатысты даулы қаржылық мәселелерді шешу үшін, сондай-ақ өзге де қаржылық мәселелерді шешу үшін Агенттік сізден банктік үзінді көшірме сұрауға құқылы, ал сіз болсаңыз, оны ұсынуға міндеттісіз.
Сіз Тапсырысты төлеудің кез келген тәсілін таңдаған жағдайда Қызмет ақысы алынғаннан кейін Агенттік аталған ақшаны тиісті Тасымалдаушыға/Қызмет жеткізушіге аударатынын және қандай дау болмасын, қандай сот өндірісі болмасын, осы фактіні дауламауға міндеттенетінін мойындап-танисыз.
6.2.4. Төлем үшін қаражаттың жеткілікті болуы. Төлем картасының/банктік шоттың көмегімен Тапсырысты растайтын сәтте төлемдерді өңдеумен, валютаны айырбастаумен немесе бағамдық айырмашылықпен байланысты болжамды қосымша шығындарды ескере отырып, Сатып алушының тапсырысты толық төлеуге жеткілікті қаражаты болуы тиіс, төлем картасындағы теңгерім осындай қосымша шығындардың барлығын өтеу үшін жеткілікті болуы тиіс. Агенттік Броньдауды ауыстырғаны үшін және Сатып алушың төлем картасында/банктік шотында қаражаттың жеткіліксіз болуымен байланысты Сатып алушының көтерген шығындары үшін жауапкершілік арқаламайды.
6.2.5. Төлем транзакциялары. Тапсырысты құратын/ресімдейтін кезде төлем картасындағы қаражат бұғатталып, кейіннен есептен шығарылуы мүмкін. Төлем картасынан қаражатты есептен шығаруды Агенттік/Тасымалдаушы немесе Қызметтерді жеткізуші бір төлеммен немесе бірнеше төлеммен жүргізуі мүмкін (мысалы, біруақытта бірнеше билетті/қонақүйдегі нөмірлерді броньдайтын кезде әрбір билет жеке-жеке, немесе бірнеше қызметке біруақытта тапсырыс берген жағдайда әрбір қызмет үшін жеке-жеке). Қаражатты есептен шығару Тапсырысты құратын сәтте, сондай-ақ Қызметтерді жеткізушілердің/Тасымалдаушының ережелеріне сәйкес Тапсырысты растағаннан кейін 30 (отыз) күннің ішінде немесе одан да көп мерзім ішінде жүргізіледі. Сатып алушы Агенттіктің немесе Қызметтерді жеткізушінің/Тасымалдаушылардың төлем картасынан қаражатты есептен шығаруы мүмкін және кез келген уақытта қол жетімді боуыы үшін барлық шараны қолдануға міндеттенеді (мысалы, төлемді жүзеге асыру үшін шығарушы банктің барлық шектеулері мен лимиттерін Сатып алушы қаражатты шоттан нақты шығаратын сәтке дейін алуы тиіс).
6.2.6. Төлем транзакцияларын тексеру. Төлем картасының иегері оны заңнама талаптарына сәйкес және эмитент банкпен жасалған шарт талаптарына сәйкес пайдалануға және заңды құқығы немесе уәкілеттіктері жоқ тұлғалардың төлем картасын пайдалануына жол бермеуге міндеттенеді. Төлем кезінде төлем карталарын түрлі заңсыз пайдалану жағдайларының алдын алу үшін Сайтта төлем картасы арқылы ресімделген және төленген барлық тапсырыстарды Агенттік төлем транзакцияларының заңдылығын тексеруге арналған барлық қол жетімді құралдармен, сонымен қатар, бірақ мұнымен шектелмей, төлемдердің және егжей тегжейі Сайтта көсретілген антифрод тексерулердің қауіпсіздік ережелері мен стандарттарына сәйкес тексереді.
Агенттік сізге Қызметтерді көрсетуден бас тарту немесе төлем картасы бойынша жүргізілген транзакцияны күмәнді /алаяқтықпен жасалған деп есептеуге жеткілікті негіздеме болған жағдайда төлем картасын ұстаушының құжат көшірмелерін қосымша сұрату құқығын өзіне қалдырады. Иегер тұлғаны және оның Сайттағы Қызметтерді төлеу үшін төлем картасын қолдануға қатысты құқықтық қабілетін тексеру мақсатында Агенттік Сатып алушыдан төмендегілерді сұратуы мүмкін:
- жеке деректері бар төлқұжат парақтарының көшірмелері;
- екі жағынан төлем картасының көшірмелері (картаның нөмірінде алғашқы алты және соңғы төрт цифр анық көрсетіліп тұруы тиіс, CVC / CVV-кодты жауып қою керек).
Сіз Агенттіктің талабымен және Агенттік белгілеген мерзімдерде құжаттардың көрсетілген көшірмелерін Агенттіктің талаптарына сәйкес келетін мөлшерде және пішімде электронды пошта арқылы жолдауға міндеттенесіз. Сұратылатын құжаттар дер кезінде ұсынылмаған жағдайда немесе олардың растығына қатысты күмән туған жағдайда Агенттік себептерін түсіндірместен Тапсырысты жою құқығын өзіне қалдырады. Төленген Тапсырыс құны Сатып алушының төлем картасына қайтарылады, ал Сатып алушының картасында бұғатталған қаражат бұғаттаудан шығарылады.
Агенттіктің төлем транзакцияларын тексеруді өзінің офистік жұмыс сағаттары ішінде ғана жүргізетіндігіне назар аударыңыз. Осыған байланысты өзге уақытта тапсырыс берілген Қызметтер бойынша кез келген төлем транзакциялары келесі жұмыс күні өңделуі мүмкін. Агенттік осындай тексерулер нәтижесінде көтерген кез келген шығыс үшін жауапкершілік арқаламайды.
6.2.7. Валюта. Агенттік пен Сатып алушының арасындағы есеп айырысулар Қазақстан Республикасының теңгеде жүргізіледі. Сатып алушы мен сәйкес Қызметтерді жеткізушілер/Тасымалдаушылар арасындағы есеп айырысулар өздері/эмитент банктер белгілеген есеп айырысу ережелеріне сәйкес өткізіледі/өңделеді. Бұл жағдайда Сатып алушының шотынан қаражатты есептен шығару валютасы Сайтта белгіленген валютадан ерекшеленуі мүмкін. Броньдауды құра отырып, сіз өзіңізге Тапсырыстың құнын құру талаптары, шоттан қаражатты есептен шығару валютасының және төлем талаптарының хабарланғанымен келісесіз және сіз белгіленген талаптарды сөзсіз қабылдайсыз.
6.2.8. Төлем транзакцияларын өңдеудің қосымша шығындары. Сатып алушы барлық комиссиялық шығындар үшін, болжамды айырбастау және бағамдық айырмашылық сомалары үшін және төлем картасының/төлем жүйесінің эмитенті, төлем инфрақұрылымы қызметтерінің операторы Тапсырыс құнына қосуы мүмкін басқа да белгіленген шығын сомалары үшін толық және дара жауапкершілік арқалайды. Сатып алушы Сайтта Тапсырыстың төлемақысын жүргізуге қолданылуы мүмкін банктің ережелерімен, тарифтерімен және комиссияларымен, валюта айырбастау, конвертациялау талаптарымен дербес танысуға міндеттенеді. Сіз Агенттіктің Сатып алушыларға қосымша конвертациялар жағдайындағы шығындарды және бағамдық айырмашылықтарды өтемейтіндігін қабылдайсыз және бұнымен келісесіз, өйткені ол Сатып алушыға тасымалдаушының баға құру саясаты туралы ғана ақпарат ұсынады, бірақ құрылған сәтінен бастап қаражат сатып алушының шотынан есептен шығарылғанға дейін, сонымен қатар қаражат Қызметтерді растайтын құжаттарды қайтару нәтижесінде шотқа есепке алынатын кезде төлем карталарына қызмет көрсететін қатысушылардың арасында өзара әрекеттесу саясатын құруға қатыспайды. Қызметтердің төлемақысын жүргізер алдында Агенттік сіздерге сіздің төлем транзакцияларыңыздың барлық егжей-тегжейі туралы ақпарат алу үшін білікті маманға жүгінуді ұсынады.
6.2.9. Сайтта қол жетімді болатын, жария қол жетімді түрлі дереккөздеріне негізделген валюта айырбастау бағамдары ақпараттық мақсаттарда ғана қолданылуы тиіс. Валюта айырбастау бағамдары күн сайын жаңартылып отырмайды және нақты бағалар дәл болмауы мүмкін және сіздің төлем транзакцияларыңыз үшін нақты валюта айырбастау бағамынан ерекшеленуі мүмкін.
6.2.10. Валюталарды айырбастау және төлем кезіндегі банктік комиссиялар: - Кейбір Қызметтерді жеткізушілердің/Тасымалдаушылардың жұмыс ережелеріне сәйкес Сатып алушының төлем карточкасынан Броньдау құнын есептен шығару сұратуы Броньдау жүзеге асырылатын елдің шегінен тыс орналасқан банктерден түсуі мүмкін. Банктік картаны шығарушы банк Халықаралық сапарды броньдауды халықаралық транзакция деп есептеуі мүмкін, өйткені қаражатты есептен шығару сұратуын Қызметтердің шетелдік жеткізушілері/Тасымалдаушылар өткізуі мүмкін.
- Валюта айырбастау бағамын және халықаралық транзакция үшін комиссия сомасын Сатып алушының эмитент банкі транзакцияны өңдейтін күні ғана анықтайды. Сіз жүргізген төлем транзакциясы өңдеу күні Сайт арқылы төлем жүргізген күннен ерекшеленуі мүмкін екендігіне назар аударыңыз.
- Броньдау банктік карта шығарылған елдің шегінен тыс жүзеге асырылған жағдайда немесе төлем валютасы төлем карточкасының валютасынан ерекшеленген жағдайда банк төлем сомасын жергілікті валютаға айырбастай алады, валютаны айырбастағаны үшін комиссия алуы мүмкін, халықаралық транзакцияны жүргізгені үшін комиссия есептеуі мүмкін. Осыған байланысты төлем транзакциясын растау туралы есепте көрсетілген сома жергілікті валютада болуы мүмкін және бұл сома Сайттағы броньдау үшін төлемақының қорытынды парақшасыда көрсетілген сомадан ерекшеленуі мүмкін.
- Валюта айырбастау және банктік комиссиялар төлем сатысында, сондай-ақ Броньдауды жоятын/тоқтататын кезде қаражатты қайтару сатысында да туындауы мүмкін.
6.3. Жалпы ережелер. Қайтару6.3.1. Сатып алушыға тапсырыс үшін ұсынылған қаражатты қайтару үнемі осы шарттың талаптарына, қызметтерді көрсету ережелеріне/Тарифтік ережелерге, өзге ережелер мен ұсынымдарға және т.б., сонымен қатар Қызметтерді қайтару сұратуын беру үшін және өңдеу үшін қолданылатын Тасымалдаушының/Қызметтерді жеткізушінің ұсынымдарына, қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
6.3.2. Қайтару өтінімін өңдеу тәртібі және қаражатты Сатып алушыға қайтарудың техникалық рәсімі сатып алынған Қызмет тиесілі болатын әрбір жеке Сервис үшін Қызметтерді көрсету ережелерімен/Тарифтік ережелермен реттеледі.
6.3.3. Агенттіктің қаражатты қайтаруға бастамашы болған Сатып алушыдан қосымша құжаттардың: жеке басын сәйкестендіретін құжаттардың (мысалы, төлқұжат), өтініштердің, анықтамалардың, сенімхаттардың, ұсынылған заңды тұлғаның ресми бланкісіндегі құжаттардың және/немесе хаттардың, куәліктердің және қайтару себебін растайтын басқа да құжаттардың көшірмелерін талап етуге, сонымен қатар даулы қаржылық мәселелерді шешетін кезде банктік көшірмелерді ұсынуды талап етуге құқығы болады. Қызметтерді қайтаруға сұрату бере отырып, Сатып алушы Агенттікке осындай қатарудың негіздемесін (себебін) барынша толық жеткізуге міндетті. Сатып алушы қажетті құжаттардың ұсынылмауы үшін, сонымен қатар Агенттікке Қызметтерді қайтару негіздемесін (себептерін) жеткізбегені үшін толық және дара жауапкершілік арқалайды.
7. «ӘУЕ БИЛЕТТЕРІ» САЙТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ7.1. Әуе билеттері сервисі. Жалпы талаптар.7.1.1. Әуе билеттері сервисінің қызметтерін ұсыну ерекшеліктері осы Шартта баяндалған жалпы броньдау, сатып алу және Қызметтердің төлемақы тәртібін, сонымен қатар осы сілтеме бойынша қол жетімді болатын Әуе билеттері сервисі жұмысының қосымша ережелерін ескере отырып қолданылады.
7.1.2. Броньдауды құра отырып, сіз Әуе билеттері сервисінің кез келген талаптары сізге тікелей Броньдауды құрар алдында (Броньдаудың әрбір қадамында) хабарлануы мүмкін екендігін, сонымен қатар кез келген уақытта Броньдауды құрғанға дейін және кейін электронды поштаға/мобильді телефонға жолдануы мүмкін екендігін растайсыз және бұнымен келісесіз.
7.1.3. Әуе билеттеріне және Тасымалдаушылардың қосымша қызметтеріне тапсырыс берумен байланысты барлық құқықтық қатынастар, оның ішінде, бірақ мұнымен шектелмей, броньдау мен ресімдеу/ жазып беру ережелері, төлемақы ережелері; тарифтерді қолдану ережелері, тасымалдау құжаттарын (электронды билеттерді) жою/қайтару, сонымен қатар оларға өзгерістер енгізу ережелері; Тапсырыс берушінің тапсырыс берілген қосымша қызметтерін ресімдеу және олардан бас тарту ережелері; Тасымалдаушылардың Қызметтерді ұсынуының басқа да талаптары сәйкес Тасымалдаушылардың Қызметтерді көрсету ережелерімен, нақты әуе билеті үшін Тариф ережелерімен, әуе тасымалы шартымен, «ИАТА» шартымен, осы Шартпен, сонымен қатар қолданыстағы заңнаманың өзге нормаларымен және халықаралық құқық нормаларымен реттеледі.
7.1.4. Осы құжат арқылы сізге Тасымалдаушылардың рейстің тоқтатылғаны/кешіктірілгені туралы, әуе билеттеріне қатысты басқа да өзгерістер туралы ақпараттың Агенттікке үнемі ұсынылмайтындығы/халықаралық броньдау жүйесінде жарияланбайтындығы туралы хабарланды, осыған байланысты сіз әуе билетіне кіретін рейс туралы ақпаратты дербес қадалауға міндетті боласыз.
7.2. Әуе билеттері сервисі. Брондау.7.2.1. Сайт арқылы, әдетте, әуе билетін сапарға дейін 364 күн бұрын және таңдап алған рейс жөнелтілетін уақытқа дейін 4 (төрт) сағаттан кешіктірмей сатып алуға болады. Күмән туған жағдайда Қолдау көрсету қызметімен әуе билеттерін сатып алу мүмкіндігін растаңыз.
7.2.2. Кейбір әуе компанияларының ережелері бойынша Жолаушылардың төлқұжатында «әкесінің аты» деген жол болған жағдайда Сатып алушы Броньдау кезінде оны сәйкес жолда көрсетуге міндетті болады.
7.2.3. Жүкті тасымалдау талаптары Тариф ережелерінде анықталады және Броньдауды құратын сәтке қарай қол жетімді болады. Әуе билетінің тарифіне байланысты Жолаушы белгілі бір жүк көлемін өзімен бірге тегін алып жүре алады. Сатып алушы жүкті тасымалдау ережелерімен өз бетімен танысуға міндеттенеді және жүкті тасымалдау ережелерінің әрбір жеке Тасымалдаушыда ерекшеленуі мүмкін екендігімен келіседі, бір Тапсырыстағы түрле билеттерде ерекшеленуі мүмкін екендігімен (билеттерді сегмент бойынша ресімдеген кезде) және Тапсырыста әрбір жеке Жолаушыда (мультитарифтік броньдау кезінде) ерекшеленуі мүмкін екендігімен келіседі.
