Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ) / Топ-сұрақтар / Мен билетті қалай онлайн брондай аламын?
Мен билетті қалай онлайн брондай аламын?
Егер сіз ұшаққа билетті брондауды қаласаңыз, төмендегілерді таңдаңыз:
  • Ұшу сапарының түрі (бір жаққа, екі жаққа, көп сегментті).
  • Ұшып шығатын және ұшып келетін қала.
  • Сапардың күні.
  • Жолаушылардың саны.
  • «Іздеуді» басыңыз.
Ұсынылған рейстер арасында өзіңізге ыңғайлы нұсқаны таңдаңыз да, «Таңдау» батырмасын басыңыз. Содан кейін барлық жолаушылардың деректерін көрсетіп, авиабилет ақысын төлеуге көшіңіз.

Құрылған тапсырысты сіз «Менің билетім» — «Mенің тапсырыстарым» — «Авиабилеттер» бөлімінде қарай аласыз. Біз сіздің тапсырысыңыз туралы ақпараты бар хатты сіздің email-ға жібереміз.

Билетті сатып алуды растау — электронды билеттің нөмірі көрсетілген бағдар түбіртегі болып табылады — ол сіздің email-ға жіберіледі. Сіз сондай- ақ, «Менің билетім» бөлімінен бағдар түбіртегінің электронды нұсқасын жүктеп алуыңызға болады.

«Менің билетім» бөліміндегі тапсырыс мәртебесі «Төленді және жазылды» деп өзгертіледі.