Өз тапсырысыңыздың (брондауыңыздың) статусын
«Менің билетім» бөлімінде қадағалай аласыз. Сіздің брондауыңызға төмендегідей статустар берілуі мүмкін.
Кейінге сақталған. Агенттікке төлем түсуі күтілуде — сіздің брондауыңыз табысты жасалған. Төлем күтілуде.
Кейінге сақталған. Авиакомпанияға төлем түсуі күтілуде — сіздің брондауыңыз сәтті жасалды. Төлем күтілуде. Бұл жағдайда қаражатты есептен шығарудың бастамашысы авиакомпания болып табылады. Жазып беру сәтінде авиакомпания сіздің картаңыздағы қаражатқа бұғау қояды. Қаражат бұғауланған сәттен бастап 30 күн ішінде билеттердің бағасы төлем карталарынан есептен шығарылу жүзеге асырылады (әрбір билет үшін бөлек).
Төлем расталды. Билеттерді рәсімдеу жүріп жатыр — сіздің тапсырысыңыз табысты төленген. Билет жазып берудің күтілетін уақыты – агенттіктің немесе аваикомпанияның қуаттауының есебіне қаражат келіп түскен сәттен бастап 48 сағатқа дейін.
Төлемді растауды күтеміз — сіздің төлем картаңызды пайдаланудың құқықтылығын тексеру (антифрод-тексеру) басталған.
Сіздің картаңыздың антифрод-тексеруден өткізілуінің себебі неде болуы мүмкін?
Төленген және жазып берілген — төлем алынған, электрондық билет жазып берілген және электрондық билет туралы ақпаратымен бағдар түбіртегі брондауды жасау кезінде көрсетілген сіздің электрондық мекенжайыңызға жіберілген. Сізге сәт сапар тілейміз!
Күші жойылған — сіз брондаған авиабилеттің күші жойылған. Төлемді күту уақыты өткен (ереже бойынша, брондау сәтінен бастап 12 сағатқа дейін).
Агенттікпен күші жойылған — сіздің брондаған авиабилетіңіздің күші оператормен жойылған.Жою себебі көрсетілген хат сіздің email-ға жіберіледі.
Пайдаланушымен күші жойылған — сіз өзіңіз брондаған авиабилетіңіздің күшін өз бетіңізбен жойдыңыз. Күші жойылғанды қалпына келтіру мүмкін емес екендігіне назар салыңыз, бірақ сіз жаңа тапсырысты қалыптастыра аласыз.
Күші жойылғаннан кейін төленген — сіздің тапсырысыңыздың күші жойылған. Жүйе төлемді брондаудың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін тіркеген. Біздің Клиенттерге қамқор көрсету қызметіне хабарласуға кеңес береміз.
Қайтарылу барысында — сіздің авиабилетті қайтаруға өтініміңіз алынған және өңделу барысында. Өтінімді өңдеудің долбарлы уақыты – ол алынған сәттен бастап 72 сағат. Қаражаттың қайтарылу мерзімі төлем әдісіне байланысты.
Қаражаттар қайтарылған — сіздің авиабилетті қайтаруға өтініміңіз өңдеуден өткен, тапсырыстың күші жойылған, ақшалай қаражаттар төлеушіге тапсырыс берілген әдіспен жіберілген.
Төлем расталмаған — сіздің тапсырысыңыздың төлемі расталмаған. Ықтимал себептері: сіздің шотыңызда қаражат жеткіліксіз немесе төлемдердің мөлшеріне шек қойылған; сіздің төлем картаңыз антифрод-тексеруден өтпеген; техникалық себептер бойынша. Осы сияқты ақпарат сіздің email-ға жіберілген хатта көрсетілген.
Агенттіктен растауы күтілуде — сіздің төлеміңіз тексерілу барысында.
Қайтару үшін ақпарат күтілуде — біз сізден шотыңызға ақшалай қаражаттарды қайтару үшін қажет қосымша ақпараттың тапсырылуын күтудеміз. Осы сияқты ақпарат сіздің email-ға жіберілген хатта көрсетілген.
Назар аударуыңызды өтінеміз! Осы бапта суреттелмеген қалыпсыз жағдай орын алған кезде, сізге біздің Клиенттерге қамқор көрсету қызметі мамандары хабарласады.
Өз тапсырысыңыздың өзекті статусын көру үшін, браузердің бетін жаңғыртыңыз немесе өзіңіздің электронды поштаңызды тексеріңіз.