Сонымен қатар Жолаушы тасымалдауға тыйым салынған заттардың тізімімен және жүктердің жекелеген санаттарын тасымалдау талаптарымен, сонымен қатар жүктерді тасымалдау ережелерімен және нормаларымен дербес танысуға міндеттенеді.
7.2.4. Сатып алушы Қолдау көрсету қызметінен Тасымалдаушылар ұсынатын болса, қосымша Қызметтердің бар-жоғаны анықтап, тапсырыс бере алады, атап айтқанда: арнайы мәзір, борттағы орындарды таңдау, жануарларды, стандарттан тыс немесе қосымша багажды тасымалдауды ресімдеу, мүмкіндігі шектеулі адамдарға отыратын/түсетін кезде көмек көрсету туралы өтінішті беру, балаларға еріп жүру қызметі және басқалары. Қосымша қызметтердің кейбіреуі Сайтта жекелеген Тасымалдаушылардың рейстарына Броньдауды құратын кезде қол жетімді болады.
7.2.5. Сатып алушы әуе билеттерін сатып алу, балалармен сапар шегу немесе ересектердің еріп жүруінсіз балалардың сапар шегуі жөніндегі Тасымалдаушының ережелерімен дербес таңысып, оларды орындауға міндеттенеді. Броньдауды құрмас бұрын Қолдау көрсету қызметінен консультация алуды ұсынамыз.
7.2.6. Жолаушы Қолдау көрсету қызметінен және/немесе Тасымалдаушыдан электронды жабдық пен құрылғыларды тасымалдау ерекшеліктерін, сонымен қатар сарап кезінде оны пайдалану талаптарын нақтылауға міндеттенеді.
7.2.7. Клиент Агенттікке және Агенттікке қатысты Клиенттің осы Шарт талаптарын бұзуы нәтижесінде күтпеген жағдайлардың туындауымен байланысты, атап айтқанда Броньдау жүйесінде және/немесе Қолдау көрсету қызметінде тапсырысты құратын сәтте жүкті тасымалдау ережелері, тәртібі мен талаптары туралы ақпарат болмай, ал Клиент Тапсырысты төлегенге дейін нақты тариф бойынша нақты тасымалдаушыда белгіленген жүкті тасымалдау ережелерімен, тәртібімен және талаптарымен өз бетімен таныспаған жағдайда Клиентте/Алушыда күтпеген жағдайлардың туындауы нәтижесінде қайсы бір кінәраттарды, арыздарды, талап арыздарды, мәлімдемелерді және т.б. жасамауға міндеттенеді.
7.3. Әуе билеттері сервисі. Құны. Төлемақы және ресімдеу тәртібі.7.3.1. Әуе билеттерінің құны Тасымалдаушылар мен әуежайлар белгілеген тарифтерден, таксалар мен алымдардан құралады. Әуе билеттерінің құнына Агенттіктің сервистік алымы, банктік комиссиялар және қаражатты аударғаны үшін үстеме ақылар енгізілуі мүмкін. Әуе билетінің жалпы құны сатып алатын сәтте Броньдау жүйесінде қол жетімді болады және таңдап алған төлем әдісіне байланысты ерекшеленуі мүмкін.
7.3.2. Әуе билеттері тарифінің құнын тасымалдаушылар белгілейді және Броньдауды құратын кезде/»қалар бар және қалай қол жетімді» қағидаты бойынша жазып беретін сәтте Броньдау жүйесінде қол жетімді болып табылады. Агенттік Броньдауды құрған сәттен бастап тасымалдау құжаттарын нақты ресімдегенге/жазып бергенге дейін әуе билеттері бағасының болжамды өзгеруіне қатысты ешқандай кепілдік бермейді, өйткені бұл Тасымалдаушылардың тарифтік саясатына ықпал етпейді.
7.3.3. Броньдауды құратын сәтте (Броньдауды растау сәтіне дейін Сайтта немесе электронды поштаға жолданатын төлем шотында) Сатып алушыға әуе билеттерінің төлеміне бөлінген мерзім хабарланады. Жалпы ереже бойынша Сатып алушыға төлем үшін 12 (он екі) сағатқа дейінгі уақыт беріледі. Жекелеген жағдайларда төлем уақыты 4 (төрт) сағатты немесе одан да аз уақытты құрауы мүмкін. Сатып алушы әуе билеттерінің төлемақысы үшін белгіленген мерзімдерді орындауға міндеттенеді.
7.3.4. Сізге көрсетілген шекті мерзімі ішінде құрған және төлемеген Броньдауды Тасымалдаушының жоюы мүмкін екендігі туралы немесе тариф құнының өзгертілуі мүмкін екендігі хабарланды және сіз бұнымен келісесіз. Агенттік Тасымалдаушылар осындай Броньдауды ауыстырғаны үшін жауапкершілік арқаламайды және сол әуе билеттерін қайталап Брондайтын кезде тарифтердің сақталуына кепілдік бермейді.
7.3.5. Тасымалдау ережелері және тариф құны Броньдауды құратын сәтте шынайы болып табылады және Жолаушыларға алдын ала хабарландырмастан, әуе билетін жазып беретін сәтте оларды Тасымалдаушы дара өзгерте алады. Агенттік әуе билетін ресімдейтін кезде тариф Броньдауды құратын сәтте қолданылғаннан ерекшеленген жағдайда Қолдау көрсету қызметі Сатып алушыға тарифтің өзгергені туралы хабарлайды және Сатып алушыға қосымша төлем шотын ұсынуға құқылы. Сатып алушы өзгертілген бағамен әуе билетін сатып алумен келіспеген жағдайда Броньдау жойылады, ал төленген қаражат Тапсырыс берушіге осы Шарттың талаптарына сәйкес қайтарылады.
7.3.6. Жол жүру құжатын (электрондық билетті) ресімдеуді Агенттік оны тасымалдаушы брондау жүйесінде авторизациялағаннан кейін жүзеге асырады. Егер тасымалдаушы/қызмет көрсетуші өзге мерзімдерді белгілемесе, сатып алушыға брондау төленгеннен кейін [екі сағат ішінде] брондау расталғаны туралы тиісті түрде хабардар етіледі.
7.3.7.Авиабилетті сатып алудың дәлелі брондауды ресімдеу кезінде көрсетілген сатып алушының электрондық пошта мекенжайына жіберілген немесе сатып алушыға брондауды растау кезінде өзге келісілген тәсілмен берілген электрондық билет/маршруттық түбіртек болып табылады.
7.3.8. Төленген әуе билетін ресімдеу Сатып алушының өтініші бойынша шегерілген жағдайда, төленген билеттерді жазып берудің шекті мерзімі аяқталғаннан кейін әуе билетінің құнын немесе тариф құнын Тасымалдаушы өзгертуі мүмкін, ал брондалған орындар жалпы сатылымға түсуі мүмкін.
7.3.9. Броньдауды құратын кезде немесе оны ресімдегеннен кейін Сатып алушыға қосымша қызметтерге тапсырыс беру мүмкіндігі ұсынылады, оларды тікелей тасымалдаушылар ұсынады (мысалы, ұшақтағы орынды таңдау немесе қосымша жүктің ақысын төлеу). Осындай қызметтердің талаптарын, көлемі мен құнын (қосымша алымдар) тасымалдаушылар белгілейді және әрбір жеке рейске байланысты болады. Сатып алушының қосымша қызметтер туралы сұратуларын өңдегені үшін Сервистік алым белгіленуі мүмкін.
7.3.10. Сатып алушыдан түскен төлемақы расталғаннан кейін Агенттік Тасымалдаушыға қосымша қызметтерді алуға сұрату жолдайды. Тасымалдаушылардың қосымша қызметтерін сатып алудың растамасы болып электронды түбіртек табылады, ол Сатып алушының электронды поштасына жолданады.
7.3.11. Тасымалдаушы қосымша қызметтердің тапсырысын растамаған жағдайда Сатып алушыға олардың толық құны қайтарылады. Сатып алушының талабы бойынша қосымша қызметтерді қайтарған жағдайда қайтарылуға тиісті сома Қызметтерді көрсету ережелеріне және Тасымалдаушының Тарифтік ережелеріне сәйкес Сервистік алымсыз есептеледі.
7.3.12. Қосымша қызметтер мен әуе билеттерінің жеке Қызметтер ретінде жойылатындығына, айырбасталатындығына және қайтарылатындығына және бір біріне тәуелді болмайтындығына назар аударыңыз. Қосымша қызметті растамау әуе билетін автоматты түрде жоюға алып келмейді. Бұл жағдайда Қолдау көрсету қызметі Сатып алушыға әуе билеттерін немесе қосымша қызметтерді болжамды растау немесе жою нұсқалары туралы хабарлайды. Сатып алушылар Қолдау көрсету қызметі хабарлайтын мерзімдерге сәйкес тапсырыс берілген қызметтерді растауға міндеттенеді.
7.3.13. Агенттік терминалдардың немесе әуежайлардың арасында қозғалумен байланысты ешбір шығын үшін жауапкершілік арқаламайды және олардың ешқайсысын өтемейді.
7.4. Әуе билеттері сервисі. Әуе билеттерін жою, қайтару және өзгерту.
7.4.1. Әуе билетін мәжбүрлі түрде және/немесе ерікті түрде айырбастаған/қайтарған жағдайда қайтаруға жататын қаражат мөлшері туралы шешімді, айыппұлдарды өндіріп алу туралы шешімді әрбір жеке жағдайда Тасымалдаушы ғана қабылдайды және Қызметтерді көрсету ережелеріне, нақты әуе билеті тарифінің ережелеріне және Тасымалдаушының ішкі ережелеріне байланысты болады. Әуе билетін айырбастайтын/қайтаратын кезде айыппұлдарға қосымша Тасымалдаушының оның Қызметтері үшін қосымша алымы қолданылуы мүмкін.
Тасымалдаушының айыппұлдары мен алымдарынан басқа, Агенттік әуе билетін өзгерту, айырбастау және/немесе қайтару қызметтері үшін әрбір Жолаушыдан (сәбилерді қоспағанда) келесі мөлшерінде Сервистік алымды ұстап қалуға құқылы:
- Авиабилетті ауыстыру және алмастыру қызметі ақылы болып табылады. Қазақстан Республикасы бойынша ішкі сапарларға 1500 (Бір мың бес жүз тенге) көлемінде, халықаралық сапарларларға 4000 (Төрт мың) теңге;
- Авиабилетті қайтару қызметі ақылы түрде жасалады. Қазақстан Республикасы бойынша ішкі сапарларға қайтарылым құны 2500 (Eкi мың бес жүз теңге), халықаралық сапарға қайтарылым құны 4000 (Төрт мың) теңге.
7.4.2. Сондай-ақ, Агенттік Жолаушы жасаған паспорт деректеріндегі қателерді түзету бойынша қызметтерді көрсетуге құқылы, егер мұндай түзетулер мүмкін болса және Тасымалдаушы рұқсат берсе. Деректерді паспорт нөмірі, паспорт сериясы, оның жарамдылық мерзімі (егер болса) және жолаушының азаматтығына қатысты түзетуге болады.
Назар аударыңыз, бұл қызмет Жолаушының аты-жөнінде жіберілген қателерге қатысты көрсетілмейді.
Жоғарыда көрсетілген төлқұжат деректерін түзету қызметін ұсыну үшін Агенттік әр Жолаушыдан (екі жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) ҚҚС-мен бірге 900 (Тоғыз жүз) теңге көлемінде Сервистік алымды алады.
7.4.3. Әуе билетін мәжбүрлі түрде ауыстырған/қайтарған жағдайда Агенттіктің бұны ресімдегені үшін Сервистік алымы алынбайды. Әуе билетін мәжбүрлі ауыстыру/қайтару болып заңнамада, Қызметтерді көрсету ережелерінде/Тариф ережелерінде және әрбір жеке Тасымалдаушының ішкі ережелерінде белгіленген жағдайлар есептеледі.
7.4.4. Әуе билетін жойған/ауыстырған/қайтарған жағдайда Қосымша қызметтер құны, Сервистік алым, сонымен қатар қаражат аударғаны үшін қосымша ақылар қайтарылмайды.
7.4.5. Рейсті кешіктірген/ауыстырған жағдайда Агенттік Сатып алушымен Брондауда көрсеткен байланыс деректері бойынша хабарласып, Тасымалдаушының талаптарына сәйкес қажетті ақпаратты ұсынады.
7.4.6. Тікелей Тасымалдаушыға төленген әуе билеттері үшін қаражатты қайтару (сонымен қатар Сатып алушының банктік картасындағы ақша қаражатын бұғаттау немесе бұғаттаудан шығару) Тасымалдаушы дербес белгілеген талаптар мен мерзімдерге сәйкес жүргізіледі. Тікелей Тасымалдаушыға төленген әуе билеттердің ақшасын қайтару бойынша қызметтер көрсету үшін Агенттік Шарттың 7.4.1. Тармағында көрсетілген мөлшерде Сервистік алымды алуға құқылы. Егер Агенттіктің Сервистік алымы төлемі қайтарылатын сомадан асып кетсе, Агенттік әрбір Жолаушыдан (сәбилерді қоспағанда) қайтарылған соманың 50% (Елу пайыз) Сервистік алымын алуға құқылы. Қайтару.7.4.8-7.4.10 тармақтарына сәйкес, сондай-ақ Сервистік алымды төлегеннен кейін жүзеге асырылады.
7.4.7. Әуе билеттеріне өзгерістер енгізу немесе оларды қайтару сұратуын беруді Сатып алушы Сайттағы «Менің билетім» бөлімінде жүзеге асырады. Әуе билеттерін өзгерту және қайтару мүмкіндігін, олардың құнын белгілеу, қайтаруға жататын соманы есептеу әуе билетін қайтару немесе ауыстыру сұратуын ресімдейтін күні және уақытта жүргізіледі. Клиент әуе билетін қайтару/айырбастау/ өзгерту сұратуын «Менің билетім» бөлімі арқылы емес, Қолдау көрсету қызметі арқылы берген жағдайда (телефон арқылы қоңырау соғу/электронды хат жолдау және т.б.), қолдау көрсету қызметі Клиентке «Менің билетім» бөлімі арқылы әуе билетін қайтару/айырбастау/өзгерту сұратуын беруді ұсынады. Осы құжат арқылы Клиентке Қолдау көрсету қызметінде Қолданылатын тариф туралы ақпараттың болмайтындығы, оның әуе билеті үшін қайтаруға жататын соманы есептемейтіні, әуе билетін қайта ресімдеген (айырбастаған/өзгерткен) жағдайда қосымша төленуге тиісті соманы есептемейтіні хабарланады- бұл әрекеттерді Клиентпен тікелей байланыспайтын Агенттіктің өзге бөлімдері жүзеге асырады.
7.4.8. Әуе билеттеріне өзгерістер енгізу туралы өтініш Агенттікпен қабылданады және Сатып алушыдан төлем растау алғаннан кейін 72 сағат ішінде өңдеу процедурасын растау және / немесе нақтылау үшін Тасымалдаушыға жіберіледі. Әуе билеттеріне өзгерістер енгізу туралы кез-келген сұранысты, әдетте, 3-10 жұмыс күні ішінде Тасымалдаушылар қарайды. Тасымалдаушылар өтініштерді қарау уақытын анықтайды. Агенттік Тасымалдаушыға тиiстi сұрауларды жiбередi және оларды Тасымалдаушының кез келген өтiнiшiн ескере отырып кешіктірген жағдайда оларға әсер ете алмайды немесе Сатып алушыға жауап бермейді. Тасымалдаушыдан жауап алғаннан кейін 24 сағат ішінде барлық қажетті ақпаратты Агенттік Сатып алушыға береді.
