Авиакомпаниялар мен ұшу сапары туралы лебіз жазу
Tickets.kz сайтының кез келген пайдаланушысы кез келген авикомпания туралы лебіз қалдыра алады.
«Авиакомпаниялар рейтингі» сервисімен салыстырғанда, «Лебіздер» сервисі сайтта тіркелуді және ұшу сапары орындалған брондау нөмірін көрсетуді талап етпейді.
Tickets.kz сайтындағы «Лебіздер» сервисінің пайдасы қандай?
Лебізді жариялау — авиакомпания өкілдерімен сұхбаттасудың, оларға сервисті жақсарту қажеттілігі туралы хабарлаудың, өз наразылығыңызды білдірудің немесе керісінше сапалы қызмет үшін алғыс білдірудің оңай әрі жылдам тәсілі.
Егер сіз әуежайда немесе бортта қанағаттанарлықсыз қызмет көрсету дерегіне қатысты ішкі тергеу басталғанын қаласаңыз, бұны жазған лебізіңізде атап көрсетіңіз. Сапа бөлімінің мамандары ақпаратты авиакомпания өкілдеріне табыстап, тергеу барысын бақылауда ұстайды және оның нәтижесі туралы Сізге хабарлайды.
Авиакомпания туралы лебізді қалай жариялауға болады?
- «Авиакомпаниялар рейтингі» тарауынан қажетті авиакомпанияны таңдаңыз немесе ҮЗДІК авиакомпаниялар тізімі үстінде орналасқан іздеу тәсілін пайдаланыңыз.
- Авиакомпаниялар парағында «Лебіздер» қосымшасына өтіңіз.
- «Лебіз қалдыру» нысанының жолақтарын толтырыңыз – ол парақтың төменгі жағында, бұрын жарияланған лебіздер лентасының астында орналасқан!
- Сізде жазғаныңызға қатысты фотосуреттеріңіз бар ма? Тамаша! Оларды өзіңіздің лебізіңізбен бірге жариялаңыз!
- Лебізіңіз модератормен тексерілген бойда, сайтта жарияланады. Бұл туралы сізге өзіңіз көрсеткен электрондық пошта бойынша қосымша хабарлаймыз.
«Лебіздер» тарауының ережелері
- Tickets.kz сайтында авиакомпания туралы лебіз қалдыра отырып, Сіз Оферта шартының талаптарымен келісесіз.
- Лебізіңізбен бірге орналастырылатын фотосуреттер келесі параметрлерге сәйкес болуы тиіс: ұйғарынды пішімдер jpg, .jpeg, .gif, .png,, көлемі 3Mb дейін.
- Егер сіз авиакомпанияның қанағаттанарлықсыз қызмет көрсету дерегіне қатысты ішкі тергеу басталғанын қаласаңыз, өзіңіздің брондау нөміріңізді көрсетуіңізді өтінеміз.
- Барлық түсіндірмелер спам-бақылаудан өткеннен кейін, жалпыға бірдей қолжетімді болу үшін, сайтта жарияланады. Тексеру бірнеше минуттан бір тәулікке дейін уақыт алады. Демалыс күні қалдырылған түсіндірмелер келесі жұмыс күні тексеріліп, жарияланады.
- Таңдалған авиакомпанияға қатысы жоқ лебіздер мен түсіндірмелер сайтта жарияланбайжы.
- Сайт әкімшілігі қолданыстағы заңнаманы бұзатын спам, жарнама немесе тараукдың тақырыбына қатысы жоқ лебіздер мен түсіндірмелерді жарияламауғ құқылы.
- Сайт әкімшілігі жарияланбаған лебіздер мен түсіндірмелерге қатысты кінәрат-талаптар қабылдамайды және түсініктеме бермейді.
Құпиялылық және жеке деректердің қорғалуы
Tickets.kz сайтында авиакомпания туралы лебіз қалдыру үшін, нысан жолақтарын толтыру керек, оның ішінде лебізді жазған адамның атын, тегін және электрондық мекенжайын көрсету қажет.
«Лебіздер» тарауының пайдаланушыларымен «Аты», «Тегі», «Email» жолақтарына енгізілген жеке мәліметтер тек қажет болған жағдайда Tickets.kz өкілдерінің пайдаланушымен байланысуы үшін қолданылуы мүмкін (мысалы, пайдаланушының өтініші бойынша басталған қызметтік тергеудің нәтижелері туралы хабарлау үшін).
Пайдаланушының электрондық мекенжайы сайтта көрсетілмейді және спам-таратылымдар үшін қолданылуы мүмкін емес.