Мұндай өзгерістер көбінесе жолаушылар туралы мәліметтердің қате толтырылған тұстарын түзету кезінде ғана мүмкін болып табылады (аты жөні, туған күні, жынысын көрсетуде кеткен қателер). Әуе компаниясының ережелеріне сәйкес жолаушы туралы мәліметтерді түгелімен басқа адамның атына аударып жазуға тек жекелеген жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Жолаушы туралы мәліметтерді өзгертуге сұранысты қалай рәсімдеуге болады:
- «Менің билетім» — «Әуе билеттері» — «Бронь №» — «Тапсырысты түзету» — «Жолаушы туралы мәліметтерді өзгерту» бөліміне кіріңіз. Содан кейін шығатын тізімнен «Жеке деректерді» таңдау керек;
- Тиісті жолақтардағы дұрыс көрсетілген мәліметтерді белгілеңіз (аты-жөні/жынысы/туған күні);
- «СҰРАНЫСТЫ ЖОЛДАУ» терезесін басыңыз;
- Тиісті есептеу нәтижелері алынған соң өзгерістер құнын төлеңіз.
Өзгерістер үстеме ақы төлеуді қажет етуі немесе қажет етпеуі, сондай-ақ, өзгерістер енгізуге тиым салынуы мүмкін. Сатып алушының электрондық адресіне өзгерістер енгізудің шарттары мен төлеу сомасы(егер қолданылса) көрсетілген ақпарат жолданатын болады.
Электрондық адресіңізге жауап келіп түскен соң,
«Менің билетім» — «Әуебилеттері» — «Брон №» — «Тапсырыстың өңдеуі» — «Жолаушы туралы мәліметтерді өзгерту» — «Жеке деректерді» бөліміне кіріңіз және өзгерістердің құнын енгізіңіз. Төлемді көрсетілген күн мен уақыт аяқталғанға дейін енгізу қажет.
Өзгерістер төлем жасалғандығы расталған соң енгізіледі. Өзгерістердің енгізілгендігі жөніндегі хабарлама сатып алушының электрондық адресіне жолданатын болады.