7.4.9. Әуе билетін алып тастау (void) Сатып алушы «Менің билетім» бөлімінде ақшаны жою / қайтару шарттары / билетті жою үшін қайтарылатын соманы есептеу тәртібін растағаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Сатып алушы Сайттағы осы күшін жою шарттары туралы уақтылы растауы тиіс, ал кешіктірілген жағдайда, барлық шығыстарды және өз бетінше шығындарды көтеруге келіседі. Айрықша әуе билеттерінің қайтарылмайтын болуы мүмкін екенін ескеріңіз және мұндай әуе билеттерін жоюдың тәртібі (Тыйым ережелерінің шарттары мен Тасымалдаушылардың ішкі саясатына байланысты қолданылмайды).
7.4.10. Әуе билетін алып тастау (void) жағдайда оның ағызу күні үшін (жарамсыз) билет, сұрау өңдеу үшін тіркелгі комиссиялар тасымалдаушылар және қызмет агенттігі алымдарды ескере отырып Агенттік жасаған қайтару үшін сомасын есептеу. Әдетте, бұл жағдайда Тасымалдаушының айыппұлы қолданылмайды. жинау қызметі агенттігінің мөлшері төленген сомасын растау кезінде алушының хабарлады. Сіздің растау-есептелген сомаға кейін агенттігі күшін жою үшін Тасымалдаушыға растау сұрау жібереді қайтарылуға. кез келген жағдайда тасымалдаушы, төленген сома және оған қолданылатын жазалар қорытынды өлшемін анықтайды. Тасымалдаушы айыппұлсыз билет қайтарудан бас тарту құқығы бар екенін ескеріңіз. Бұл жағдайда Сіз билетті Тарифтік ережелерге сәйкес жоюға өтініш бере аласыз. Тасымалдаушылар өздерін қайтарудың ақырғы сомасын және жою туралы өтініштерді өңдеу уақытын анықтайды. агенттігі тек Тасымалдаушыға тиісті сұраулар жібереді және оларға ықпал немесе Тасымалдаушының сұрау немесе есептеу және Агенттік әзірленген және алушы расталды (төменге мөлшерінде өзгеруін қоса алғанда) жүзеге төленген нақты сомасы, қарауға кешіктірген жағдайда сатып алушыға жауапты бола алмайды.
Әуе билетінің күшін жоюдың қосымша шарттары
Сатып алушыға тікелей «Менің билетім» бөлімінде әуе билетін
қайтару/ауыстыру/өзгерту сұранысын жасаған кезде хабарлануы мүмкін.
7.4.11. Тасымалдаушыға тікелей төленген Әуе билеттерді қайтару (Сатып алушының төлем карточкасы бойынша ақшаны оқшаулау немесе бұғаттауды қоса алғанда) Сатып алушы мен Тасымалдаушының арасындағы тікелей келісімшарттың шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл жағдайда, Агенттік кез-келген кешіктіру немесе қателер үшін Сатып алушыға жауап бермейді, өйткені ол осы төлемдер операцияларының қатысушысы болып табылмайды және оларға әсер ете алмайды
7.4.12. Қолданылмаған әуе билетіне төленген қаражатты қайтару осы шартта қарастырылған мерзімде және талаптар бойынша Броньдау төлемақысы жүргізілген әдіспен жүзеге асырылады.
7.4.13. Әуе билеттерінің төлемақысын тікелей Агенттікке төлеген жағдайда, Агенттік Әуекомпаниядан тиісті қаражатты алғаннан кейін немесе Агенттік ұстап қалған есепті кезеңде Әуекомпанияның осындай шегеруге келісімі алынған Әуекомпанияның қызметтерін сатуға байланысты авиакомпанияға аударылуы тиіс сомадан ұсталғаннан кейін төленеді. Тасымалдаушыға төлеген жағдайда қаражат 10-60 жұмыс күні ішінде қайтарылады. Қаражатты қайтару мерзімдері Сатып алушы «Менің билетім» бөлімінде қайтаруға жататын сомаларды растаған сәттен бастап есептеледі.
7.4.14. Егер Жолаушы өз рейсіне келмеген жағдайда және Тасымалдаушыға алдын ала өзінің сапарындағы өзгерістер туралы хабарламаған жағдайда Тасымалдаушы Жолаушыға хабарламастан ұшудың алғашқы сегментіне ғана емес, сол бағыттағы келесі сегменттерге және кері рейске де броньдауды жоюға құқылы болады. Жоюдың алдын алу үшін Қолдау көрсету қызметіне немесе тікелей Тасымалдаушыға жүгініңіз.
7.5. Әуе билеттерінің сервисі. Сегмент бойынша жазып алынған әуе билеттерінің ерекшеліктері және мультитарифтер.7.5.1. Әуе билеттерін ресімдеу/жазып беру әдісі (сегмент бойынша үзінді немесе мультитариф) Сатып алушыға Броньдауды құрғанға дейін Тариф ережелерінде хабарланады. Сатып алушы көрсетілген талаптармен дербес танысуға және сәйкесінше Броньдау талаптарын түйсікті түрде таңдап, оны ресімдеп, төлемақысын төлеуге міндеттенеді.
7.5.2. Мультитарифтік броньдау. Екі және одан да көп Жолаушы үшін әуе билеттерін сатып алатын кезде (оның ішінде кемінде екі ересек) Сатып алушыға әртүрлі тариф класындағы әуе билеттерін сатып алу ұсынылуы мүмкін. Әуе билеттерін ресімдейтін/жазып беретін кезде әртүрлі тарифті қолдану әуе тасымалы жөніндегі Қызметтердің жалпы құнын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, бір Броньдаудағы әуе билеттері тарифтерінің әртүрлі класы Жолаушыларға қызмет көрсету класына әсер етпейді (бизнес, эконом). Мультитарифтік әуе билеттерін броньдау кезіндегі тарифтер ережесі бір тапсырыста/Броньдауда әртүрлі Жолаушылар үшін әртүрлі болуы мүмкін.
7.5.3. Сегмент бойынша ресімдеу. Сегмент бойынша жазып берілген әуе билеті әуе билетіне енгізілген әуе тасымалының әрбір сегменті бойынша өз билет нөмірі берілетіндігін білдіреді (әуе билетіне бірнеше қосалқы билет кіреді, олардың саны әуе тасымалы сегменттерінің санына сәйкес келеді). Әуе билеттерін ресімдеу/жазып беру әрбір ұшу сегменті үшін жеке-жеке жүргізіледі, сонымен қатар Жолаушыға әрбір ұшу сегментіне жеке Броньдауды құру немесе сапардың өзге талаптарын таңдау мүмкіндігі ұсынылады. Әуе билеттерін ресімдейтін кездегі тарифтердің ережелері бір Тапсырыста әртүрлі сегменттер үшін әртүрлі болуы мүмкін.
7.5.4. Қызметтерді көрсету ережелері/Тариф ережелері сегмент бойынша ресімдейтін кезде әрбір әуе билетіне жеке-жеке немесе мультитарифтік Броньдау кезінде әрбір Жолаушы үшін қолданылады және сәйкесінше келесі талаптар ерекшеленуі мүмкін:
- күшін жою, өзгерістер енгізу және әуе билеттерін қайтару;
- жүкті, жан-жануарларды тасымалдау ережелері және Тасымалдаушылардың қосымша қызметтерін ұсыну талаптары;
- Тасымалдаушының кінәсінен рейсті тоқтататын/ауыстыратын кезде ұшудың балама нұсқаларын ұсыну немесе қайтару талаптары. Бұл жағдайда балама нұсқа немесе билеттерді қайтару Жолаушыға бір әуе билетінің шеңберінде және әрбір Жолаушы үшін жеке-жеке жазып берілген ұшу үшін ғана ұсынылады;
- Жолаушының сұратуымен мәжбүрлі өзгерістер енгізу және әуе билеттерін қайтару ерекшеліктері. Бұл жағдайда Жолаушының немесе оның жақын туысының науқастануымен/өлімімен байланысты (іі) сұратуға негіз болатын негіздемелерді растайтын визаларды, құжаттарды беруден бас тартумен байланысты өзгерістер енгізу/әуе билеттерінің қайтарылуын ресімдеуге сұрату әрбір әуе билеті бойынша жеке-жеке немесе әрбір Жолаушы үшін жеке-жеке қарастырылады.
7.6. Әуе билеттері сервисі. Лоу-кост Тасымалдаушылардың (бюджеттік әуе компанияларының) әуе билеттерінің ерекшеліктері:7.6.1. Лоу-кост Тасымалдаушылардың рейстеріне әуе билеттерін сатып алатын кезде келесі талаптар қолданылады:
- Сәйкес Тасымалдаушылардың Тариф ережелерімен Тапсырысты құратын кезде төлем парақшасында танысуға болады.
- Сатып алушының төлем картасынан қаражатты есептен шығаруды тікелей Тасымалдаушы жүзеге асыра алады. Төлем транзакциясын өңдейтін кезде Тасымалдаушылар қосымша алымдар мен комиссияларды қолдануы мүмкін. Бұл ретте Сайтта төленуге тиіс деп көрсетілген сома Сатып алушының Төлем картасынан есептен шығарылатын сомадан ерекшеленуі мүмкін. Қосымша алымдар мен комиссияларды ескере отырып, бағаның осылайша өзгеруі Агенттіктің тарапынан бұзушылық болып есептелмейді.
- Броньдауды құра отырып, сіз әуе билеті бағасының қалыптасу талаптарының және төлем талаптарының сізге хабарланғанымен келісесіз және сіз белгіленген талаптарды сөзсіз қабылдайсыз. Сіз Агенттіктің Тасымалдаушы қолданатын қосымша алымдар мен комиссиялар үшін жауапкершілік арқалауы мүмкін еместігін қабылдайсыз және бұнымен келісесіз, өйткені Агенттік ғана Сатып алушыға Тасымалдаушының баға құру саясаты туралы ақпаратты ұсынады, бірақ құрылған сәттен бастап, Сатып алушының шотынан есептен шығарылғанға дейін төлем транзакцияларына қызмет көрсететін қатысушылардың арасындағы өзара әрекеттесу саясатын құру, сонымен қатар билеттерді қайтару нәтижесінде қаражатты шотқа есепке алу кезінде қатыспайды.
- Төлемақыны Visa және MasterCard төлем жүйелерінің төлем карталарының көмегімен ғана жүзеге асыруға болады.
- Қаражатты есептен шығару валютасы Сатып алушы таңдап алған рейстің ұшу орнына байланысты болады.
- Тасымалдаушы растаған броньдау нөмірі ұшуды жүзеге асыру мүмкіндігінің растамасы болып табылады, электронды билеттің нөмірі берілмейді.
- Жолаушы лоу-кост Тасымалдаушылардың билеттерінің ақысын төлеу үшін Бонустық бағдарламада жинақталған Tickets-бонустарды қолдана алмайды (сервис Сайтта қол жетімді болған жағдайда). Лоу-кост Тасымалдаушылардың төленген әуе билеттері үшін бонустар Бонустық бағдарламаға қатысудың стандартты ережелеріне сәйкес есептеледі.
- Лоу-кост Тасымалдаушылардың басым бөлігінің ережелері жүру бағытын, сонымен қатар Жолаушының тегін, атын немесе әкесінің атын өзгертуді қарастырмайды.
- Төленген әуе билеті қайтарылмайды.
- Тасымалдаушының Тариф ережелерінде белгіленген немесе тікелей лоу-кост Тасымалдаушының веб-сайтында белгіленетін жүкті тасымалдау және рейске тіркелу нормаларына ерекше талаптарды қолдануға құқығы жоқ.
8. «ТЕМІР ЖОЛ БИЛЕТТЕРІ» САЙТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.8.1. Темір жол билеттері сервисі. Жалпы ережелер.8.1.1. Офертаның осы бөлімі «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ» және бұдан әрі ҚТЖ деп аталатын аталған компанияның серіктестерімен жүзеге асырылатын «Теміржол билеттері» сайтының қызмет көрсету ерекшеліктерін реттейді. Темір жолы билеттері қызметінің ерекшеліктері осы Офертаның брондау, сатып алу және қызметтерді төлеудің жалпы ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
8.1.2. Тапсырыстың нақты құны тапсырысқа төлем жасау тізбегіне өткеннен кейін ғана Клиентке ұсынылады. Тапсырыстың жалпы құны Жеткізушінің қызметтерінің құнын, Агенттік қызметтерінің құнын және төлем жүйелерін комиссиялық құнын қамтиды, және Сатып алушыға ешбір жағдайда қайтарылмайды.
8.1.3. Агенттік Қызмет көрсетушіні немесе Тасымалдаушыны, оның ішінде Қызметті пайдалану барысында немесе нәтижесінде пайда болуы мүмкін кез келген әрекеттер мен әрекетсіздіктердің, қателердің, кемшіліктердің, ескертулердің, мәлімдемелердің, кепілдіктердің, бұзушылықтардың немесе ұқыпсыздығы, пойыздардың кешігуі, рейстерді жою үшін ешқашан жауапкершілік көтермейді.
8.1.4. Осымен Пайдаланушы ендігі шарттармен келіседі: тасымалдың ережелері, билеттерді беру ережелері, бұйрықтардың күшін жою ережелері әрбір Тасымалдаушының өз қарауына белгілейді, бекітеді және өзгертеді; осылайша Агенттік осындай өзгерістер туралы Тасымалдаушының шешіміне әсер етпейді. ҚТЖ тасымалдарындағы Теміржол билеттерін рәсімдеу бойынша Қызмет көрсету Агенттігі «Менің билетім» бөлімінде жүктеуге қолжетімді электронды теміржол билетінің бақылау купонына Тапсырыс беру кезіндегі Клиент арқылы көрсетілген дербестендірілген мекенжайына жіберілген кезден бастап, толық көлемде және тиісті деңгейде Агенттік ұсынған болып табылады.
8.1.5. Сайтта келесі сілтемелер бойынша орналасқан ақпарат Офертаның ажырамас бөлігі болып саналады:
а)
https://tickets.kz/kk/gd/content/rail/top-train – Теміржол билеттеріне қатысты «Топ-сұрақтар»;
б)
https://tickets.kz/kk/gd/content/train-e-ticket-rules.html – «Электронды билет»;
в)
https://tickets.kz/kk/gd/content/train-travel-with-children.html – «Балалардың жол жүру ережелері»;
г)
https://tickets.kz/kk/gd/content/refund-to-ticket-office.html;
https://tickets.kz/kk/gd/content/how-to-refund-train-ticket.html – Билеттерді қайтару ережелері;
д)
https://tickets.kz/kk/gd/content/train-ticket-refund-amount.html– «Билеттерді қайтаруға қатысты соманы есептеу тәртібі»;
е)
https://tickets.kz/kk/gd/content/find-me-a-ticket.html– «Қосымша қызметтер»;
ж)
https://tickets.kz/kk/gd/content/discount-tickets.html – «Жеңілдіктер мен акциялар».
8.2. Темір жол билеттері сервисі. Пойыз, вагон таңдау және брондау орны.8.2.1. Жолаушы өзіне Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 30.04.2015 ж. № 545 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүк багаждарын және пошта жөнелтімдерін тасымалдау ережелерімен, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 742 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатып-алу ережелерімен өзіне кездесуі қажет. Жоғарыда көрсетілген Ережелердің талаптарын сақтау жауапкершілігін Қызметті пайдаланған адам және / немесе билетті пайдаланатын адам көтереді.
8.2.2. Теміржол билетін іздеу параметрлерін Клиент бергеннен кейін Брондау жүйесі осындай параметрлерге сәйкес келетін пойыздар тізімін ұсынады.
8.2.3. Брондау жүйесі тізімінің басында брондауға және сатуға ашық тұрған бос орындары бар пойыздар (және қолжетімді вагондар түрі) ұсынылады. Брондау жүйесі төменгі тізімде іздеу сәтінде Теміржол билеті үшін сатылым жабылған пойыздар тізімін шығарады (бұл осындай пойыздарға Теміржол билеттері сатылғандығын немесе Теміржол билеттерін сатуға әлі ашылмағандығын білдіреді.
