Билетті қайтару үшін сұранысты қалай рәсімдеу қажет:
- Келесі көрсетілген бөлімдерге кіру керек: «Менің билетім» — «Әуе билеттері» — «Бронь №» — «Тапсырысты түзету» — «Билетті қайтару»;
- Арыз жолақтарын толтыру;
- Қажетті құжаттарды енгізу;
- «Сұранысты жіберу» терезесін басу.
Билет Сіз және әуе компаниясы қайтару шарттарын келіскеннен кейін, және де қызметтік алымды төлегеннен соң (егер ол қайтаруда қарастырылатын болса) күшін жояды.
Тіркеуде көрсетілген email-ге қайтару шарттары туралы хат келеді. Егер қаражатты қайтару тек қызметтік алымды төлеген соң мүмкін болатын болса, хатта көрсеткен уақыттың ішінде төлеуіңізді сұраймыз. Төлеу мерзімі біткен жағдайда, қайтару сұратымын қайтадан жасаңыз.
Бұл маңызды! Егер авиакомпания рейске келмей қалуды тіркесе, сіздің қаражатты қайтаруға сұратуыңыз тиісті құжаттар болған кезде де қабылданбауы мүмкін. Осыған байланысты Сізден сұрау салуды мүмкіндігінше тезірек беруіңізді сұраймыз.Егер қазір Сіздің құжаттарды тапсыруға мүмкіндігініңіз жоқ болса, қайтаруға сұрауды кестеде көрсетілген ұшып шығу уақытына дейін үш сағат қалған уақыттан кешіктірмей жасаңыз. Сұрау жасайтын кезде түсіндірмеде мынаны көрсетіңіз: «Ұшу сапарын пайдаланбаймын. Орындардың күшін жоюды сұраймын. Құжаттарды кейін тапсырамын».
Билет қайтару үшін сізге қосымша құжаттар керек болу мүмкін:
- рейсті 6 сағаттан артық кешіктіру немесе болдырмау артық уақытқа кешіктірген жағдайда билетті қайтару туралы арызбен бірге әуе компаниясының өкілі тарапынан берілетін рейстің алынып тасталғандығын немесе кешіктірілгендігін растайтын құжат қоса жіберерілуі тиіс;
- жолаушыға виза беруден бас тартылған жағдайда билетті қайтару туралы арызбен бірге елшіліктің/консулдықтың ресми баспабетіне жазылған виза туралы өтініштің кері қайтарылғандығын растайтын құжат, паспорттың бірінші бетінің көшірмесі, паспорттың виза туралы өтініштің кері қайтарылғандығы туралы мөртаңба басылған соңғы бетінің көшірмесі қоса жолданады. Билет құнының толық қайтарылуы туралы сұраныс маршруттың бірінші сегменті бойынша ұшуға 72 сағат қалғанға дейінгі уақыт ішінде жіберілуі тиіс;
- жолаушының өзінің немесе онымен бірге ұшуға тиіс болған туысының науқастанған немесе қаза болған жағдайында арызбен бірге науқастанғандығы немесе қазасы туралы растаушы құжаттар және науқасты растайтын құжаттар немесе қаза болған адаммен жолаушының туыстығын растаушы құжаттар бағыттың бірінші сегменті бойынша ұшуға дейін 72 сағ.кешікпей жіберіледі;
- жолаушы рейске кешіккен немесе келмеген жағдайда (егер рейс жөнелтілгенге дейін әуе компаниясы немесе Tickets.kz агенті тарапынан жолаушының өз өтініші бойынша орын алынып тасталған болмаса) кешігу немесе келмей қалу фактісін міндетті түрде билет құнын қайтару себебінде көрсету керек.
Авиакомпаниямен келісімделетін қайтарымды өңдеу және қайтару қаражаты 3 айға дейін уақыт алуы мүмкін екендігіне назар аударыңыз. Билет тек Сіз қайтару қайтару шарттарына келісіп және сервистік алымды төлегеннен кейін ғана (егер бұл қайтару барысында қарастырылған болса) жойылатындығына баса назар аударыңыз.
