Әрбір әуе компаниясының нормадан тыс, көлемді және қалыптағыдан тыс жүктерді алып өту бойынша қолданысқа алынған өз ережелері мен тарифтері болады.
Егер тіркеуден өткізілген жолаушы жүгінің салмағы және/немесе көлемі әуе компаниясы тарапынан белгіленген нормадан асатын болса, жолаушы нормадан артық салмақ пен көлем үшін әуе компаниясымен белгіленген тариф мөлшерінде үстеме ақы төлейтін болады.
Егер салмағы немесе көлемі нормаға сай келмейтін жүк алып өтуді жоспарлаған болсаңыз, билетіңізді броньдаған соң, бірақ төлемін жасамас бұрын, біздің Клиенттерге қамқор көрсету қызметіне хабарлауыңызды сұраймыз. Біз әуе компаниясына сұраныс жасап, сіз таңдаған рейсте мұның мүмкін не мүмкін еместігін анықтап, білетін боламыз.
Әуе компаниясы нормадан тыс немесе көлемі үлкен жүк алып өтетіндігі туралы алдын ала келісім жасамаған жолаушыны ұшаққа отырғызудан бас тартуға құқылы.