8.2.4. Орындар Клиент таңдаған диапазоннан брондалады, осылайша бір Тапсырыста көп дегенде екі төменгі орын алуға болады. Әртүрлі вагондардағы орындарды рәсімдеу Теміржол билеттірін әртүрлі Тапсырыс арқылы сатып алған және де ерлер және әйелдер орнын (тиісті белгі болғанда) көрсеткен жағдайда мүмкін болады.
8.3. Темір жол билеттері сервисі. ҚТЖ тасымалы үшін Теміржол билетін рәсімдеу.8.3.1. Пойыздағы қажетті орынды таңдағаннан кейін Клиент Тапсырыстың келесі бөліктерін толтыруы керек:
а) Жолаушылар жөнінде мәліметтерді енгізу;
б) қажетті белгіні қою («қанатша белгісі) (Офертаның 4.2.1. тармағы).
8.3.2. Жолаушылар туралы мәліметтерді толтырған кезде Клиент келесі ережелерді ұстануы тиіс:
а) Жолаушылар туралы мәліметтерді енгізген кезде (тегі, аты, әкесінің аты) үштен артық қателікке жол беруге болмайды. Егер де Теміржол билетінде көөрсетілген мәліметтер Жолаушы ұсынатын құжатта, жеке куәлігінде 3 артық белгіге өзгешелік болса, Теміржол билеті жарамсыз болып табылады, ал Жолаушы пойызға жіберілмейді.
б) Теміржол билеті келесі құжаттардың біріне рәсімделуі мүмкін:
- Қазақстан Республикасының төлқұжаты;
- Қазақстан Республикасының жеке басын куәландыратын құжаты;
- Қазақстан Республикасындағы шетел азаматының мекендеу қағазы;
- азаматтығы жоқ жеке басын куәландыратын құжат;
- босқынның жеке куәлігі;
- Қазақстан Республикасының дипломатикалық төлқұжаты;
- Қазақстан Республикасының қызметтік төлқұжаты;
- Қазақстан Республикасының теңізші төлқұжаты;
- шетел төлқұжаты;
- оралу куәлігі (отанына бару маршруты үшін жеке басын куәландыратын құжаты Қазақстан Республикасы аумағында жоғалған жағдайда өзге мемлекеттердің азаматтары үшін);
- туу туралы куәлік (16 жасқа дейінгі балалар үшін);
- әскери билет – жедел қызметтегі әскери қызметкерлер үшін;
- уақытша берілген жеке куәлік.
- жеңілдетілген / ақысыз теміржол билетін рәсімдеу кезінде - жеңілдіктер немесе ақысыз жол жүру құқығын беретін құжат.
8.3.3. Таңдалған пойызға байланысты электронды билеттер екі түрден тұруы мүмкін:
а) электрондық тіркеумен электрондық билеті;
б) электрондық тіркеусіз электрондық билеті.
Электрондық билетінің түрі («электронды тіркеумен», «электрондық тіркеусіз») пойызды таңдау түріне қарай таратқышпен анықталады. Билеттің түрін өзгертуге болмайды.
Егер электронды тіркеу қызметі таңдалған пойызда болмаса, Сіз тек қана Қазақстан Республикасының аумағында ораналасқан «Экспресс-3» БАЖ терминалымен жабдықталған ҚТЖ билет кассалардан, немесе өз өзіне қызмет көрсету транзакциялық терминалдан жол жүру құжатын (билетті) алуыңыз керек.
8.3.4. Әрбір топтағы мүгедек адамдарға, сондай-ақ мүгедек балаларға жол жүру құжатының (билеттің) құнының 50% мөлшерінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша, ал коммерциялық бағыттар бойынша тасымалдаушының қалауы бойынша жол жүруге жеңілдіктер белгіленеді. Жеңілдікті немесе тегін жол жүру құжатын (билетін) ресімдеу үшін жеңілдік немесе тегін жол жүру құқығын беретін құжатты ұсыну қажет.
8.3.5. Атаулы Теміржол билеті өзге тұлғаға жүру үшін берілуі немесе басқа адамның атына рәсімделуі мүмкін емес.
8.3.6. Жолаушы пойызға отырған кезде өзінде болуы тиіс құжаттар:
а) билет кассасынан немесе өзіне өзі қызмет көрсету терминалынан (электронды тіркеусіз Теміржол билеттері үшін) алынған жол жүру құжатының бланкі (қағаз билет) типіндегі отырғызу талоны;
б) электронды немесе нысанда шығарылған (электронды тіркелген Теміржол билеттері үшін) отырғызу талоны;
в) Мәліметтері Теміржол билетінде көрсетілген жеке куәлік құжатының түпнұсқасы. Жеке басын куәландыратын құжаты жоқ Жолаушы пойызға отырғызуға жіберілмейді. 16 жасқа дейінгі Жолаушыларды отырғызу туу туралы куәлігінің түп нұсқасын немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін көрсеткен жағдайда ғана жүзеге асырылады.
8.3.7. Электрондық тіркеусіз билетін төлем жүргізгеннен кейін Тапсырысты рәсімдеген кезде Клиенттің көрсеткен дербестендірілген электронды поштасының адресіне Агенттік 14 саннан тұратын коды бар Тапсырыс бланкін жібереді. Осы Тапсырыс бланкті Жолаушы өз дербес түрде басылуы тиіс. Электрондық тіркеусіз жол жүру құжатын алу үшін екі жолдары бар:
а) Жолаушы Тасымалдаушының билет кассасына жүгіне отырып, келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
- Тапсырыс деректері өзіне қосқан басылған Тапсырыс бланкті;
- жеке басын куәландыратын құжаты;
- Тапсырыс бланкісінде көрсетілген Жолаушының/Жолаушылардың біріне Жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттарды.
Кассир электронды билетте көрсетілген пойыз және жолаушылар туралы ақпаратты АСУ Экспресс-3 жүйесінің деректермен салыстырады, егер олар бірдей болса, жол жүру құжатын басып шығарады және жолаушыға береді. Жүйелік деректер базасында электрондық билетте ақпарат болмаған жағдайда, кассир жолаушыға билетті беруден бас тартады
б) Өзін-өзі жүзеге асыратын транзакциялық терминал арқылы (TTC) теміржол билетін алу үшін электронды билетінің штрих-кодын TTC сканеріне келтіріп, жеке басын куәландыратын құжаттың сәйкестендіру нөмірін енгізіңіз, немесе электронды билетте көрсетілген Express 3 (14-таңбалы) тапсырысының идентификаторын енгізіңіз және жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін енгізіңіз.
8.4. Темір жол билеттері сервисі. ҚТЖ тасымалындағы Теміржол билетін сатып алу кезінде Тапсырысқа төлем жасау.8.4.1. Теміржол билетін сатып алуға Тапсырысты осындай төлемді жүргізу кезінде Сайтта ұсынылатын кез келген әдіс арқылы жүзеге асыруға болады.
8.4.2. Клиент Офертаның 8.3.1. тармағында көрсетілген барлық әрекеттерді және «Жалғастыру» батырмасын басқаннан кейін Теміржол билетін сатып алу үшін Тапсырысқа төлем жасауға жіберіледі.
8.4.3. Тапсырысқа төлем жасау бетінде Брондай жүйесі келесі ақпаратты көрсетеді:
а) тапсырыс нөмірі;
б) маршрут және таңдалған вагон;
в) Жолаушылар туралы мәлімет;
г) билет түрі;
д) әрбір Теміржол билетінің құны («Бағасы» бағаны);
е) Теміржол билетін рәсімдеу (жазу) бойынша Агенттіктің қызмет құны («Қызмет көрсету алымы» бағаны);
ж) тапсырыстың жалпы құны;
з) басқа мәліметтер.
8.4.4. Егер де жасалған бірақ төленбеген Тапсырыс Клиент үшін өзекті болмаса осындай Тапсырысты «Бас тарту» батырмасын басу арқылы және амалдың орындалуын растаумен бірден күшін жоюға болады.
8.4.5. Электрондық билетті беру тәртібі бойынша Агенттіктің қызмет көрсету алымы тиісті электронды билет құнының 5% (Бес пайыз) құрайды. Агенттіктің Қызмет көрсету алымы автоматты түрде есептеледі және Сізге Тапсырысты төлеу бетінде хабарланады.
8.5. Темір жол билеттері сервисі. Теміржол билетін қайтару тәртібі.
8.5.1. Агенттік қызметінің көмегімен Сіздің Тасымалдау шартынан (бұдан әрі мәтін бойынша-Теміржол билетін қайтару) бас тарту мүмкіндігі бар.
8.5.2. Пойыз бастапқы станциядан уланғанша қанша уақыт қалатынын ескере отырып, пайдаланылмаған электронды билетті қайтару Сайт арқылы немесе Тасымалдаушының кассасында болуы мүмкін.
8.5.3. Пайдаланылмаған электронды билетті қайтару кезінде, Агенттіктің қайтару процедурасы үшін қызмет көрсету ақысын есепке ала отырып, ендігі сомалары қайтару қажет:
i) поезд жөнелтілгенге дейін 24 (жиырма төрт) сағаттан кешіктірмей-жол жүрудің толық құны;
ii) кемінде 24 (жиырма төрт) сағат бұрын, бірақ поезд жөнелтілгенге дейін кемінде 6 сағат бұрын – билет құны және плацкарт құнының 50%;
iii) жөнелтілгенге дейін кемінде 6 сағат бұрын және поезд жөнелтілгеннен кейін 1 сағаттан артық емес – билеттің құны, бұл ретте плацкартаның барлық құны, бірақ жол жүру құнының 30% - нан аспайтын мөлшерде ұсталады;
iv) Поезд жөнелтілгеннен кейін 1 (бір) сағат өткеннен кейін жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару жүргізілмейді, ақша қаражаты қайтарылмайды.
8.5.4. Егер Тапсырыс беру уақытта тек қана орындық позициялардағы машиналардан құрастырылған пойызға (қала маңындағы поездар) электронды билетті таңдасаңыз, мұндай электронды Билетті қайтару пойыздың ұшып кетуіне дейін 6 сағаттан артық болған жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл жағдайда, Агенттіктің қызмет көрсету ақысын есепке ала отырып, ендігі сомалары қайтару қажет:
i) поезд жөнелтілгенге дейін 24 сағаттан кешіктірмей жол жүрудің толық құнын алу;
ii) 24 сағаттан кем емес, бірақ поезд жөнелтілгеннен кейін 1 сағаттан артық емес-жол жүру құнының 70% - ын алу;
iii) Поезд жөнелтілгеннен кейін 1 сағат өткеннен кейін жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару жүргізілмейді, ақша қаражаты қайтарылмайды.
8.5.5. Егер де таңдалған Теміржол билеті жөнелтілгенге дейін пойыздың бастапқы станциядан жүруіне 1 (бір) сағаттан артық көп уақыт қалған жағдайда Клиент Сайт арқылы Теміржол билетін келесі тәртіпте қайтара алады:
8.5.5.1. Теміржол билетін қайтаруға Сұраныс беру үшін Клиент Сайттағы «Менің билетім» бөлімінде (Теміржол билетін қайтаруға Сұраныс беру) тиісті технологиясын пайдалануы тиіс.
8.5.5.2. Теміржол билетін қайтаруға Сұраныс беру үшін Клиент Сайттағы «Менің билетім» бөлімінде (Теміржол билетін қайтаруға Сұраныс беру) тиісті технологияны пайдалануы тиіс. Электрондық билет үшін қайтарылатын сомасы Тасымалдаушының талаптары бойынша Сіздің «Менің билетім» бөлімінде сұрауыңызды берген күні мен уақытына сәйкес анықталады және есептеледі. Қайтару шарттары туралы толығырақ ақпаратты алу үшін төмендегі сілтемелерге басыңыз:
билетті сайт арқылы қайтару және
билет кассасы арқылы қайтару. Тасымалдаушымен қайтарылатын соманы есептеу үшін белгіленген тәртіппен таныстыру үшін осы
сілтемеге басыңыз.
8.5.5.3. Агенттік Теміржол билетін қайтаруға тиісті соманың есебіне және Теміржол билетін қайтаруға қатысты тиісті Клиенттің жасауы үшін Сұранысты Агенттіктің/Тасымалдаушының қарастыру үдерісінде Агенттік ұсынуы мүмкін басқа да әрекеттерге ықпал ете алмайды.
8.5.5.4. Егер де Клиент Теміржол билетін қайтаруға қатысты соманың есебімен келіспесе, басқа даулы жағдайларда Агенттік Клиент «Бас тарту» батырмасын басу арқылы Теміржол билетін қайтару үдерісін тоқтатып, Тасымалдаушыға қатысты нақты шешім қабылдау үшін Клиенттің өз бетімен өтініш жасауына кеңес береді. Сонымен қатар Агенттік Тасымалдаушының ережелеріне сәйкес талап ету тәртібімен қайтару үшін Тасымалдаушыдан түсініктеме алуға кеңес береді. Тасымалдаушының кез-келген өтініштерді қарау мерзімдері Тасымалдаушының ішкі ережелерімен реттеледі.
8.5.5.5. Егер де Клиент тікелей Тасымалдаушыға (Офертасының 8.5.5.4. тармағы) даулы мәселеге қатысты Агенттіктің ұстанымына келіспеушілік таныста, Агенттік Клиентке Тасымалдаушыдан даулы мәселе бойынша ұстанымының тиісінше жазбаша растауын алуға ұсыныс береді. Офертасының 8.5.5.4. тармағында көрсетілген жағдайда Тасымалдау шартынан бас тартуына байланысты Клиентке қайтарылуы тиіс ақша қаражатының көлемі туралы соңғы шешімді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Тасымалдаушының ішкі ережелері негізінде Тасымалдаушы қабылдайды. Агенттіктен түскен кез келген сұранысты Тасымалдаушының қарау мерзімі Тасымалдаушының ішкі ережелерімен реттелген.
8.5.5.6. Егер де Клиент Теміржол билетін қайтаруға тиісті сомамен келіскен жағдайда Клиент «Растау» батырмасын көп күттірмей басу арқылы көрсетілген соманың қайтарылуына келісім бергенін растауы тиіс. Клиент қайтарылатын соманы растаған күннен бастап Агенттік 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей қаражатты Клиентке қайтарады, бірақ кез-келген жағдайда, Агенттік Тасымалдаушынан / Қызметтер көрсетушінен тиісті қаражатты алғаннан ертерек. Клиентке қайтарылуға тиісті сомасынан келесі алымдар ұсталуы мүмкін:
a) Теміржол билетін қайтару үшін рәсімделген Агенттіктің Қызмет көрсету алымы 200 (Екі жүз) теңге көлемінде;
б) Тасымалдаушының ішкі ережелерімен сәйкес есептелген Теміржол билетін қайтару үшін қарастырылған Тасымалдаушының айыппұлы.
8.5.5.7. Жоғарыда келтірілген рәсімде пайдаланылмаған электронды билетті қайтару рәсімінен кейін, «Менің билетім» бөлімінде сізге қайтару рәсімін растайтын құжат (әртүрлі төлемдер туралы түбіртекті (КРС)) жүктеуге болады - ол қайтарылатын соманы және рәсімге арналған Тасымалдаушының комиссиясын көрсетеді.
