Ұшар алдында тиісті ұйымдардан (бару/ауысып отыру елдіндегі визалық орталықтардан/елшіліктен/консулдықтардан, сондай- ақ авиакомпания тасымалдаушыларынан және қондырма әуежайларынан) мыналарды нақтылаңыз:
- сізге транзиттік виза керек пе (ауысып отыру бекетіне байланысты);
- ауысып отыру кезінде әуежай шегінен шығу мүмкіндігінің болуы (визаңыздың түріне байланысты);
- жүк автоматты түрде келесі рейске ауыстырылатын болса, оны алуға бола ма (тасымалдаушының, ауысып отырудың талаптарына және басқа факторларға байланысты);
- ұзақ ұшыру кезінде авиакомпания отель мен тамақтануды ұсына ма және қандай талаппен;
- әрбір ауысып отыру кезінде рейске тіркелуге бола ма, немесе тіркелу ұшудың бірінші сегментінде бір ғана рет бола ма.
Назар аударуды өтінеміз! Техникалық себептерге байланысты кейбір әуежайлар белгілі уақытта жабылады. Бұл жағдайда сізге транзиттік (немесе басқа) виза немесе осы елдің визасы қажет болады. Ұшар алдында өз бетіңізше осы ақпаратты аваикомпания немесе әуежай сайтынан немесе тиісті елдердің елшіліктерінен/консулдықтарынан нақтылап алыңыз.
Агенттік сізге тасымалдау құжаттарының, визалардың және саяхаттау бойынша медициналық талаптарға қатысты брондау бетіндегі тиісті сілтеме бойынша брондау жасауға дейін ұсыныстардың талаптарымен танысуға мүмкіндік туғызады.