Билетті сатып алу күніне сұрау жасау кезінде сізге авиакомпания салған айыппұлдар сақталып қайтарым сомасы есептелетін болады. Қаражаттың қайтарымы сіз көрсеткен сома расталғаннан кейін авиакомпанияның шешіміне сәйкес жасалатын болады.
Егер авиакомпания айыппұл төлемдерінсіз қайтарым жасау мүмкіндігін растамаған жағдайда, сіз тариф ережелеріне сәйкес қайтарым сұрауын жасауыңызға болады.
Қайтарым қызметі үшін алынатын сервистік алым мен үстеме төлемдер қайтарылмайды.
Қайтарылым сомасы жолаушының қайтарылым туралы сұраныс берген күніндегі бағам бойынша есептеледі.Науқасына байланысты жолаушының ұшудан бас тартуына мәжбүр болуының себептерін растайтын құжаттар:- медицина мекемесінен алынған анықтаманың түпнұсқасы;
- әуежай медпунктінен алынған анықтаманың түпнұсқасы;
- сырқаттық қағаздың көшірмесі.
Медициналық құжаттарға қойылатын талаптар
- медициналық құжатта осы құжатты берген мекеменің атауының анық және нақты көрсетілуі;
- медициналық құжатты берген мекеменің мөрі басылғандығы;
- құжатты берген тұлғаның аты-жөні мен лауазымының анық және нақты көрсетілуі;
- құжатты берген адамның қолы мен мөрі қойылуы;
- мекеменің бас дәрігері немесе бөлім бастығының қолы мен мөрі қойылуы;
- медициналық құжаттың берілген уақтының көрсетілуі;
- медициналық құжатта көрсетілген науқастану уақтының ұшу уақтына сай келуі. Анықтамада «көрсетілген күндері ұшпауға кеңес беріледі» деп көрсетілуі қажет.
Әуежай медпунктінен алынған анықтаманың түпнұсқасына қойылатын талаптар:
- медициналық құжатта құжатты берген медпункттің атауының көрсетілуі;
- медпункт мөрінің қойылғандығы;
- құжатты берген тұлғаның аты-жөні мен лауазымының анық та нақты көрсетілуі;
- құжатты берген тұлғаның қолы мен мөрі қойылуы;
- медициналық құжаттың берілген уақтының көрсетілуі;
- медицианлық құжатта көрсетілген науқастану күнінің ұшу уақытымен сәйкес келуі.
Жолаушының ұшудан бас тартуға мәжбүр болғандығын растауға қажетті сырқат парағының көшірмесіне әуежайдағы әуе компаниясының өкілінің қолы қойылып, мөрі басылуы немесе нотариальды расталуы тиіс.
Назар аударыңыз! Көрсетілген құжаттардың көшірмесін арызға қосымша түрінде тіркеңіздер. Әуе компаниясы арыздарды тиісті растаушы құжаттарсыз қарастырмайды.
Tickets.kz компаниясына Қазақстан территориясында арыз берілген жағдайда, Қазақстан аумағынан тысқарыда берілген медициналық құжатқа оның нотариальды расталған қазақ тіліндегі аудармасы қосымша түрінде берілуі тиіс.
Жолаушы
Tickets.kz компаниясына Қазақстан Республикасы аумағынан тыс аймақтардан арызданған жағдайда, ұсынылған медициналық құжатқа қоса осы елдің заңнамасына сәйкес нотариальды тұрғыда расталған оның немесе қазақ және ағылшын тіліндегі аудармасы қосымша түрінде берілуі тиіс.
Назар аударыңыз, қайтару өтінімдерін өңдеуге қажетті құжаттарға қойылатын талаптар тасымалдаушымен ұсынылады, ал агенттік тек жеткізуші мен жолаушы арасындағы делдал рөлін атқарады. Сондықтан, жеткізушіден келіп түсетін барлық өтінімдерді сізге Клиенттерге қамқор көрсету қызметі хабарлайтын болады.
Билетті қайта тапсыру мақсатында жолаушы тарапынан дәйексіз немесе жалған құжаттар ұсынылғандығы жөнінде, кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту ықтималдылығы туралы мәселені қарастыру үшін, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына хабарлануы мүмкін.