Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)

Сұйықтықтарды қол жүгімен алып өту
Қол жүгімен алып өтуге жоспарланған кез келген сұйықтық өлшемі 100 мл. аспайтын ыдысқа құйылған болуы тиіс. Қол жүгімен алып өтуге болатын сұйықтықтардың жалпы мөлшері 1 л.аспауға тиіс. Сұйықтық құйылған бүкіл ыдыстар жабылмалы мөлдір пластик қалталарға салынған болуы қажет.

Сұйықтықтарға мыналар жатады:
  • су және басқа сусындар;
  • сорпа, шәрбат, йогурт;
  • шоколад пастасы, арахис майы(камамбер және т.б.);
  • көпіретін сусындар мен заттар;
  • шашқа, душқа т.б. арналған гельдер;
  • тіс және т.б. пасталар;
  • әрлеу косметикасы (помада, бояулар мен көз бояу);
  • шампуньдер, кремдер, лосьондар, косметикалық майлар;
  • жоғары қысыммен толтырылған ыдыстардағы сұйықтықтар (қырынуға арналған көбік, басқа да көбіктер, шарикті және басқа да дезодоранттар, спрейлер мен аэрозольдар);
  • сұйықтықтар мен қатты заттардың қоспасы;
  • осындай консистенциядағы басқа да заттар.
100 мл көбірек өлшемдегі ыдыстарда мыналарды тасымалдауға болады:
  • егер баламен саяхаттап жүрген болсаңыз балаларға арналған арнайы сұйық тағамдар;
  • дәрі-дәрмектер (аталмыш дәрі-дәрмектерді қолданатындығыңыз туралы дәрігерлік анықтама жаныңызда болған жағдайда);
  • дьюти-фриде сатып алынған сұйықтықтар (сусындар, косметика,иіс сулары және т.б.)