Бонустық бағдарлама

Назар аударыңыз! Бонустық бағдарлама талаптарының өзгеруі

01.06.2020 жылдан бастап бонустық бағдарлама уақытша тоқтатылды.
  
Tickets-бонустар деген не?

Бұл біздің сайтымызда билеттер мен қызметтер сатып алу үшін есептелетін виртуалдық ұпайлар.

1 бонус = 1 теңге

Tickets-бонустарды келесіде біздің сайтымызда авиабилетті сатып алу кезінде шегерімге ие болу үшін пайдалануға болады.

Tickets-бонустар қалай есептеледі?

Сіздің бонустық шотыңызға келесі секілді сервистерді сатып алу кезінде сатып алу сомасынан 1% есепке жатқызылады:
  • авиабилеттер;
  • т/ж билеттері;
  • қосымша қызметтер: бортта және қосымша жолжүк үшін орын сатып алу.
Мынаған назар аударыңыз:
  • Бонустар тапсырысты төлеу расталғаннан және билеттер ресімделгеннен кейін есептеледі.
  • Бонустар келесі төлем әдістерімен есептелмейді немесе жазылмайды: банктік төлем, Халық банк.
  • Метаіздеу жүйесінен ауысқаннан кейінгі сатып алуға бонустар есептелмейді (Aviasales.kz қоспағанда).
  • Бонустар жайлы ақарат жеке кабинеттіңізде көрсетіледі және сатып алынғаннан кейін 24 сағат ішінде пайдалануға қолжетімді болады.
  • Тапсырысты төлеу үшін бонустар пайдаланылатын кезде, Tickets-бонустар сондай-ақ сіз қосымша төлейтін сомаға да есептеледі.
  • "SCAT және VISA-мен бірге Tickets.kz сайтында тиімді саяхаттаңыз" науқаны аясында Visa төлем картасымен Scat әуекомпаниясының билеттерін сатып алған жағдайда бонустар қосылмайды.
  • FlyArystan, Qazaq Air әуекомпаниясының билеттерін сатып алған жағдайда бонустар қосылмайды.

Менде қанша бонус барын қалай тексеруге болады?

Сайтта авторизациядан өтіңіз де «Менің билетім» жеке кабинетке кіріңіз. Мұнда сіз өзіңіздің Tickets-бонустарыңыздың жалпы санын және олардың есептен шығарылу тарихын тексере аласыз.

Бонустармен қандай қызметтерге төлем жасауға болады

Tickets-бонустарды авиабилеттерге төлем жасау үшін пайдалануға болады.

Tickets-бонустарды қалай пайдалануға болады?

Жинақталған бонустарды пайдалану үшін, 1000 бонус жинақтаса жеткілікті. Бұл орайда бонустармен тапсырыстың құнының 50%-ына дейін төлеуге болады**.
Төлейтін кезде арнайы шетжолда өзіңіз Tickets-бонустарды пайдаланғыңыз келетінін көрсетіңіз. Егер сіздің шотыңызда бонустар жеткілікті болса, тапсырыстың құны сондай сомаға азайтылады.
Бонустарды ішінара пайдалануға болмайды. Жүйе шоттан бонустардың максималды мүмкін санын шығарып алады. Пайдаланылмаған Tickets-бонустар сіздің бонустық шотыңызда қалады.
Кейбір брондарға ақы төлеу кезінде сіз өз шотыңызда қолжетімді бонустардың барлығын қолдана алмайсыз. 
Бонустарды толық көлемде қолдану үшін ақы төлеу парақшасындағы Сервис-пакетті таңдау қажет.
** Максималды шегерім кезінде Сатып алушы авиабилетті 2000 теңгеге сатып алуы мүмкін.

Қандай жағдайларда Tickets-бонустарды пайдалануға болмайды?

  • Tickets.kz сайтында билеттер сатып алу кезінде сілтеме бойынша метаіздеу жүйесінен*** ауысқаннан кейін. 
  • «Аэрофлот», S7, SCAT, FlyArystan, Qazaq Air авиакомпаниялары мен лоукост-тасымалдаушылардың билеттерін сатып алу кезінде.
  • Билетке «Банк төлемімен» төлеу әдісін таңдау кезінде.
  • Halyk Bank-ке қолма-қол төлем жасаған кезде.
  • "SCAT және VISA-мен бірге Tickets.kz сайтында тиімді саяхаттаңыз" науқаны аясында Visa төлем картасымен Scat әуекомпаниясының билеттерін сатып алған жағдайда.
  • Мультитарифтік броньдалған авиабилеттерді сатып алу кезінде. Мультитарифтік брондау әр түрлі әр түрлі бағыттарға жеке авиабилеттерді рәсімдеуді қарастырады, немесе бір тапсырыс шеңберінде әртүрлі авиакомпаниялардан.
Мынаған назар аударыңыз!
Авиабилетке төлеген кезде сіз бұрын жинақталған Tickets-бонустарды әрдайым пайдалана алмайсыз. Бронға төлеудің алдында «Айырмашылығы неде» көмексөзімен танысып шығыңыз – онда сіз таңдаған авиакомпания үшін Tickets-бонустармен төлеу мүмкіндігі көрсетілетін болады.
2018  жылдың 14 наурызынан бастап бонустық бағдарламаның ережелеріне өзгерістер енгізілген. Теміржол билеттеріне төлем жасау үшін бонустарды қолдануға болмайды.
***Метаіздеу жүйелері — көп агенттіктер мен компаниялардан авиабилеттердің ұсыныстарын жинайтын сайттар. Сатып алу Сатушының сайтына ауысқаннан кейін жасалады.

Билеттерді қайтару немесе қызметтің күшін жою кезінде бонустар қайтарылады ма?

Жоқ. Егер сіз өз тапсырысыңызға бонустармен төлеген болсаңыз, билетті қайтару және қызметтің күшін жою кезінде олар қайтарылмайды. Сіз, тапсырыс берген билеттердің нешеуін қайтаратыныңызға қарамастан, барлық есептен шығарылған бонустар қайтарылмайды. Тапсырыс берген үшін есептелген бонустар жойылады. Сізге Tickets.kz сайтының жалпы ережелеріне сәйкес іс жүзінде төленген ақша қаражаты қайтарылады.

Бонустық бағдарламаның қолданылу мерзімі

Бонустардың қолдану мерзімі бонустар тіркелген немесе пайдаланылған соңғы сатылым уақытынан бастап 365 күн. Бұл уақыт өткен соң пайдаланылмаған бонустардың күші жойылады. Жаңа шарттар 10.01.2017 жылдан бастап қолданылады.
Мынаған назар аударыңыз! Біз ол туралы сіздер ондай өзгерістерді сайтта жариялау жолымен құлақтандырып, бонустық бағдарламаның шарттарын бір жақты тәртіпте өзгерту құқығын өзімізде қалдырамыз. Барлық өзгерістер оларды жариялау сәтінен бастап күшіне кіреді. Сайтты өзгерістер жарияланғаннан кейін пайдалану сіздің жаңғыртылған бонустық бағдарламамен танысқаныңызды және оның шарттарын қабылдайтыныңызды білдіреді.