Төменде келтірілгендей жолаушыға тәуелсіз себептердің салдарынан бағытқа енгізілген өзгерістер мәжбүрлі өзгерістер болып есептеледі: рейстің алынып тасталуы немесе кешіктірілуі, ұшақ салонында бос орындардың болмауы, ұшақтың мәжбүрлі түрде қондырылуы, және т.б.
Егер әуе компаниясы билетте көрсетілген бағытта тасымал жасай алмайтын болса, ол жолаушыға басқа маршрут ұсынуы тиіс немесе, егер ұсынылған нұсқалар жолаушының көңілінен шықпаса, оған билет құнын қайтаруы тиіс.
Егер сіздің ұшудан бас тартуыңыздың себебі сырқаттаып қалғандығыңыз, жолаушының немесе жақын туысының қайтыс болуы, виза берілмеуі және т.б. болса, әуе билетін қайта өткізуге сұраныс жолдауыңыз қажет. Бұл қызмет
«Менің билетім» бөлімінде қол жетімді.