Жолаушы жүгі (тіркеуден өткізілген жолаушы жүгі) — жолаушының әуе жайында тіркеуден өткен соң жүк бөліміне өткізуге тиіс мүлкі. Әрбір әуе компаниясының жолаушы жүгі мен жолаушының қол жүгін тасымалдау нормалары мен қойылатын шектеуліктері бар. Аталмыш ақпаратты өзіңізге тиімді рейс пен әуе тасымалдаушысын таңдау барысында ескеруіңізді сұраймыз.
Сіз таңдап алған рейстегі ақысыз алып өтуге жататын жүктердің нормасы туралы деректер сайттың әуе билетін брондау парақшасында көрсетілетін болады. Әдетте бір жолаушы үшін ақысыз тасымалдауға жататын жолаушының қол жүгінің нормасы: салмағы 3-15 кг болатын бір қол жүгі + салмағы 20-23 кг.болатын тіркеуден өткізілген жолаушы жүгін құрайды.
Кей әуе компаниялары бір ғана қол жүгін ақысыз өткізуге рұқсат етеді.
Кейбір авиакомпаниялар тіркелген жүкті бөлек ақыға тасымалдауды ұсынады. Жүк тасымалын таңдап алынған рейстегі тариф ережелері мен броньдау кезінде оқыңыз.
Жүк бөліміне өткізілетін жолаушы жүгіне келесі көрсетілген заттарды салмауға кеңес беріледі:
- сынғыш, осал және тез бұзылуға бейім заттар;
- құнды және ерекше заттар;
- кілттер, ақша, құжаттар;
- оргтехника, аппаратура, гаджеттер.