Ішкі әуе сапарларына тіркелу үшін мыналар қажет: - кәмелетке толған жолаушылар үшін — Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлік немесе шетелдік паспорт керек;
- кәмелетке толмаған жолаушылар үшін — Қазақстан Республикасының азаматтарына туу туралы куәлік (егер баланы қандай да бір үшінші тұлға алып жүрсе, бұған қосымша баланың сапарға шығуына ата-анасының рұқсаты болуы тиіс;
Халықаралық әуе сапарларына тіркелу үшін мыналар қажет: - кәмелетке толған жолаушылар үшін — Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлік немесе шетелдік паспорт немесе баратын еліңізге қарай, шетелдік паспорт керек;
- кәмелетке толмаған жолаушылар үшін — Қазақстан Республикасының азаматтарына, баратын еліңізге қарай, туу туралы куәлік немесе шетелдік паспорт керек. Бала ата-анасының біреуінің паспортына тіркеліп, онымен бірге сапарға шығуына болады.
Әуе сапары алдында баратын және транзит жасайтын елдеріңіздің консульдіктеріне хабарласып, визалық талаптар туралы ақпаратты анықтап алуға кеңес береміз. Жолаушы шығу/кіру құжаттарының бар болуы, жарамдылығы және дұрыс рәсімделуі үшін жауапты. Визалардың уақыты өтпеген немесе пайдаланылмаған болуы тиіс. Құжаттардың жарамдылық мерзіміне ерекше назар аударыңыз. Паспорттың жарамдылық мерзімі сапар аяқталғаннан кейін, 6 айдан бұрын аяқталмауы тиіс. Құжаттарының жарамдылық мерзімі бітіп қалған жолаушылар ұшуға жіберілмейді.