Егер броньда рейстің жөнелту/келу терминалы және/немесе ұшып шығу/ұшып келу уақыты өзгертілген болса, сонымен қатар таңдалған рейстердің аралығында ауысып отыруға уақыт жеткіліксіз болса, жолаушының тіркелу кезінде көрсетілген электрондық адресіне енгізілген өзгерістер туралы хабарлама жолданатын болады және жолаушыға балама рейс (егер ол қолжетімді болған жағдайда) немесе әуе компаниясы тарапынан қарастырылған рейс ұсынылатын болады. Жолаушы ұсынылған балама рейспен ұшуға келісім беруге немесе ұшудан бас тартуға ерікті.
Балама рейспен ұшуға келісетіндігін хабарлау үшін «Менің билетім» — «Әуе билеттері» — «Бронь №» — «Тапсырысты түзету» — «Маршрутын/күнін өзгерту» бөліміне кіріңіз. Ұсынылған рейс парақшада көрсетілетін болады. «Растау» терезесін басыңыз. Сіздің электрондық адресіңізге жаңа сапар түбіртегі жолданатын болады.
Егер балама ұсыныс сізге ыңғайсыз болса және сіз ұшудан бас тартқыңыз келсе, «Менің билетім» — «Әуе билеттері» — «Брон №» — «Тапсырысты түзету» — «Қайтаруға сұраныс» бөліміне кіріп, билетті қайтаруға сұраныс құру қажет.