Қол жүгі (тіркеуден өткізілмеген жолаушы жүгі) — жолаушының өзімен бірге ұшақ салонына алып өтетін заттары.
Қол жүгі ретінде төменде көрсетілген заттарды алып өтуге рұқсат етілмейді:
- оқ дәрімен атылатын қару;
- тұтанғыш заттар, улы заттар, еріткіш заттар, радиобелсенді заттар;
- кез келген үшкір, өткір, түйреуіш заттар (соның ішінде маникюр құралдары,сувенирлер, қалам ұштағыш пышақтар және т.б.).
Қол жүгімен сұйықтықтарды алып өтудің ерекше ережелері бар. Олармен ұшу сапары алдында міндетті түрде танысып алыңыз.
Көптеген әуе компаниялары рұқсат етілген қол жүгіне қоса төменде айтылған заттарды ақысыз алып өтуге рұқсат етеді:
- жамылғы немесе пальто;
- ноутбук немесе планшет салынған сумка;
- фотоаппарат;
- әйелдер сумкасы;
- шатыр-трость;
- ұшақта оқу үшін газеттер мен журналдар;
- Ұзын қол шатыр;
- дьюти-фриден алынған пакеттегі товар.
Ұшу сапары алдында өз тасымалдаушы әуе компанияңыздың сайтынан алып өтуге рұқсат етілген қол жүгінің салмағы мен көлемінің ең жоғарғы өлшемін анықтап алуға кеңес береміз.

Егер әуе компаниясы осындай мүмкіндік берсе, билетті брондау кезеңінде сіз қол жүгінің қосымша бірлігін тасымалдауға тапсырыс бере аласыз және төлей аласыз. Тапсырыс беру үшін «Қол жүгіне тапсырыс беру» опциясын белгілеп, ұшу сегментін таңдаңыз. Құны әуе компаниясына және рейске байланысты.