8.5.6. Егер бастапқы станциядан электронды билетке сәйкес таңдалған пойыздың шығуы алдында 1 (бір) сағаттан астам уақыт болса, онда мұндай билетті қайтару Тасымалдаушының касса бөлімінде жасалуы мүмкін. Бұл әрекетті орындау үшін Тасымалдаушының кассасына қайтып оралу үшін хабарласыңыз, содан кейін кассир сізді орнын қайтаруды растайтын құжаттардың біреуімен: әртүрлі төлемдер туралы түбіртекті (КРС), электронды қолдау құжатын (ЭВД) немесе әртүрлі ақылардың электронды түсуін (ЕКРС) береді. Егер ФБКК арқылы ақшаны қайтару жүзеге асырылса, қайтару 5-10 күн ішінде жүзеге асырылады, бірақ кез-келген жағдайда, Агенттік Тасымалдаушынан тиісті қаражатты алғаннан ертерек. Билеттерді МФБКК немесе АСУ Express-3 арқылы қайтарғанда, сканерленген көшірмені немесе кассалық бөлімнен алынған құжатты railway@tickets.kz электрондық адресіне жіберу қажет. Біздің Қызмет көрсету Қызметінің қызметкерлері өтініш жасайды және оны тасымалдаушыға тасымалдауға жібереді. Тасымалдаушының қайтару мүмкіндігі мен мөлшерін анықтау өтінімді алған күннен бастап 15 күн ішінде жүзеге асырылады. Оң шешім қабылданғаннан кейін, қайтару белгілі бір уақыт ішінде жасалады (бірақ кез-келген жағдайда, Агенттік Тасымалдаушынан тиісті қаражатты алғаннан ертерек): несие карточкасы арқылы тапсырыс үшін төлеген кезде - 3-5 жұмыс күні; Kaspi жүйесі арқылы төлегенде - 5-10 жұмыс күн.
8.5.7. Егер де Теміржол билетіне сәйкес таңдалған пойыздың бастапқы станциядан жөнелтілуіне дейін 1 (бір) сағаттан кем уақыт қалған жағдайда, тек қана Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «Экспресс-3» БАЖ терминалымен жабдықталған ҚТЖ кез келген билет кассасында Теміржол билетін қайтаруға болады. ҚТЖ билет кассасының жөнелту станциясы қай аумағында орналасқанына байланысты Теміржол билетін қайтару келесі тәртіпте іске асырылуы мүмкін:
а) Егер де ҚТЖ билет кассасы Теміржол билетіне сәйкес жөнелту станциясының аумағында орналасса, Жолаушы Теміржол билетін ҚТЖ-ның осындай кассасына ұсынуы тиіс. ҚТЖ билет кассасында жолаушы сақтауы тиіс орындарды қайтаруды растайтын (КРС, ЭВД немесе ЭКРС) Тасымалдаушының қолданыстағы ақыларын көрсете отырып құжат беріледі. Осы құжатты сақтау керек. Теміржол билетіне сәйкес жөнелту станциясынан пойыздың жүруінен 24 (жиырма төрт) сағаттан кешіктірілмей және 30 (отыз) минут өткен соң Жолаушы өз бетімен жөнелту станциясында орналасқан ҚТЖ Билет кассасына жеке өзі баруы тиіс және бұрын берілген құжатты көрсету керек. ҚТЖ Билет кассасында Клиентке ақшаны қайтару туралы жаңартылған құжатты беру қажет, сол құжатты ақшаны қайтарғанға дейін сақталуы керек. осындай жағдайда қолданылатын Тасымалдаушының комиссия алымы көрсетілген түбіртек береді. Тасымалдаушы ақша қаражатын Теміржол билетін қайтару үшін ҚТЖ билет кассасына өтініш берген күннен бастап Тасымалдаушы өз қалауы бойынша анықтаған уақытта Тапсырыс төленген төлем картасы арқылы қайтарылады. Бұл ретте, Агенттік Билетті қайтару жасау үшін есептелген сомадан әрбір билет үшін 200 (екі жүз) теңге сомасында Агенттіктің қызмет төлемді шегеруге құқылы;
б) Егер де Теміржол билетіне сәйкес ҚТЖ билет кассасы жөнелту станциясынан қашықта орналасса, онда Жолаушыға Теміржол билетін көрсеткеннен кейін осындай жағдайда қолданылатын Тасымалдаушының комиссия алымдары көрсетілген түбіртек беріледі. Осындай түбіртекті алған соң Жолаушы Теміржол билетін қайтару үшін өз қолымен жазылған өтінішін ҚТЖ аймақтық филиалына жолдайды. Тасымалдаушы ақша қаражатын Теміржол билетін қайтару үшін өтініш берген күннен бастап Тасымалдаушы өз қалауы бойынша анықтаған уақытта Тапсырыс төленген төлем картасы арқылы қайтарылады. Бұл ретте, Агенттік Билетті қайтару жасау үшін есептелген сомадан әрбір билет үшін 200 (екі жүз) теңге сомасында Агенттіктің қызмет төлемді шегеруге құқылы.
8.5.8. Пайдаланылмаған электронды билетті МФБКК (жаңартылған фискалды билетті-кассалық кешені) немесе Экспресс-3 кассалары арқылы қайтару үшін қаражатты қайтару үшін rail@tickets.kz Агенттіктің электронды поштаға билет кассасында шығарылған түрлі төлемдердің түбіртектің (КРС) көшірмесін немесе фотосуретін жіберу керек. Агенттігі көрсетілген құжатты алмай кезде қайтару мүмкін емес! Агенттік түбіртекті басқару жөніндегі комиссияға жібереді. Түбіртекті қайтару туралы өтінішті қарау мерзімі – 15 (Он бес) жұмыс күнінен кем емес. Агенттік Комиссиядан ақшаны қайтару мүмкіндігі туралы растауды алғаннан кейін, Агенттік ақшалай қаражаттың төлемін төлегендей етіп қайтарады. Қаражатты аудару мерзімі - 10 (Он) жұмыс күніне дейін, бірақ кез-келген жағдайда, Агенттік Тасымалдаушынан / Қызметтер көрсетушінен тиісті қаражатты алғаннан ертерек.
8.5.9. Пайдаланылмаған электронды билетті қайтару ФБКК билет кассасы (фискальды билетті-кассалық кешені) арқылы жасалса, Агенттікке КРС-ті жіберуді қажет етпейді. Агенттік төлемді қайтаруды, ақша қаражатын аудару мерзімін қайтаруды қамтамасыз етеді - Жеткізушінің қайтару мүмкіндігі расталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күніне дейін, бірақ кез-келген жағдайда, Агенттік Тасымалдаушынан / Қызметтер көрсетушінен тиісті қаражатты алғаннан ертерек.
8.5.10. Егер Сіз ТМД елдерінің бірінде, Литвада, Латвияда немесе Эстонияда болсаңыз, Билет қайтару үшін сіз қабылдаушы елдегі теміржол билетін алуға тиіссіз. Кассир орынды қайтарады және қолдайтын құжатты шығарады. Қайтару тек қана Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады. Ол үшін жақын арадағы станцияда орналасқан «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның кассасына хабарласып, тасымалдаушы түрінде өтініш жазыңыз және басқа елде берілген тірек құжатын тіркеңіз. Электрондық билеттерді немесе тапсырыс формаларды шетелдегі кассалық кеңседе қайтару болмайды!
8.5.11. Осылайша Клиент осы тармағында баяндалған шарттарға қарамастан Тасымалдаушының комиссиялық алымы, Электрондық билетті беру үшін Агенттіктің Қызмет көрсету алымымен, сонымен қатар төлем жүйесіндегі комиссиялар мен үстеме бағалардың қайтарылмайтындығымен келіседі және қабылдайды.
8.6. Темір жол билеттері сервисі. «Электронды тіркеусіз» типті Теміржол билетіне қайтарылатын ақша қаражатының қайтарылу тәртібі:8.6.1. Егер де Жолаушы Теміржол билетін алмаған жағдайда билет Сайттың «онлайн» режимі арқылы және кез келген ҚТЖ билет кассасында қайтарылады.
8.6.2. Егер де Жолаушы билетті алса және Жолаушы Қазақстан Республикасының аумағында болса Теміржол билеті тек қана кез келген ҚТЖ билет кассасында қайтарылуы мүмкін.
8.6.3. Егер де Теміржол билетін Жолаушы алса және Жолаушы Қазақстан Республикасы аумағында болмаса (ТМД елдері, Литва, Латвия, Эстония) Жолаушы теміржол билетін қайтару үшін өзі болған елдің теміржол кассасына барып, отырғызу талонын қайтаруы тиіс және оған қайтарғанын растайтын қосымша құжат беріледі. Қайтарылған Теміржол билеті үшін ақша қаражатын алу үшін отырғызу талонын қайтарғанын растайтын және шетел мемлекетінде берілген құжатты ақша қаражатын қайтару үшін жазылған өтінішке қоса тіркеп, тек Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан кез келген ҚТЖ билет кассасына өтініш бере алады.
8.6.4. Жолаушыда Теміржол билеті болмаған жағдайда ақша қаражатын қайтару тек қана алынған Тапсырыс Бланкісінің 8.6.1. тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында болмаған жағдайда мүмкін болмайды.
8.7. Темір жол билеттері сервисі. Кәмелетке толмаған Жолаушылардың жүру тәртібі мен ережелері.8.7.1. Баланың ата-анасы, асырап алушысы, қамқоршысы, тәрбиешісі, патронатты тәрбиешісі, баланың құқығы мен мүдделірен қорғайтын және қамқорлығына алатын басқа тұлғалар болып табылатын Клиент/Жолаушы сәйкес құжаттары болған жағдайда 7 жастан аспайтын кәмелетке толмаған бір Жолаушыны егер ол жеке өзі бір орын алмаса, төлем алмастан өзімен бірге алып жүре алады. 7 жастан аспайтын кәмелетке толмаған Жолаушының жеке орын алуы үшін Теміржол билетін сатып алу керек. Жолаушы өзімен бірге 7 жастан аспаған кәмелетке толмаған бір Жолаушыны алып жүре алады, ал қалған балаларға біреуінен басқасына Теміржол билетін алуы керек.
8.7.2. 7 (Жеті) мен 15 (Он бес) жас аралығындағы кәмелетке толмаған Жолаушылар үшін Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жол жүру құны Теміржол билетінің құнына сәйкес 50% көлемінде төлем ақы алынады. 15 (Он бес) жастан жоғары кәмелетке толмаған Жолаушылар үшін Теміржол билеті алынуы тиіс. Баланың жасы тасымалдау күнінен бастап саналады.
8.7.3. Жолаушы кәмелетке толмаған Жолаушының заңды өкілі болып табылмаса, кәмелетке толмаған Жолаушының заңды өкілі атынан жазылған (сенімхат) кәмелетке толмаған баланы алып жүруге құқық беретін нотариалды куәландырылған құжатты пойызға отырғызған кезде көрсетуі тиіс. Егер де жолаушылар пойызына отырғызған кезде баланың заңды өкілі бірге болса баланың заңды өкілінің атынан жазылған (сенімхат) сапарға кәмелетке толмаған баланы алып жүруге құқық беретін нотариалды куәландырылған құжатты көрсету талап етілмейді.
8.7.4. Балаларға арналған Теміржол билеті бойынша жасына қарамастан кәмелетке толмаған жолаушылардың кәмелетке толған тұлғасыз жүруіне жол берілмейді.
8.8. Темір жол билеттері сервисі. Агенттіктің «Аэроэкспресс» пойызына билеттер» қосымша қызметінің ерекшеліктері. Жалпы ережелері.8.8.1. Менің билетім» бөлімінде жүктеуге қолжетімді және Тапсырысты рәсімдеу кезінде Клиент арқылы көрсетілген дербестендірілген электронды пошта адресіне жіберілген маршруттық түбіртек «Аэроэкспресс» пойызына Теміржол билетінің төлемін растау болып табылады.
8.8.2. Жолаушы «Аэроэкспресс» Теміржол билетін қолдану ережелерін және тасымалдау ережелерін қадағалауға, сонымен қатар Теміржол билетінің қолданыс мерзімінде тиісті деңгейде «Аэроэкспересс» пойызының Теміржол билетінің Маршруттық түбіртегін басып шығауына (болуына) жауапкершілікті мойнына алады.
8.8.3. «Стандартты» тарифтегі билеттер, поезд шыққанға дейін немесе алдын ала, бірақ саяхатдың болжамды күнінен 90 күннен бұрын емес, сатып алынуы мүмкін. Жол жүруден үш немесе одан да көп күн бұрын билеттерді сатып алған кезде, олардың құны төмен болады.
«Стандарт» тарифіне сәйкес жолаушы арнайы орынмен қамтамасыз етілмейді. Бос орын болмаған жағдайда тұрып саяхаттауға рұқсат етіледі. Билеттің жарамдылығы — сатып алған кезде көрсетілген күннен бастап 30 күн.
8.8.4. Жолаушы өзіне ыңғайлы кез келген уақытта өз бетімен Маршруттық түбіртекті басып шығаруға міндеттенеді. Басып шығарылған Маршруттық түбіртек тікелей турникеттен өту үшін керек.
8.8.5. Маршруттық түбіртекті басып шығару кезінде келесі талаптарды қадағалау керек: бастапқы қалпы бойынша белгіленген басып шығару баптауларын өзгертпеу (басып шығару сапасы, беттің ауқымы және суреттің көлемі); Маршруттық түбіртекте орналасқан QR-код, таза, өте жақсы және ешбір ақаусыз басып шығарылуы тиіс. Бұл талаптар қадағаланбаған жағдайда Маршруттық түбіртек жарамсыз болып табылады.
8.8.6. Аэроэкспресс» пойыздарында Жолаушыларға қандай да бір жолмен вагон ішіндегі жабдықтарды, локоматив пен вагондардың әйнектерін, басқа Жолаушылардың заттарын ластауға және зақым келтіруге тиым салынады.
8.8.7. Жолаушылар өзге Жолаушылардың тыныштығын бұзуға, тамбурда және вагонда темекі тартуға, спирттік ішімдіктер ішуге, мас күйінде болуға құқы жоқ.
8.8.8. Жолаушыларды электр пойызынан полиция, күзет қызметкерлері, бекеттік билет кассирлері (борт жолсеріктер) және медицина қызметкерлері станциядан түсіріп кетуі мүмкін.
8.8.9. Бекеттік билет кассирлері (борт жолсеріктер) жол жүру құжаты болмағаны үшін, габаритсіз қол жүгі және шамадан тыс салмақты багаждың тасымалы үшін қосымша төлем алуға құқылы, ал егер Жолаушы төлеуден бас тартқан жағдайда Жолаушыны пойыздан түсіру шаралары қарастырылады.
8.9. Темір жол билеттері сервисі. Агенттіктің «Аэроэкспресс» пойызына билеттер» қосымша қызметінің ерекшеліктері. «Аэроэкспресс» пойызының Теміржол билетін қайтару және өзгерістер енгізу.8.9.1. «Аэроэкспресс» пойызының Теміржол билетінен бас тартқан жағдайда оның толық құны (Агенттіктің 150 (Бір жүз елу) теңге көлемінде Теміржол билетін қайтару қызметінің құны мен Теміржол билетіне төлем жасаған кезде банк арқылы ұсталған төлем жүйесінің үстеме бағасынан басқалары) толық көлемде қайтарылады.
8.9.2. «Аэроэкспресс» пойызының Теміржол билетін қайтару мерзімі вагон класына байланысты. Жалпы класстағы «Аэроэкспресс» пойызына Теміржол билетін қайтару жол жүретін келесі күннің 23.59. дейін, бизнес-класс - Маршруттық түбіртекте көрсетілген рейстің жөнелтілуіне 3 (үш) сағат қалғанда.
8.9.3. Билетті қайтару үшін: «Менің билетім» бөлімінде қажетті Брондауды таңдаңыз. «Сұрауды бас тарту» түймешігін басыңыз. Келісіміңізді қайтарылатын сомамен растаңыз. Егер Visa / MasterCard-пен төлем жасасаңыз, онда қаражат Агенттік Қызмет Көрсетушінен оны алғаннан кейін автоматты түрде 3-5 банктік күн ішінде төленген картаға аударылады. WebMoney арқылы төлегенде - қайтару сомасына келісіп болғаннан кейін қайтару өтінішін көресіз. Оны толтырыңыз, «Өтініш жіберу» батырмасын басыңыз және «WebMoney» үшін Агенттік Қызмет Көрсетушінен оны алғаннан кейін 3-5 банктік күн ішінде ақша қаражатының түсуін күтіңіз.
