Ақысы төленген бронға визалық мәліметтерді енгізу үшін төменде көрсетілген әрекеттерді орындау қажет:
- «Менің билетім» — «Әуе билеттері» — «Бронь №» — «Тапсырысты түзету» — «Визалық мәліметтерді қосу» тарауына кіріңіз.
- Әрбір жолаушы үшін виза деректерін тиісті жолақтарда көрсетіңіз. Егер сұранымызға қосымша ақпарат қосқыңыз келсе, оны «Түсіндірме» жолағына жазыңыз.
- «Сұраныс жіберу» терезесін басыңыз.
Көрсетілген мәліметтер авиакомпания жүйесіне енгізілетін болады. Деректерді өңдеудің сәтті өткендігі туралы ақпарат сіздің email-ға келіп түседі.