Енді Tickets.kz сайтында «Тұлпар-Тальго» жолаушыларға арналған дисконттық бағдарламаның шеңберінде темір жол билеттерін шегеріммен сатып алуға болады.
Дисконттық карталар келесі пойыздарға қолданылады: №1/2 «Астана-Алматы», №701/702 «Алматы-Петропавл», №19/20 «Астана-Атырау», №87/88 «Ақтөбе-Астана», №79/80 «Астана-Шымкент», №77/78 «Алматы-Атырау», №49/50 «Алматы-Ақтөбе», №69/70 «Алматы-Өскемен», №35/36 «Алматы-Шымкент», №67/68 «Астана-Өскемен», №89/90 «Астана-Қызылорда».
Назар аударыңыз! Дисконттық карталар №25/26 «Алматы-Шымкент», №3/4 «Алматы-Астана», №11/12 «Алматы-Шымкент» бағыттарынан басқа барлық Talgo пойыздарына билеттерді брондау үшін қолдануға болады.
Дисконттық карталарды жеке куәлік болған жағдайда Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Тараз, Өскемен, Шымкент, Қызылорда, Қарағанда қалаларының темір жол вокзалдарының кассаларында сатып алуға болады.
Дисконттық карта «Саяхатшы» – соңғы 12 айдың ішінде «Жолаушы тасымалы» АҚ жүйрік пойыздарында жалпы құны келесідегідей сапарларды жүзеге асырған жолаушыларға арналған:
• 100 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін; шегерім мөлшері – 10%;
• 150 001 теңгеден 200 000 теңгеге дейін; шегерім мөлшері – 15%;
• 200 001 теңгеден жоғары; шегерім мөлшері – 20%.
Назар аударыңыз! ҚТЖ барлық пойыздарына билеттерді ертелетіп сатып алатын кезде 35%-ға дейін шегерімдер жүйесі қолданылады. Бұл шегерімдер картаның дисконтымен жиынтықталады, ол темір жол билеттерінің құнының жартысынан артығын үнемдеуге мүмкіндік береді. Tickets.kz сайтында билетті дисконттық бағдарлама бойынша шегеріммен қалай сатып алуға болады? Броньдау бетінде “Дисконттық карта” жолағында оның нөмірін енгізіңіз. Содан кейін тапсырыс үшін баға шегерімді ескере отырып көрсетіледі.
Бұл маңызды! Дисконттық картаның нөмірін енгізуге арналған жолақта тек оларда дисконттық бағдарлама іске асырылатын пойыздарға билеттер ресімдеу кезінде пайда болады.