Сіздің картаңыз төлемге бірқатар себептерден қабылданбаған болуы мүмкін. Олардың қатарында:
- картаның деректерін енгізу кезіндегі қателік — картаның енгізілген деректемелерінің дұрыстығын тексеріңіз және төлем жасауға талпынысты қайталаңыз;
- картадағы ақша қаражаттарының сомасы жеткіліксіз – картаны толықтырыңыз немесе басқасын пайдаланыңыз;
- сіз тапсырыстың ақысын Tickets.kz сайтында төлемге қабылданбайтын картамен төлейсіз. Төлемге тек Visa, MasterCard, AmEx және UnionPay төлем жүйелерінің карталары қабылданады. Егер сіздің картаңыз басқа жүйелерге жататын болса – өкінішке қарай, сіз оның өз тапсырысыңыздың ақысын төлей алмайсыз. Басқа қолжетімді төлемақы тәсілін таңдауыңызды сұраймыз немесе тапсырысқа басқа картамен ақы төлеңіз.
- карта Интернеттегі төлемдер үшін жабық – онлайн-төлемақылар функциясын ашу үшін, өз банкіңіздің қолдау қызметіне хабарласыңыз;
- картада интернетте картамен есеп айырысуға тәуліктік немесе біржолғы лимит белгіленген – картаның лимитін жоғарылату үшін, өз банкіңіздің қолдау қызметіне хабарласыңыз;
- картаның қолданылу мерзімі біткен – қайта ресімдеу үшін, өз банкіңіздің қолдау қызметіне хабарласыңыз;
- сіздің несие картаңызда оның мөлшері банк ережелерімен белгіленетін «шешіп алынбайтын» сома қалуға тиіс – картаның балансын толықтырып, төлемақы жасауды қайталаңыз;
- Интернет-қосылыстың жұмысындағы ақаулар, банктің процессингілік орталығымен байланысты жоғалту;
- сіз интернет-браузерлердің ескірген нұсқаларын (8-ші нұсқадан төмен Internet Explorer, 10-шы нұсқадан төмен Opera) пайдаланасыз — браузерді ауыстырыңыз, жаңа браузердегі кэш пен cookies файлдарын тазалаңыз, сайтта авторизациядан өтіңіз және төлемақы жасауға талпынысты қайталаңыз;
- егер сіз Интернетке мобильді қатынауды пайдаланатын болсаңыз, төлемақының өтуіндегі қиындықтарды динамикалық IP-мекенжай туғызған болуы мүмкін, өзіңіздің желілік құрылғыңыздың баптамаларында оны статикалық мекенжайға ауыстырыңыз және төлемақы жасауға талпынысты қайталаңыз.
- сіздің картаңыз пайдаланылған транзакция күдікті ретінде бағаланған. Бұл туралы толығырақ сілтеме бойынша оқыңыз.
Егер авторизациядан бас тартудың себебін анықтаудың сәті түспесе, тапсырысқа басқа картамен ақы төлеп көріңіз немесе авторизациядан кейін «МЕНІҢ БИЛЕТІМ» сервисінде басқа бір қолжетімді төлемақы жасау тәсілін таңдаңыз.
Сіз билеттердің ақысын брондау сәтінен бастап 12 сағаттың ішінде төлей алатыныңызға
назар аударыңыз. Ол уақыт өткен соң төленген тапсырыстың күші жойылады және билеттер еркін сатылуға қайтарылады. Ондай жағдайда, сіз билеттерді қайтадан броньдай және ақысын төлей аласыз.