Олар бойынша авторизациядан өтуде қателік орын алатын себептер:
1. Қатe-mail енгізілді.
Электронды поштаның мекенжайының дұрыс жазылуын тексеріңіз.
Егер сайтта тіркелген соң Tickets.kz-дан бірде бір хат алмасаңыз, мүмкін, сіз бастапқыда электронды поштаның мекенжайында дұрыс емес деректер көрсеттіңіз (мысалы,
[email protected] орнына
[email protected] домен). Ондай жағдайда сайттың Клиенттерге қамқор көрсету қызметіне хабарласыңыз.
2. Жаңылыс құпиясөз енгізілді.Құпиясөздің дұрыс жазылуын тексеріңіз. Жүйенің құпиясөзден кейінгі немесе алдындағы бос орынды бөлек нышан ретінде қабылдайтынына назар аударыңыз.
Жаңылыс құпиясөзді 5 рет енгізгеннен кейін аккаунт бұғатталады. 120 минут өткен соң жүйе автоматты түрде оны бұғаттан шығарады және сіз енуді қайталай аласыз.
Егер сіз өз кұпиясөзіңізді есіңізге түсіре алмасаңыз, қалпына келтіру қызметін қолданыңыз: «Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?» басыңыз және авторизация терезесіне өзіңіздің e-mail-ды енгізіңіз. 15 минут ішінде көрсетілген адреске екі хат жіберіледі: сұранысты растау үшін сілтемесі бар және жаңа құпиясөзі бар."
3. Пернетақтаның қате опцияларыCaps Lock режимінің қосылғанын, не қосылмағанын тексеріңіз. Бәлкім, сізде пернетақтаның жаймасының бұрыс тілі қосылу тұрған болар, немесе логиннің/құпиясөздің жолында бос аралық немесе басқа бір артық символ бар шығар.
4. Сіз сатып алуды басқа сайтта жасағансызБәлкім, сіз билеттерді немесе басқа туристік қызметтерді Tickets.kz емес, оған ұқсас басқа бір сайтта сатып алған боларсыз. Тап осы себептен сіздің деректеріңіз жүйеде жоқ.
5. Сіз браузердің ескірген нұсқасын пайдаланасызЕгер сіздің браузеріңіз: Internet Explorer 8 жәнеодан төмен, немесе Opera 10 және одан төмен болса, басқа, нұсқасы анағұрлым жаңа браузерде авторизациядан өтіп көріңіз немесе өзіңіздің бағдарламалық жасақтамаңыздың жаңғыртылымын орнатыңыз.
6. Сіз қосымшаға электронды адресіңізді қолдануға тыйым салдыңыз.
Әлеуметтік желіде жеке кабинетте қосымшаның құпиялылық баптауларын өзгертіңіз де қайта белсендіріліңіз.
Сізге табысты авторизациядан кейін парольді өзгерту функциясын пайдалануға кеңес береміз, оған
«Менің билетім» бөлімінен қатынауға болды. «Сатып алушының деректері» бағанында сіз құпиясөзді болашақта пайдалану үшін әлдеқайда ыңғайлысына өзгерте аласыз.
Сайтта қалай тіркелу және авторизациядан өту керектігі туралы оқыңыз.
Егер жоғарыда көрсетілген себептер сайтта авторизация жасауға көмектеспесе немесе авторизация жасау кезіндегі қателік басқа да себептен болғанына сенімді болсаңыз – онда
Клиенттерге қамқор көрсету қызметіне жүгінуіңізді сұраймыз.