8.10. Темір жол билеттері сервисі. Агенттіктің «Аэроэкспресс» пойызына билеттер» қосымша қызметінің ерекшеліктері. Жануарларды және багаж тасымалдау ережелері.8.10.1. Төменде көрсетілген заттардың салмағына қарамастан тасымалдау төлемі Тасымалдаушы арқылы бекітілген тарифке сәйкес төленеді. Қосымша багажға, ірі габаритті заттарға және жануарларға төлем жасау тек қана кассада жүргізіледі. Төлем жасалған соң Жолаушы тиісті затты тасымалдау үшін төленген қызмет құнының атауы мен сомасы көрсетілген кассалық чек беріледі.
8.10.2. Әрбір Жолаушы бір жол жүру құжатына (толық немесе балаларға арналған) тегін салмағы 36 кг көп емес, көлемі 180 см үш өлшемінен аспайтын қол жүгін алып жүруге құқылы. Аталған қол жүгі қапталған түріне қарамастан электр пойызының багажға арналған сөрелерінде орналастырылуы керек. Қосымша белгіленген нормаға белгіленген тарифке сәйкес қосымша төлеммен 50 кг қол жүгін тасымалдауға болады.
8.10.3. Ұсақ үй жануарларын, иттерді және құстарды, ашылмаған бір велосипед (пойыздың тамбурында тасымалдау) тасымалдау үшін белгіленген тарифке сәйкес қосымша ақы алынады. Зағип Жолаушылар өздерімен бірге жетектеуші иттерін өздерімен бірге тегін алып жүре алады. Ұсақ үй жануарлары, иттер және құстар жәшіктерде, торларда, контейнерлерде және қол жүгі үшін арнайы тағайындалған орындарда орналастырылуы керек. Ірі тұқымдас иттер және қызметтік иттер пойыз тамбурында (екі иттен көп емес) тұмылдырық кигізіліп, қарғыбау тағылып, олардың иесінің немесе ілесіп жүрген тұлғалардың қадағалауымен пойыз вагонындағы санитарлық-гигиеналық тәртібінің қадағалануын қамтамасыз етуі керек. Ұсақ үй жануарларын, иттерді, құстарды тасымалдауға қол жүгімен тасымалданатын нормадан тыс ветеринарлық анықтамасы болған жағдайда жол беріледі.
8.10.4. Белгіленген норма есебімен қол жүгін тасымалдауға өсімдіктер, бұталар басқа да отырғызылатын материалдар түбірі қапталып, байланған жағдайда мүмкін болады, олардың биіктігі 180 (Бір жүз сексен) сантиметр апауы тиіс.
8.10.5. Бір жол жүру құжатына Жолаушының қол жүгінің болу-болмауына байланысты 180 (Бір жүз сексен) сантиметр 3 еселенген көлемінен аспайтын аудио, видео, тұрмыстық және электронды техникаларды қосымша төлем арқылы тасымалдауға рұқсат етіледі.
8.10.6. Жолаушыларға белгіленген нормадан тыс өзімен бірге қол жүгін портфель, әйелдер сөмкесін, бинокль, шаңғы және оның таяғы, қармақ, фотоаппарат, қолшатыр және 100 (Бір жүз) сантиметр 3 есе көлемінен аспайтын басқа да ұсақ заттарды тасымалдауға болады.
8.10.7. Жолаушы өзінің тасымалдайтын қол жүгінің сақталуы мен тұтастығын өзі қамтамасыз етеді, ол Жолаушының міндеті болып табылады.
8.10.8. Тасымалдау үшін төлем Тасымалдаушының белгіленген тарифіне сәйкес алынады. Қосымша багажды немесе ірі көлемді заттар мен жануарларды тасымалдау үшін алынатын төлем тек кассада ғана жүзеге асырылады. Табысты төлемнің дәлелі тиісті заттың тасымалдануы үшін төленген қызмет құны және сомасы көрсетілген кассалық чек болып табылады.
8.11. Темір жол билеттері сервисі. Агенттіктің «Аэроэкспресс» пойызына билеттер» қосымша қызметінің ерекшеліктері. «Аэроэкспресс» пойыздарында Жолаушыларды тасымалдау ережелері.8.11.1. «Аэроэкспресс» пойызында жүру үшін Жолаушы бір бағытқа бір реттік сапар үшін Теміржол билетін сатып алуға міндетті, Маршруттық түбіртекті сапар барысында бақылау нүктесінен шыққанға дейін сақтап қоюы керек, құжатты бекеттік билет кассирлеріне көрсетуге, жеңілдікке құқылы болған жағдайда оны растайтын құжатын кассирге көрсетуге міндетті.
8.11.2. Бір реттік сапарға арналған жүру құжаты көрсетілген күніне сәйкес бір бағытқа ғана жарамды болып табылады.
8.11.3. Жолаушылар жасы 5 жастан төмен баланы тегін алып жүруге құқылы. Жастары 5-7 аралығындағы балалар үшін балаларға арналған Теміржол билетін алуы керек. Кассирдің талабы бойынша Жолаушы баланың жасын растайтын құжатты көрсетуге міндетті.
8.11.4. Тегін немесе жеңілдікпен жүру құнына төлем жасауға құқылы тұлғалардың жүру құжатын рәсімдеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленген тәртіпте жүзеге асырылады және ол тек теміржол кассаларында болуы мүмкін.
8.12. Темір жол билеттері сервисі. Агенттіктің «Аэроэкспресс» пойызына билеттер» қосымша қызметінің ерекшеліктері. «Аэроэкспресс» пойызының Теміржол билетін қайтару тәртібі:
8.12.1. «Аэроэкспресс» пойызының Теміржол билетінен бас тартқан жағдайда оның толық құны (Агенттіктің 150 (Бір жүз елу) теңге көлемінде Теміржол билетін қайтару қызметінің құны мен Теміржол билетіне төлем жасаған кезде банк арқылы ұсталған төлем жүйесінің үстеме бағасынан басқалары) толық көлемде қайтарылады.
8.12.2. Егер де Авиабилетке Тапсырысты рәсімдеген кезде «Аэроэкспресс» пойызына Теміржол билеті рәсімделген жағдайда әр билет үшін 150 (Бір жүз елу) теңге көлемінде Агенттік Қызмет көрсету алымын төлетеді.
8.12.3. «Аэроэкспресс» пойызындағы жалпы класты вагонның Теміржол билетін қайтару уақыты пойыздың алдыңғы күнінде Мәскеу уақыты бойынша 23:59 дейін мүмкін..
9. САЙТЫНЫҢ ҚОСЫМША ҚЫЗМЕТТЕРІ КӨРСЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. «САҚТАНДЫРУ» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚОСЫМША ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.9.1. Сақтандыру сервисі. Жалпы ережелер. 9.1.1. Сақтандыру қызметінің талаптары жоғарыда аталған Қызметтерді брондау, сатып алу және төлеу жалпы ережелері бойынша, сондай-ақ Сақтандыру қызметін пайдаланудың қосымша ережелеріне, Жеткізушілердің ережелеріне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жалпы ережелерге сәйкес қолданылады.
9.1.2. Сапарыңызды бастамас бұрын Агенттік сақтандыру полисін сатып алуды ұсынады. Кейбір Қызмет Көрсетушілер Қызметтерді ұсынудың міндетті шарты ретінде сақтандыру полисін талап етуі мүмкін.
9.1.3. Сақтандыру полисін Веб-сайтында тек Қосымша Қызмет ретінде сатып алуға болады (мысалы, билетті сатып алғанда).
9.2. Сақтандыру сервисі. Брондау.9.2.1. Егер Сіз Веб-сайтта Сақтандыру полисіне тапсырыс берсеңіз, Сіз сақтандыру келісімшартын тікелей Сақтандыру қызметінің Көрсетушімен жасасаңыз болады. Мұндай жағдайда Агенттік тек делдал ретінде әрекет етеді және Сізге немесе үшінші тұлғаға қатысты ешқандай жағдайда Сақтандыру қызметтерін жеткізуші немесе қызмет көрсету есептегіші ретінде қаралмайды. Сақтандыру шарты сақтандыру сыйлықақысын төлеген сәттен бастап жасалады.
9.2.2. Сіз және Сақтандыру қызметінің Көрсетуші арасындағы сақтандыру келісімшартының барлық шарттары (сондай-ақ сақтандыру төлемдері, сақтандыру төлемдері және оларды қамту, жою немесе күшін жою, сақтандыру жағдайы болған кездегі іс-әрекеттер және таңдаған сақтандыру түріне қарай және Сақтандыру провайдерінің және т.б.) Сіздің таңдауыңызды бір жақты тәртіпте және өз қалауыңыз бойынша, сондай-ақ Сақтандыру қызмет Көрсетушінің шарттарын қабылдағаннан кейін анықтайды.
9.2.3. Сақтандыру шарты мен негізгі шарттар сізге Брондау кезінде беріледі. Сіз Брондау алдында сақтандыру шартының шарттарын оқып, келісе аласыз.
9.2.4. Сіздің қажеттіліктеріңізді қанағаттандыратын сақтандыру полисін таңдау бойынша сақтандыру нұсқалары туралы танысуыңызды және тиісті қамтуды қамтамасыз етуге кеңес береміз. Сақтандыру келісімшартына қатысты қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда, Сақтандыру қызметінің провайдеріне брондау кезінде қол жетімді байланыс мәліметтерімен хабарласуды ұсынамыз.
9.2.5. Сақтандыруды таңдау бойынша Агенттік ешқандай жауап бермейді. Тапсырыс берілетін қызметтер үшін төлемнің жалпы шарттары қолданылады және сақтандыру полисін сатып алу кезінде міндетті болып табылады. Барлық шағымдар тікелей сақтандыру провайдеріне жіберілуі тиіс.
9.3. Сақтандыру сервисі. Тапсырысты рәсімдеу және төлеу.
9.3.1. Сатып алушының Тапсырыс жүзеге асыру және төлемді / растау төлемі арасындағы кезең 12 (он екі) сағаттан аспауы керек. Төлемді кешіктіру расталған жағдайда Тапсырыс автоматты түрде жойылады.
9.3.2. Сақтандыру полисі Брондау жүйесіне Сақтандыру қызметін көрсетушінен растау алғаннан кейін беріледі, әдетте брондау үшін төленген күннен бастап 3 (үш) сағат ішінде, егер Сақтандыру қызметінің Көрсетуші өзгеше көзделмесе.
9.3.3. Сақтандыру қызметтерін сатып алуды растау электрондық сақтандыру полисі болып табылады. Сатып алушының бұйрығын орындағаннан кейін және төлемді растағаннан кейін, Сақтандыру қызметінің провайдері сақтандыру полисін брондау кезінде ұсынылған электрондық пошта мекенжайына жібереді. Сақтандыру полисі Сайттың «Менің билетім» бөлімінде бар.
9.4. Сақтандыру сервисі. Сақтандыру полисін жою және өзгерту.
9.4.1. Осымен Сатып алушы «Менің билетім» бөлімінде сақтандыру полисіне өзгерістер енгізу мүмкін болмайтындығы туралы ескертеді және келіседі. Егер сақтандыру полисінің жарамдылығы басталмаса, Сатып алушы Қызмет Жеткізушімен келісім бойынша сақтандыру полисін өзгертеді, немесе Веб-сайтына сақтандыру полисінен бас тарта алады және жаңа сақтандыру полисіне тапсырыс бере алады.
9.4.2. Сіз Веб-сайттың «Менің билетім» бөлімінде сақтандыру полисінен бас тарта аласыз. Сақтандыру полисінің күшін жою сақтандыру полисінің құнын сақтандыру полисінің қолданылу мерзімі басталмаса, Сақтандыру қызметі Көрсетуші белгілеген мерзім ішінде және белгілеген шарттары бойынша қайтаруға мүмкіндік береді.
9.4.3. Клиенттің билетті қайтару туралы талап-арызы сақтандыру полисін автоматты түрде алып тастауды білдірмейді. Сақтандыру полисінен бас тарту үшін Сатып алушы тікелей Жеткізушіге хабарласуы керек.
10. ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ10.1. Агенттік Сайтта орналасқан ақпараттың дәл әрі шынайы болуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасайды. Сіз Қызметтер туралы ақпаратты, сайттың түрлі бөлімдерінде немесе парақшаларында қол жетімді болатын ақпараттық-анықтамалық қолдау көрсету құралдарының (кестелер, статистика, көлік құралдарының келу/жөнелтілу деректерінің, қызметтер сипаттамасының, фотосуреттердің, медиа файлдардың, рейтингтердің, анықтамалықтардың, ауа-райының, валюта бағамдарының, туризм туралы жаңалықтардың, елдер, қалалар туралы ақпараттық материалдың, оқиғалардың, бағалардың, тарифтердің, жеңілдіктердің және т.б.) осы ақпараттың сәйкес жеткізушілердің, сонымен қатар Қызметтерді жеткізушілердің/Тасымалдаушылардың ұсынатындығымен немесе жария көздерден алынатындығымен келісесіз және бұны түсінесіз және олар ақпараттық мақсаттарда ғана қолданылып, сізге ыңғайлы болатындай етіп орналастырылуы тиіс. Сайтта жарияланатын бүкіл ақпаратты сол аталмыш ақпаратты сәйкес жеткізушілер, сонымен қатар ақпарат жеткізушілердің құзіреті мен олардың мұқият іріктелгеніне қарамастан, Тасымалдаушылар мен Қызметтерді жеткізушілер ұсынатын болғандықтан Агенттіктің бүкіл ақпаратты жаппай дербес тексеруге мүмкіндігі болмайды, осыған байланысты осы Сайтта жарияланған ақпаратта дәлсіздіктер мен қателіктер болуы мүмкін, сонымен қатар бағаларда, тарифтерде және басқа да қаржылық ақпаратта қателіктер болуы мүмкін. Агенттік Сайтта көрсетілген осы ақпаратты пайдалануға қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды және осы ақпараттың толық, дәл, дұрыс, пайдалы, өзекті, тексерілген болып табылатындығына қатысты және қателердің жоқтығына (оның ішінде анық немесе басылған) және т.б. қатысты ешқандай кепілдік бермейді және сіздің осы ақпаратты қолдануыңызға және онымен байланысты келтірілген залалдар үшін жауапкершілік арқаламайды.
10.2. Агенттік кез келген және барлық әрекеттер немесе әрекетсіздік, қателіктер, олқылықтар, ескертулер, мәлімдемелер, кепілдіктер, бұзушылықтар немесе Қызметтерді жеткізушілердің/Тасымалдаушылардың абайсыздығы үшін; немесе кез келген дене жарақаты, өлім, мүліктің бүлінуі немесе басқа да залалдар немесе жоғарыда көрсетілгеннің нәтижесіндегі қосымша шығындар үшін жауапкершілік арқаламайды және көрсетілген себептер бойынша ешқандай өтемді жүзеге асырмайды. Агенттік Қызметтерді немесе Қосымша қызметтерді пайдалану барысында немесе нәтижесінде көтерген залалдар мен қосымша шығындар үшін, оның ішінде, бірақ мұнымен шектелмей, бағытының кідіруі, ауыстырылуы, өзгеруі, жүгінің немесе жеке заттарының жоғалуы немесе зақымдалуы, ереуілдер, форс-мажор жағдайлары, Қызметтер құнының және тарифтердің өзгеруі, сатылымдар бойынша тарифтердің алынуы, төленген немесе төленбеген Қызметтердің немесе Қосымша қызметтердің жойылуы және басқа да жағдайларда кез келген жауапкершілік арқаламайды және ешқандай төлемдерді немесе өтемақыларды жасамайды, өйткені бұл жағдайлар оның бақылауы мен реттеуінен тыс.
