Кесте бойынша рейсқе тіркелу 2-4 сағат бұрын басталады және 40-60 минут бұрын жабылады. Жекелеген елдерде және жекелеген әуе компанияларында тексеруден өткізудің қосымша процедуралары көзделген болуы мүмкін. Бұл тіркеу уақтына әсер етеді. Әуе билетінде әрқашан да ұшу және қонудың жергілікті уақыты көрсетіледі.
Тіркеуге кешігіп келген жолаушы әуе сапарына жіберілмейді. Билетті көрсеткен соң әуе компаниясының қызметкері сіздің жолжүгіңізді рәсімдеп, сізге ұшақ салонындағы орныңыз көрсетілген отырғызу талоны мен жолжүк түбіртегін береді.
Ары қарай хабарландыруларға мұқият құлақ түріңіз: рейске отырғызудың басталғаны туралы қосымша түрде хабарланатын болады.Осыдан кейін отырғызу талоныңызда көрсетілген шығу есігіне (гейтке) барыңыз.