«Бару және қайту» ұшу сапарына тапсырыс берілген кезде, сізге
билеттерді сегмент бойынша беру нұсқасы ұсынылуы мүмкін. Бұл тапсырыстың бір электрондық билетпен емес, бөлек билеттермен рәсімделетіндігін білдіреді. Сәйкесінше, сіздің электронды поштаңызға әр жолаушы үшін қос бағыт түбіртегімен екі электрондық билеттуралы ақпарат жіберіледі, бұл ретте билеттердің әрқайсысы әртүрлі авиакомпанияларға тиесілі болуы мүмкін. Осыған орай, тасымалдау, қайтару және т.б. шарттары бір-бірінен айтарлықтай өзгешеленуі мүмкін.
Сегмент көшірмесінің ерекшеліктерін офертаның келісімшартынан біле аласыз.
Билетіңіз қандай тәсілмен берілетіндігін тариф ережелерінен білуіңізге болады. Ережені брондау жасаған кезде қарап шығуыңызға болады.
Сізде ұшу сапарының әрбір сегментін бөлек брондауға немесе авиасапардың басқа шарттарын таңдауға мүмкіндігіңіз бар екендігіне назар аударуыңызды өтінеміз.