Сіздің таңдап алған рейстегі жолжүк тасымалдау нормасын бағыт
түбіртегінен біле аласыз. Шартты белгілер жолжүкті алып өту нормаларының екі жүйесіне: салмақ жүйесі мен орын саны жүйесіне негізделген.
1. Салмақ жүйесі (weight concept) — салмақ шегін белгілейді.
Бағыт түбіртегінде
K, KG символдарымен белгіленеді.
Цифр (0, 10, 20, және т.б.) жолаушының тегін алып өтуіне рұқсат етілген килограмм санын білдіреді.
Жолжүк салмағын бірнеше шабаданға бөліп салуға рұқсат етіледі, бұл ретте олардың авиакомпаниямен белгіленген габариттерден аспауы шарт.
2. Орын саны жүйесі (piece concept) — жолжүк орындарының саны бойынша шектерді белгілейді. Бұл ретте жолжүктің әр бірлігі тіркеледі.
Бағыт түбіртегінде
N, PC, Р символдарымен белгіленеді.
Цифр (0, 01, 1, 2 және т.б.) таңдалған ұшу сапарына арналған стандартты жолжүк орындарының санын білдіреді.
Жолжүк бірлігінің салмағы авиакомпаниямен белгіленеді.
Мысалы, егер бағыт түбіртегіндегі «Жолжүк» жолағында
«20K» деп көрсетілген болса, сіз салмағы 20 килограмнан аспайтын жолжүкті алып жүре аласыз. Егер сіз
«2N» белгісін көрсеңіз, онда бұл сіздің 2 жолжүк орнын тегін алып өтуіңізге болатындығын білдіреді.