Әуе компаниялары жолаушының алдын ала жасаған сұранысына сәйкес бортта көрсетілетін қосымша қызмет түрлерін ұсына алады.
Әуе компаниялары тарапынан ұсынылатын қосымша қызмет түрлері:- сәбилерге арналған бесік;
- ұшу кезіне арналған арнайы тағам;
- әуежайда қарсы алу, ұшаққа отыру және ұшақтан түсу кезінде көмек көрсету;
- сәбилердің ересек адамдарсыз ұшуын қамтамасыз ету;
- қосымша жолаушы креслосы;
- басқа да қызмет түрлері.
Егер сізге жоғарыда келтірілген қызметтердің біріне тапсырыс жасау қажет болған жағдайда авиабилетті броньдаған соң, төлем енгізбей тұрып, біздің Клиенттерге қамқор көрсету қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз. Біз әуе компаниясына сұраныс жолдап, әуе тасымалдаушысының аталмыш қызмет түрін көрсетуге әзір не әзір еместігін анықтап алып, сізге хабарлайтын боламыз.