Тапсырысқа төлем жүргізгеннен кейін сіздің email-ңізге таңдалған билеттің түріне сәйкес келетін құжат жіберіледі.
- Электрондық тіркеуі бар билет (жол жүру құжаты). Міндетті түрде билетті басып шығарып, жеке тұлғаңызды растайтын құжатпен бірге вагон жолсерігіне көрсетіңіз.
- Тапсырыс бланкі 14 мәндік коды бар электрондық тіркеусіз билеттерге арналған. Оны басып шығарыңыз және Қазақстан Республикасы аумағында транзакциялы терминал немесе «Экспресс» жүйесі терминалымен жабдықталған билет кассасында жол жүру құжатына (билетке) жеке тұлғаңызды куәландыратын құжатты көрсетіп, ауыстырып алыңыз.
кассадан билеттерді броньдалған жолаушылардың біреуі (жеке тұлғасын куәландыратын құжатты көрсетіп) немесе нотариалдық расталған сенімхат негізінде басқа тұлға ала алады.Транзакциялық терминалда барлық броньдауға ғана жол жүру құжаттарын алуға болады, кассада жеке билеттер алуға мүмкіндік бар.
Құжат (билет немесе тапсырыс бланкі)
«Менің билетім» бөлімінде де қолжетімді болады.