Антифрод (ағылшынша «fraud» — алаяқтық дегеннен шыққан) — онлайн төлемдер және қашықтан банктік қызмет көрсету уақытында алаяқтықты ажырату жүйесі.
Алаяқтықпен күресу саясатына сәйкес,
Tickets.kz қабылданатын ақша қаражаттарының қозғалысын бақылауда ұстауға және кез келген қаржылық қулық-сұмдыққа жол бермеуге ұмтылады. Алайда, біз төлем жүйелерінің шешімдеріне ықпал ете алмаймыз және сіздің транзакцияңыз күдікті ретінде бағалануы мүмкін.
Транзакцияны антифрод-сүзгілер күдікті деп бағалауы мүмкін болуының негізгі себептері:
- Онлайн-төлемақы төлеушінің банк картасы шығарылған елден тыс жүреді.
- Карта антифрод-жүйелердің «қара тізіміне» кіреді.
- Карта онда жыл сайын банк карталарыме қылмыстардың ең жоғары саны тіркелетін елде шығарылған. Әдетте, бұл Азия, Африка, Латын Америкасының бірқатар елдері.
Сонымен қатар, карта бірқатар басқа себептер бойынша төлемге қабылданбауы мүмкін. Бұл туралы толығырақ келесі мақалада:
неліктен банк картасы төлемге қабылданбауы мүмкін.
Антифрод-жүйелер күдікті жағдайларға қалай жауап қимылдайды:
- деректер енгізілгеннен кейін карта автоматты түрде бұғатталады;
- төлем жүйесі төлем жасауға талпынысты себептерін түсіндірусіз бұғаттайды;
- төлем жүйесі төлеушіге оның төлем кезінде көрсетілген картаның ұстаушысы болып табылатынын құжаттық түрде растауға өтініш бар email жібереді;
- төлем жүйесі төлеушіге оның расында банк картасының ұстаушысы болып табылатынына көз жеткізу үшін қарапайым онлайн-тексеруден өтуді ұсынады.
Картаға иелікті құжаттық түрде растау
Егер сіздің картаңыздың деректері антифрод-жүйеде күдік туғызса, сіз оның расында да сіздің картаңыз екенін құжаттық түрде растауға өтініш бар email аласыз:
«Құрметті Клиент!
Билетті сатып алу табысты болуы үшін, банк картасын пайдаланудың құқықтығын растауыңызды сұраймыз.
Ол үшін броньның қолданылу уақытының ішінде [email protected] email мекенжайына растайтын құжаттарды жіберіңіз.
Төлемақының табыстылығын растау үшін қажет құжаттар:
- картаның ұстаушысының төлқұжатының бірінші бетінің көшірмесі;
- одан төлем жасалатын пластик картаның беттік жағының көшірмесі.
Сіз картаның нөмірінің анық көрінуге тиіс соңғы 4 санынан басқа сандарын жасыра аласыз.
Техникалық мамандар одан әріде билетті ресімдеу және жазып беру үшін ақпаратқа талдау жасайды. Жоғарыда көрсетілген барлық деректер қарастырылғаннан кейін дереу жойылады.
Келтірген жайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз».
Төлем жүйесінің шешімі оң болған жағдайда, сіздің сатып алуға транзакцияңыз табысты аяқталады және сіз email мекенжайыңызға электрондық билеттің нөмірі берілген маршруттық түбіртекті аласыз.
Егер төлем жүйесі дәлелдемені қабыл алмаса, немесе сіз броньның қолданылу уақытының ішінде растайтын құжаттарды жолдамасаңыз, сіз email мекенжайыңызға құлақтандыру аласыз, ал сіздің броньның күші жойылады және билеттер еркін сатуға қайтарылады. Ондай жағдайда, біз брондауды қайтадан жасауға және оның ақысын басқа бір қолжетімді тәсілмен төлеуге немесе басқа банк картасын пайдалануға кеңес береміз.
Картаға иелікті онлайн-тексеру
Кейбір жағдайда, тапсырыс құнын төлегіңіз келгенде, сіз мынандай хабарлама көре аласыз:
Назар аударыңыз! Сіздің картаңыз біздің антифрод-жүйемізден өтпеді.
Сізге көрсетілген картаның шыныменде нақты иесі екендігіңізге көз жеткізуіңіз қажет.
Картамен иелік етуді растау үшін сізге 2 тәсіл ұсынылады. Тек бір тәсілді орындауыңыз керек.
1 Тәсіл
Біз қауіпсіздік мақсатында сіздің картаңыздағы 0,7-1,2 USD диапазоны баламалы кездейсоқ құнды құлыптаймыз.
Түскен тізімнен кездейсоқ құны бұғатталған валютаны таңдаңыз және "Бұғаттау" батырмасын басыңыз.
Картаңыздан қандай кездейсоқ құн құлыпталғанын анықтаңыз. Құлыпталған құнның мөлшерін білуге болады:
- Интернет банкингпен мәміле(транзакция) шығысының дәл келуі.
- Егер сіздің картаңызда іске асырылған мәміле (транзакция) туралы SMS-хабарламалар жүйесі қолданылса, бұл ақпарат банктен жіберілген.
- Банктің техқолдауы (байланыс номерлері картаның артқы бетінде көрсетілген).
Тиісті өрістен бұғатталған құнды еңгізіңіз және "Растау" батырмасын басыңыз. Егер сіздің көрсеткен сомаңыз бұғатталғанмен бірдей болса, онда картаны тексеру сәтті өтеді - тапсырыстың төлемі қабылданады, әйтпесе - төлем қабылданбайды, ескертпелер жойылады. Бұғатталған құн босатылады.
2 Тәсіл:
«Код авторизации» өрісінде авторизация кодын енгізіңіз.
«Растау» батырмасын басыңыз.
Егер авторизация коды дұрыс енгізілсе – авиабилетті төлеу сәтті өтеді, әйтпесе бронь күші жойылады.
Авторизация кодын білуге болады:
- Интернет-банкингінде – тиісті транзакциялар жазбасында.
- Банкінің технжасақтамасында (телефон картаның кері жағында көрсетілген).