10.3. Агенттік Сайттың тұрақты, қатесіз, дәл, дер кезіндегі қорғалған жұмысына кепілдік бермейді. Агенттік тұрақты және қатесіз қосылысқа және Интернет желісіне қосылуға кепілдік бермейді және оны қамтамасыз етпейді, сонымен қатар олар үшін жауапкершілік арқаламайды, ортақ пайдаланудағы түрлі арналардың, телефон желілерінің немесе қызметтердің, компьютерлік жүйелердің, серверлердің немесе провайдерлердің, компьютерлік және телефон жабдығының, бағдарламалық жасақтаманың сапасына, Пайдаланушының Сайтқа кіруіне көмектесетін электронды пошта немесе байланыс сервистерінің, «Менің билетім», Қызметтерге тапсырыс немесе Қолдау көрсету қызметімен байланыс ақауларына және нашар байланыс салдарынан қызметтерді таңдайтын, ресімдейтін және/немесе төлейтін кезде немесе өзге ақпаратты ұсынатын кезде ақау болған жағдайда олар үшін кепілдік бермейді және оларды қамтамасыз етпейді.
10.4. Агенттік ешқандай мәлімдеме жасамайды және Сайтта, оның құрамдас бөліктерінде, серверлерде немесе кез келген электронды хабарламаларда вирустардың, ақаулардың немесе өзге бұзушы элементтердің жоқтығына қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды және барлық кепілдіктен бас тартады және осы Сайтта қол жетімді болатын бағдарламалық жасақтаманы қолдануға қатысты кепілдік (оның ішінде оның сапасына, тиісті жұмысына қатысты кепілдік) бермейді. Сіз мәселен вирус сияқты бұзушы сипаттағы болжамды элементтерден өз жабдығыңызды немесе бағдарламалық жасақтамаңызды қауіпсіздендіру үшін осы Сайтты немесе осы Сайттан гипер сілтеме берілетін өзге веб-сайттарды қолданатын кезде барлық қажетті шараны дербес қолдануға міндеттенесіз. Агенттік лицензиялық бағдарламалық жасақтаманы (оның ішінде антивирустық бағдарламалық жасақтаманы) ғана қолдануды қатаң ұсынады.
10.5. Сайтта Агенттікке тиесілі емес және Агенттік қызмет көрсетпейтін веб-сайттарға сілтемелер көрсетілуі мүмкін. Бұндай гиперсілтемелер сізге ыңғайлы болу үшін және танысу үшін ғана ұсынылуы мүмкін. Сіз Агенттіктің бұндай веб-сайттар мен сыртқы ресурстарды бақыламайтындығымен, бұндай веб-сайттарға қызмет көрсетпейтіндігімен және олардың қызметі, мазмұны, жарнамасы, өнімі үшін және олар ұсынған басқа да ақпарат пен оларды пайдалану зардаптары үшін жауап бермейтіндігімен келісесіз. Осындай веб-сайттарға аталмыш сілтемелерді орналастыру Агенттіктің осындай веб-сайттарға орналастырылған материалды мақұлдайтынын және олардың иегерлерімен қауымдасатынын растамайды және бұған кепілдік бермейді. Веб-сайттарға кейбір гиперсілтемелерді пайдалану және осындай сайттардың деректерін көрсету (мысалы, Google карталары) осындай веб-сайттарды пайдалану ережелерін сақтай отырып және олар белгілеген деректерді өңдеу саясатына сәйкес қолданылуы тиіс. Сіз осындай сыртқы веб-сайттарды қолдану ереджелерімен дербес танысып, оларды орындауға міндеттенесіз.
10.6. Агенттік ешбір жағдайда:
- Пайдаланушы осы Шарттың талаптарын білмеген немесе орындамаған жағдайда және Қызметтерді көрсету ережелерімен/таңдап алған Қызметтерді жеткізуші/Тасымалдаушы тарифтерінің ережелерімен және Қызметтерді немесе Қосымша қызметтерді көрсету ерекшеліктерімен таныспаған жағдайда;
- Пайдаланушы қауіпсіздік шараларына және оның дербес, төлем немесе өзге деректерін қорғау шараларына салғырттық танытқан жағдайда және үшінші тұлғалар «Менің билетім» бөліміне, пайдаланушының дербес, сонымен қатар өзге деректеріне рұқсатсыз кіру мүмкіндігіне ие болып, Пайдаланушыға нұқсан келтірген жағдайда;
- Агенттік / Тасымалдаушы / Қызметтерді жеткізуші / Төлем жүйесі жіберген және Сайт пен Қызметтердің немесе Қосымша қызметтердің тапсырысын пайдаланумен байланысты электронды немесе sms хабарламаларды байланыс жүйелері жеткізбеген/ Клиент немесе Жолаушы дер кезінде оқымаған/немесе оқымаған жағдайда;
- Пайдаланушы ұсынған мәліметтер мен құжаттардың рас болмауы, жеткілікті болмауы және дер кезінде ұсынылмауы немесе Пайдаланушының осы Шарттың талаптарын бұзуы салдарынан өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындай алмаған жағдайда;
- Клиенттерде/Жолаушыларда қайсы бір себеппен Қызметтерді алу үшін талап етілетін және осы Шартта не Тасымалдаушы/Қызметтерді жеткізуші белгілеген тиісті түрде ресімделген құжаттардың болмауы үшін.
- Үшінші тұлғалардың әрекеттері үшін, оның ішінде, бірақ бұнымен шектелмей, кедендік және көші-қон биліктерінің әрекеттері үшін және сәйкес елдің құзырлы мемлекеттік органдарының Жолаушының жөнелтуші елден немесе басқа да шығу орнынан шығу құқығын немесе келген еліне кіру құқығын шектегені үшін; консулдықтардың, елшіліктердің немесе шетелдік мемлекеттердің виза орталықтарының әрекеттері үшін, сонымен қатар кіру визаларын беруден баст тартқаны үшін немесе беру мерзімдерін өзгерткені үшін немесе визаларды Қызметтерді пайдалану мақсатынан өзге талаптармен берген жағдайда жауапкершілік арқаламайды, залалдардың ешбір өтемін ұсынбайды және өтемақылар жүргізбейді.
10.7. Осы Шарттың талаптарына сәйкес Агенттік ешбір жағдайда: - Тасымалдаушымен/Қызметтерді жеткізушімен қосалқы орындаушы ретінде әрекет етпейді және Сатып алушының/Жолаушы мен Тасымалдаушының/Қызметтерді жеткізушінің арасындағы дауға қатыспайды;
- шетелдік мемлекеттердің заңнамасын қолдану мәселелерін қоса алғанда; шетелдік мемлекеттің аумағына кіруге (оның ішінде, бірақ мұнымен шектелген, визаларға), шетелдік мемлекеттің аумағынан шығуға, шетелдік мемлекетті транзиттік кесіп өту үшін және т.б. қажетті құжаттар жиынтығына қойылатын талаптар туралы, шекаралық, кедендік, санитарлық-карантиндік, ветеринарлық, шетелдік мемлекеттің заңнамасымен белгіленген карантиндік фитосанитарлық бақылау түрлері туралы заңдық/консультациялық қызметтерді көрсетеді;
- Жолаушылардың/Қызметтерді жеткізушілердің алдында, сонымен қатар Қызметтерді көрсетуге тартылған өзге тұлғалардың алдында сіздің мүдделеріңізді және Жолаушылардың мүдделерін танытпайды. Көрсетілетін (көрсетілген) Қызметтерден туындайтын Клиенттердің/Жолаушылардың алдындағы жауапкершілікті Тасымалдаушылар/Қызметтерді жеткізушілер осындай құқықтық қатынастарға қатысты қолданылатын заңнамаға сәйкес, сонымен қатар халықаралық құқық нормаларына сәйкес арқалайды. Сатып алушы мен Жолаушылар Қызметтерді жеткізушілерге/Тасымалдаушыларға кінәратпен дер кезінде өтініш білдірмегені үшін немесе заңдық рәсімділіктерді қоса алғанда, осымен байланысты рәсімділіктерді орындамағаны үшін дербес жауапкершілік арқалайды.
10.8. Егер Агенттік еңсеруге келмейтін күш жағдайларына байланысты Сайтты, оның Қызметтерін немесе Сайттың сервистерін пайдалану мүмкіндігін ұсына алмайтын болса (бұдан әрі Шартта белгіленетін), сіз Агенттіктің бұл әрекет арқылы осы Шарт шеңберіндегі сіздің алдыңыздағы ешбір міндеттемені бұзбайтындығын мойындайсыз және бұнымен келісесіз.
10.9. Агенттік, оның үлестес тұлғалары немесе компаниялар тобы, сонымен қатар өкілдер, құрылтайшылар, басшылар, агенттер, қызметкерлер, әріптестер мен штаттас тыс қызметкерлер ешбір жағдайда Пайдаланушының алдында немесе кез келген үшінші тұлғалардың алдында кез келген кездейсоқ, жанама, туынды немесе айыппұлдық залалдар мен шығын үшін, алынбай қалған пайда үшін (жіберіп алған пайда), деректерді немесе деректер мен ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін жоғалтқаны үшін, іскерлік беделді жоғалтқаны үшін, мәртебесіне немесе беделіне келтірілген залал үшін немесе келтірілген моральдық шығын үшін, сонымен қатар Сайтты пайдалану және Қызметтерді не Қосымша қызметтерді пайдалану нәтижесінде немесе пайдалана алмау салдарынан көтерген қосымша шығындар үшін жауапкершілік арқаламайды.
10.10. Осы Шартта көрсетілген талаптарға, ескертулер мен шектеулерге сәйкес Агенттік сот тәртібімен дәлелденіп, белгіленген өзінің кінәсінен орын алған міндеттемелерді орындамау нәтижесінде келтірілген қасақана, тікелей шынайы залал үшін ғана жауапкершілік арқалайды және осындай жауапкершілік шекарасы ешбір жағдайда бірігіп мына сомалардың ең көбінен аспауы тиіс: (i) тапсырыс берілген қызмет құнынан немесе (ii) жүз АҚШ долларына тең сомадан. Агенттіктің жауапкершілігін шектеу туралы осы тармақтың ережелері сіз бен Агенттіктің арасындағы тәуекелдердің мақұлданған бөлінісін көрсетеді және Агенттіктің, оның үлестес тұлғаларының немесе компаниялар тобының, сонымен қатар өкілдердің, құрылтайшылардың, басшылардың, агенттердің, қызметкерлердің, жұмыскерлердің, штаттан тыс мамандардың немесе әріптестердің пайдасына пайымдалады. Осы бапта көрсетілген шектеулер өз күшінде қалады және жәбірленуші тараптың залалдарын толық көлемде өтеу мүмкін болмаған кезде де міндетті болып табылады.
10.11. Тасымалдаушылардың қаза болғаны, дене және басқа да жарақаттарды алғаны үшін материалдық жауапкершілігі, сонымен қатар жүкті жоғалтқаны үшін жауапкершілігі, әдетте, ұлттық заңнамамен, халықаралық шарттармен немесе Тасымалдаушылардың/Қызметтерді жеткізушілердің өз ережелерімен және шектеулерімен шектелетіндігін түсінесіз және бұнымен келісесіз.
11. ЕҢСЕРУГЕ КЕЛМЕЙТІН КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ11.1. Агенттік осы Шартты жасағаннан кейін орын алған еңсеруге келмейтін күш оқиғалары (форс-мажор) немесе әрекеті салдарынан осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда оларды толық немесе ішанара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
11.2. Еңсеруге келмейтін күш жағдайлары немесе оқиғалары деп төтенше, алдын алуға болмайтын және күтпеген сипаттағы және тараптар ақылға қонымды шаралар арқылы алдын ала алмаған немесе болжай алмаған осы Шарт талаптарын орындауға мүмкіндік бермейтін немесе бұған объективті түрде кедергі келтіретін жағдайларды түсіну керек. Тараптар бұндай талаптарға атап айтқанда мыналарды жатқызады: айрықша табиғи жағдайлар мен табиғи апаттар салдарынан туындаған жағдайлар, байланыс желісінің жұмысындағы ақаулар, электрмен жабдықтау жүйесінің істен шығуы немесе сөндірілуі, Интернет желісінің және басқа да коммуникациялық желілердің жұмысындағы және оған кірудегі іркілістер, Сайттың жұмысындағы іркілістер, серверлердің немесе бағдарламалық жасақтаманың жұмысындағы іскілістер мен ақаулар, хакерлік шабуылдар, бағдарламалық жасақтамадағы жаңартулармен, Сайттағы жоспарлы және жоспардан тыс техникалық және профилактикалық жұмыстармен байланысты жағдайлар, кез келген мемлекеттік органдардың әрекеттері немесе өкімдері, кез келген қолданыстағы заңнамадағы ауқымды қалыпсыз өзгерістер, валюталық шектеулер, жергілікті немесе жалпы мемлекеттік ауқымдағы төтенше жағдайлар, Шарттың бір тарапы болып табылмайтын үшінші тұлғалардың күтпеген әрекеттері немесе әрекетсіздігі және/немесе Шарт тарапының еркі мен қалауынан тыс орын алатын жағдайлар, соғыс қатері, қарулы қақтығысу немесе осындай қақтығысудың күрделі тәуекелі, сонымен қатар, бірақ мұнымен шектелмей, өшпенділік шабуылдар, блокадалар, әскери эмбарго, шетелдік жаудың әрекеттері, жалпы әскери жұмылдыру, соғыс әрекеттері, жарияланған және жарияланбаған соғыс, қоғам белсенділерінің әрекеттері, толқулар, лаңкестік актілері, диверсиялар, қарақшылық, тәртіпсіздіктер, басып кіру, блокада, революция, бүлік, көтеріліс, жаппай тәртіпсіздіктер, коменданттық сағатты енгізу, экспроприация, күштеп тартып алу, кәсіпорындарды басып алу, реквизиция, қоғамдық демонстрация, блокада, ереуіл, апат, үшінші тұлғалардың заңға қарсы әрекеттері, індеттер, өрт, жарылыс, көліктің жұмысындағы ұзақ үзілістер, эмбарго, экспортқа/импортқа тыйым салу (шектеу), мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін өзі басқару органдары регламенттеген талаптар, сонымен қатар айрықша табиғи жағдайлардың және күтпеген жағдайлардың салдарынан туындаған зардаптарды жоюмен байланысты, сонымен қатар тараптардың ақылға қонымды бақылауынан тыс өзге оқиғалармен байланысты жағдайлар.
11.3. Форс-мажор жағдайлары туындаған жағдайда Агенттік 5 (бес) күнтізбелік күннің ішінде Сайтты пайдаланушыларға Сайтқа сәйкес ескертуді орналастыру арқылы көрсетілген жағдайлар барысының сипаты туралы және осы әрекеттердің болжамды жалғасу уақыты туралы электронды хабарламаны беру арқылы (немесе Агенттіктің таңдауына орай кез келген өзге тиісті түрде) хабарлайды.
11.4. Шарт бойынша міндеттемелерді орыдау мерзімі осы еңсеруге келмейтін күш жағдайлары әрекет ететін уақытқа мөлшерлес шегеріледі. Еңсеруге келмейтін күш жағдайлары 14 (он төрт) күнтізбелік күннен артық жалғасатын болса, тараптар келіссөздер өткізу жолымен міндеттемелерді орындамау мәселесін шеше алады, ал бір келісімге келу мүмкін болмаған жағдайда Шарттың бұзылуын талап ете алады.
12. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ (КОНФИДЕНЦИАЛДЫЛЫҚ САЯСАТЫ)Дербес деректерді қорғау талаптары осы Шарттың ажырамайтын талаптары болып табылады және келесі
сілтеме бойынша баяндалып, қол жетімді болады.
13. ТӨЛЕМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІК СТАНДАРТТАРЫ ЖӘНЕ АНТИФРОД-ТЕКСЕРУ
Төлемдердің стандарттарын орындау және антифрод-тексерулер саясаты осы Шарттың ажырамайтын талаптары болып табылады және келесі
сілтеме бойынша қол жетімді болады.
14. ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫН ПАЙДАЛАНУ14.1. Авторлық құқық туралы ескерту: © 2017 TICKETS.KZ Барлық құқықтар қорғалған. TICKETS.KZ. – авторлық құқықтың тіркелген нысаны болып табылады және авторлық құқықпен қорғалады. Агенттік, оның әріптестері мен провайдерлері Сайтта жарияланған зияткерлік меншік құқықтары нысандарының (бүкіл ақпарат пен материалдардың) иегерлері немесе лицензиаттары болып табылады. Сайтқа үшінші тұлғалар ұсынған материалдар орналастырылуы мүмкін. Сайтта айтылған логотиптер, компаниялардың атаулары, ұсыныстар және басқалары сауда маркалары/олардың сәйкес иегерлерінің таңбалары болуы мүмкін немесе авторлық құқықтар мен сауда таңбалары және қызмет көрсету белгілері туралы заңнамамен қорғалуы мүмкін. Сайтта жарияланған бүкіл ақпарат пен материалдар зияткерлік меншік құқығы нысандарын қорғау туралы жергілікті немесе халықаралық құқыққа сәйкес қорғалған.
14.2. Сіздің туынды өнімдерді пайдалануға, көшіруге, өзгертуге, бейімдеуге, аударуға, құрастыруға, қайта құрастыруға, құруға, бастапқы кодты ашу әрекеттерін жасауға, деректерді көшіруге, талдауға, Сайтта сілтемелер құруға немесе осы Сайттың мазмұнын толығымен немесе ішінара кез келген түрде пайдалануға, сонымен қатар Агенттіктің жазбаша рұқсатынсыз осы Сайттың көмегімен қол жетімді болатын кез келген зияткерлік меншік құқығы нысандарын пайдалануға құқығыңыз жоқ.
14.3. Электронды/бағыт-түбіртек, билет, электронды ваучер немесе Сіздің броньдауды растайтын өзге электронды- құжат пен осы Шарт Қызметтерді/Қосымша қызметтерді алу үшін ғана қолданылуы мүмкін және қағаз тасымалдаушыларда басылып, осы мақсатта ғана көшірілуі мүмкін.
14.4. Сіз осы Сайтқа, сонымен қатар электронды хабарламаларға немесе пікірлерге орналастыратын ақпарат зияткерлік меншік құқығы нысандарын қамтитын болса, сіз осылайша бүкіл зияткерлік меншік құқығын шектеусіз Агенттіктің пайдасына табыстайсыз. Сіз Агенттіктің қалдырылған пікірді өз қарауына орай (сонымен қатар жарнамалық және маркетингтік мақсаттарда) пайдалануына, туынды өнімді өзгертуіне, бейімдеуіне, құруына аударуына, кез келген бұқаралық ақпарат құралында жариялауына немесе толығымен не ішінара жоюына, үшінші тұлғаларға табыстауына, Агенттіктің қарауы бойынша кез келген өзге әдіске қолдануына келісесіз және толық әрі шектеусіз, тегін, уақыт пен кеңістік бойынша шектелмеген құқықты табыстайсыз. Сіз көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда сізден Сайтқа ақпарат қалдырмауды немесе Агенттіктің атына ақпарат бермеуді немесе Сайтты пайдалануды тоқтатуды сұраймыз.
14.5. Осы Сайттың көмегімен қол жетімді болатын бағдарламалық жасақтама, сонымен қатар мобильді қосымшалар Агенттікке, оның әріптестері мен провайдерлеріне тиесілі болады және авторлық құқықпен қорғалады. Бағдарламалық жасақтаманы қолдану сіз бен Агенттіктің арасындағы лицензиялық келісімнің талаптарымен реттеледі. Мобильді қосымшаларды орната отырып, сіз лицензиялық келісімнің талаптарымен келісуіңіз тиіс. Өзге жағы қарастырылмаған жағдайда, сіз Агенттіктен шектеулі, дербес, табысталмайтын айрықша емес және мерзімі белгіленген ақпаратты қарауға және Сайтты басқа да түрде пайдалануға арналған бағдарламалық жасақтаманы қолдану лицензиясын Шарт талаптарына сәйкес қызметтер мен олардың тапсырысы туралы ақпарат алу мақсатында ғана аласыз және ешбір өзге мақсатқа пайдаланбайсыз. Бағдарламалық жасақтамаға кепілдіктер лицензиялық келісімнің шегінде ғана беріледі.
14.6. Зияткерлік меншік құқығы нысандарын кез келген заңсыз пайдалану және жоғарыда баяндалған талаптарды бұзу сіз бен Агенттік арасында жасалған Шарт талаптарын қатаң бұзу болып есептеледі және бұзылған құқықтарды қорғау туралы талап арыз беруге негіздеме болуы мүмкін.
14.7. Сізге Агенттіктің авторлық құқықтарының бұзылғаны туралы белгілі болған жағдайда Қолдау көрсету қызметінің электронды поштасына хабарлама жіберуді сұраймыз.
14.8. Сіз Сайтқа жарияланған материалдардың сіздің авторлық құқығыңызды бұзғанына сенімді болсаңыз, сіз біздің электронды мекенжайымызға хат жолдай аласыз, бұл хатта мыналар көсретілуі тиіс: Сіздің авторлық құқығыңыз бұзылды деп топшыланған материалдың сипаттамасы; даулы материал бойынша сізде авторлық құқықтың бар екенінің дәлелдемелерін келтіру, сіздің байланыс деректеріңіз бен қолыңыз. Агенттік сізге бұзылған авторлық құқықтарды қорғауға қатысты хатты немесе қарсы хабарландыруды жолдамас бұрын білікті маманнан консультация алуды ұсынады. Бұзылған авторлық құқықтарды қорғауға қатысты сіздің хатыңыз негізсіз болған жағдайда, сіз Агенттікте немесе өзге құқық иегерлерінде сіздің хатыңызды қарастыруға қатысты немесе авторлық құқықтың бұзылу фактісін анықтауға қатысты туындауы мүмкін барлық залалдың орнын толтыруға міндеттенесіз.
14.9. Агенттік өзінің үлестес тұлғаларына тиесілі веб-сайттарға орналастырылған ақпарат үшін жауапкершілік арқалайды.
15. НИЕТТЕСТІК БАҒДАРЛАМАСЫ Сайтта аталмыш ниеттестік туралы бағдарлама қол жетімді болған жағдайда Сіз «Tickets-бонустар» ниеттестік бағдарламасына сәйкес ұсынылатын артықшылықтарды пайдалануға құқылы боласыз. «Tickets-бонустар» бағдарламасының ережелері мен талаптары осы шарттың ажырамайтын бөлігі болып табылады.
16. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ҚҰҚЫҒЫ МЕН ТӘРТІБІ16.1. Осы Шарт пен осы Шарттан туындайтын немесе онымен байланысты, сонымен қатар осы Шарттың шынайылығымен, оның жасалуымен, орындалуымен, өзгертілуімен және тоқтатылуымен, оның талаптарын пайымдаумен, Шарттың күшінен айрылу немесе бұзылу зардаптарын анықтаумен байланысты барлық құқықтық қатынастар осы Шартпен реттеледі. Шартта даулы қатынастарды реттейтін ережелер болмаған жағдайда Агенттік ұқсас қатынастарды реттейтін ережелерді, сонымен қатар Шарттың өзінде көзделген ережелерді қолдану құқығын (ұқсастық) өзіне қалдырады. Осы Шартта қарастырылмаған, бірақ осы Шарттан туындайтын және/немесе оны орындаумен байланысты туындайтындарға ұқсас тараптардың қатынастары Қазақстан Республикасының (немесе Сайттағы қызметтердің көрсетілуін реттейтін өзге уәкілетті ұйымдардың) материалдық және процессуалдық құқықтарға, қағидаларға, нұсқаулықтарға, ережелерге, ұсынымдарға, қарарларға және IATA актілеріне және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және Даму Министрлігінің Азаматтық Авиация Комитетінің актілеріне, сонымен қатар қолданылатын халықаралық құқық нормалдарына сәйкес реттеліп, пайымдалады.
16.2. Осы Шартпен байланысты туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер тараптардың арасында келіссөздер жолымен шешіледі. Дауларды сотқа дейінгі қарастыру тараптар үшін міндетті болып табылады. Тараптар кез келген дауды және/немесе келіспеушілікті келіссөздер жолымен шеше алмаған жағдайда өз құқықтары бұзылды деп есептейтін тарап өзге тарапқа сотқа дейінгі кінәратты жолдауға міндетті, оны қарастыру мерзімі кінәратты алға сәттен бастап 10 (оң) календарлық күнін құрайды. 10 (оң) календарлық күні ішінде кінәратқа жауап алмаған жағдайда, сонымен қатар жауап алынып, бірақ өз құқықтары бұзылды деп есептейтін тарапты қанағаттандырмаған жағдайда бұл тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында және халықаралық құқық нормаларында белгіленген ведомстволық және соттылық ережелеріне сәйкес сотқа жүгінуге құқылы, бұл ретте дауды қарастыру (Агенттіктің орналасқан жері бойынша дауды қарастыру орны) орны болып Агенттіктің орналасқан жері табылады. Тараптардың кез келгені осы Шартта белгіленген дауды қарастырудың міндетті сотқа дейінгі тәртібін орындамай, сотқа өтінішпен жүгінген жағдайда бұл мәлімдеме қарастырусыз қалдырылуы тиіс.
17. АГЕНТТІКПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ТОҚТАТУ17.1. Сіз кез келген уақытта «Менің билетім» бөліміндегі өз тіркеу деректеріңізді жою арқылы Сайтты пайдаланудан бас тарта аласыз. Оларды жою туралы сұрату Сайтқа тіркелетін кезде көрсетілген электронды поштадан Қолдау көрсету қызметінің электронды поштасына жолдануы тиіс. Оларды жойғаннан кейін «Менің билетім» бөліміндегі барлық деректер (сонымен қатар Тапсырыстар тізімі, жинақталған бонустар мен Сатып алушының/Жолаушылардың/Клиенттердің дербес деректері) қалпына келтіру мүмкіндігінсіз жойылатын болады.
17.2. Сіз Агенттіктің өз қарауына орай Сайтқа кіру және Қызметтерді алу немесе осы Сайт арқылы қол жетімді болатын Қызметтердің көрсетілуін кез келген уақытта алдын ала хабарландырусыз және кез келген себеппен, оның ішінде, бірақ мұнымен шектелмей: сіз осы Шарттың талаптарын бұзған жағдайда, Сайтты Агенттікке, Қызметтерді жеткізушілерге/Тасымалдаушыларға немесе үшінші тұлғаларға зиян келтіретіндей заңға қарсы, алаяқтық жолмен пайдаланғаны туралы күмән туған жағдайда уақытша тоқтату құқығын өзіне қалдыратындығымен келісесіз; бұны өзгертілген ережелер мен бизнесті жүргізу талаптары талап еткен жағдайда заңнамадағы қалыпсыз өзгерістер, ұдайы шектеулер, сонымен қатар Агенттіктің кез келген әріптесімен құқықтық қатынастардағы өзгерістер орын алған жағдайда уақытша тоқтатуға құқылы болатындығымен келісесіз.
17.3. Сіздің Агенттікпен қарым-қатынастарыңыз тоқтатылған сәттен бастап: Агенттіктің зияткерлік меншік нысандарын пайдалануға барлық лицензиялары мен құқықтарының күші бірден тоқтатылады; сіз осы Сайтты кез келген пайдаланудан және осы Сайтта қол жетімді Қызметтерді/Қосымша қызметтерді алудан бас тартасыз.
17.4. Сіз Агенттікпен өз қатынастарыңызды тоқтатқаннан кейін де әрекет етуін жалғастырады деп көрсетілген, нақты қарастырылған немесе олардың мәнінен туындайтын осы Шарттың ережелері мен бөлімдері, сонымен қатар жауапкершілікті шектеу туралы талаптар осы Шарттың күші аяқталғаннан кейін осындай ережелерде көрсетілген мерзімнің ішінде өз әрекетін жалғастырады.
18. ЖАЛПЫ ЕСКЕРТУЛЕР18.1. Осы Шарттың кез келген ережесін жарамсыз, күші жоқ немесе пайдалануға жатпайды деп тану жалпы Шарттың жарамсыздығына немесе күшінің жойылуына алып келмейді. Бұл ереже Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, барынша мүмкін болатын деңгейде бастапқы ниетін ескере отырып қайта қаралған болып есептеледі. Сіз осы Шартпен және кез келген ережені жарамсыз, күші жоқ немесе қолданыла алмайды деп мойындаған жағдайда енгізілуі мүмкін өзгерістермен өзіңіздің толық және сөзсіз келісіміңізді растайсыз және осындай өзгертілген ережелердің Сіз бен Агенттіктің арасындағы құқықтық қатынастарды реттейтіндігімен келісесіз. Шарттағы бөлімдер мен тақырыптар ақпараттық мақсатта және Пайдаланушыға ыңғайлы болу үшін ғана берілген және Шарт талаптарын тарылта, кеңейте немесе басқа да түрде өзгерте алмайды.
18.2. Осы Шарттың талаптары Агенттік пен Пайдаланушы үшін, сонымен қатар олардың заңды және рұқсат етілген құқылы мирасқорлары үшін міндетті болып табылады. Пайдаланушының Агенттіктің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шартқа сәйкес өз құқықтарын толығымен немесе ішінара үшінші тұлғаларға табыстауға құқығы жоқ. Агенттік қайсы бір ескертулерсіз және кез келген уақытта осы Шарт бойынша кез келген құқықтары мен міндеттерін өз таңдауына орай толығымен немесе ішінара үшінші тұлғаларға табыстай алады немесе иеліктен шығара алады, қосалқы мердігерлікке (субагенттікке) бере алады.
18.3. Осы Шарттың электронды нұсқасы, сонымен қатар кез келген электронды немесе қағаз тасымалдаушылардағы sms хабарлама (Пайдаланушы Агенттіктен/Агенттік Пайдаланушыдан алынған немесе жөнелтілген) қағаз тасымалдаушылардағы ресми коммуникацияларға теңеледі, қосымша растауды талап етпейді, тиісті дәлелдеме болып есептелуі тиіс және қағаз тасымалдаушыда жүзеге асырылған кез келген өзге құжаттар немесе хабарламалар сияқты күшке ие болады және осы Шарттан немесе Шартқа қатысты туындауы мүмкін қайсы бір кінәраттарды немесе дауларды шешетін кезде қолданылуы тиіс.
19. БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ«ТИКЕТС КЗ» ЖШС, бизнес сәйкестендіру нөмірі: 150440006398, ҚҚС есепке қою туралы куәлік сериясы 60001 №1191625 19 желтоқсан 2016 жылы берілген, IATA коды 65321723, лицензиялар мен сертификаттар туралы ақпарат мына
сілтеме бойынша көрсетіледі.
- мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 17/1, «Нұрлы-Тау» ПФО, 5Б блогы, 23 қабат
- Email:
Әуе билеттер жою/қайтару/өзгерту туралы сұрақтар бойнша:
helpdesk@tickets.kzДаулы мәселелер, талаптар бойынша:
feedback@tickets.kzТөлем туралы бойынша:
payments@tickets.kzТемір жолы билеттер туралы бойынша:
railway@tickets.kzБасқа сұрақтар бойынша:
info@tickets.kz- Телефоны: +7 727 364 50 00, 350 87 86 (08.00-22.00, төлемақы операторлардың тарифтеріне сәйкес)
- Онлайн чат
http://ticketstravelnetwork.com/chat/rooms/kk/tickets.kzШарт нұсқасы
2020 жылғы 1 сәуір жағдайы бойынша жаңартылған.
© TICKETS.KZ. Барлық құқықтар қорғалған.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң мына
сілтеме бойынша қол жетімді болып табылады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті орган туралы ақпарат Қазақстан Республикасының ресми веб-сайтына келесі
сілтеме бойынша қол жетімді болып табылады.
Басып шығару