Сынғыш заттарды, музыка аспаптарын, аппаратуралар мен оргтехниканы және т.б. ұшақ арқылы тасымалдаудың бірнеше жолы бар.
1. Қол жүгін алып өту.Қол жүгі ретінде салмағы мен көлемі бекітілген нормадан аспайтын заттарды алып жүре аласыз. Әдетте бір қол жүгінен басқа ұшақ салонына мына заттардың бірін алып өтуге рұқсат етіледі:
- ноутбук немесе планшет салынған сумка;
- фотоаппарат;
- фотоштатив жинаулы күйде.
Бұл қызметке тапсырыс беру үшін әуе билетін броньдаған соң, бірақ төлемін жасамас бұрын біздің Клиенттерге қамқор көрсету қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз. Біз әуе компаниясына қосымша қол жүгін тасымалдаудың шарттары туралы сұраныс жасап, анықтайтын боламыз.
2. Жолаушы жүгін алып өту.
Егер сіздің жүгіңіздің ішінде сынғыш заттар бар болса, бұл туралы тіркелу тұрағындағы әуе жай қызметкеріне ескертіңіз. Сіздің жүгіңізге «Fragile» деген стикер жапсырма жапсырылатын болады және оны ортақ жүк жолағына қоймайтын болады. Дегенмен бұл сіздің жүгіңізді жүктеу, тиеу үдерісінің барлық кезеңінде ыждағаттап алып жүруге кепілдік бермейді.
3. Салонда жеке орын сатып алу.Көлемі үлкен, тез сынатын жүкті ұшақ салонынан «эконом» санатының тарифі бойынша толық құны төленген жеке кресло алып, тасымалдауға болады. Бұл қызметке сұраныс беру үшін билетті броньдаған соң, төлем енгізбес бұрын біздің қолдау Қызметімізге хабарласыңыз.