Билетті брондау кезінде тиісті бағандарға жолаушы ұшу кезінде ұсынатын құжаттарының деректерін енгізу қажет (шетелдік төлқұжат, ішкі төлқұжат, туу туралы куәлік және т.б.).
- Шетелдік паспорт болған жағдайда, тиісті жолдағы тегі мен аты құжатта көрсетілген деректерге толық сәйкес болу керек.
- Тек қана ішкі төлқұжат болған жағдайда, тегі мен атын транслитерация ережелеріне сәйкес жазу керек. Ол үшін кириллица әріптерін латын әріптеріне ауыстыратын арнайы транслитератор-сайттарды пайдалануды ұсынамыз.
- Ішкі төлқұжаттың немесе туу туралы куәліктің сериясындағы әріптер «Құжат нөмірі» деген жолда латын әріптерімен жазылады. Егер құжат сериясында латын алфавитінде баламасы жоқ әріп қолданылса, оның дыбысталуы бойынша латын баламасын көрсету қажет.
- Рим цифрлары мен «№» рәмізі (№=N) латын әріптерімен енгізіледі.
Назар аударыңыз! - «Аэрофлот» компаниясының Ресей бойынша ішкі ұшуларды брондау кезінде «Жолаушының деректері» жолында тегімен және атымен қоса әкесінің атын (егер бар болса) көрсету қажет. «Әкесінің аты» жолында деректер транслитерация ережелеріне сәйкес енгізіледі.
- Аты мен тегін енгізуге арналған жолдар 60 рәмізден тұрады. Осы саннан асқан белгілер автоматты түрде өшіріледі.