Tickets.kz сайтындағы онлайн-тіркеу қызметі арқылы өз уақытыңызды үнемдеңіз! Осы қызметтің арқасында әуежайда тіркелу үшін кезекте тұрудың қажеті жоқ.
Онлайн-тіркелу (onlinecheck-in) — бұл ғаламтор арқылы сапарға тіркелу мүмкіндігі (жолаушылардың кейбір категорияларын санамағанда). Әдетте, бұл қызметті ұшуға дейін 24 сағат бұрын алуға болады.
Tickets.kz сайтында рейске онлайн-тіркелуге тапсырыс беруіңізге болады. Біз қол жетімді орындардың ең жақсысын таңдап, сізді сапарға тіркейміз және сіздің электронды поштаңызға отырғызу түбіртектерін жібереміз. Оларды басып шығарыңыз да, бірден ұшу алдындағы бақылауға өтіңіз. (авиациялық қауіпсіздік, шекаралық және кедендік бақылау). Егер сіздің жүгіңіз болса (қол жүгінен басқа), оны міндетті түрде әуежайда тіркеу қажет.
Назар аударыңыз! Кейбір жағдайларда отырғызу талондары әуежайда беріледі. Егер сәтті онлайн-тіркеу туралы хатта отырғызу талондары болмаса, Сіз әуежайдағы тіркеу бағаналарына баруыңыз қажет. Онлайн-тіркеу барысында таңдалған орындарыңыз сақталады.
Онлайн-тіркелу қызметіне әуе билеттерін броньдау кезінде тапсырыс беруге болады. Онлайн-тіркелу мүмкін болмаған жағдайда сіз өз email бойынша тиісті хабарлама аласыз, ал қаражат 10 жұмыс күннің ішінде қайтарылады. Мұндай жағдайда сіз әуежайда тіркелуден өтуіңіз тиіс.