Жекелеген санаттағы жолаушылардың әуе сапарын жоспарлау барысында ескеруге тиіс бірнеше ереже бар.
Билетке тапсырыс беруден бұрын мұндай ерекшеліктер туралы Клиенттерге қамқор көрсету қызметіне хабарлауыңызды сұраймыз. Біз сізге мұндай тасымалдаудың таңдап алынған ұшу үшін мүмкіндігі жөнінде және қандай талаптары бар екендігі жөнінде хабар береміз.
Жүкті әйелдердің әуе сапарыЖүктілік мерзімінің қанша екендігіне қарамастан, әуе сапарына шығар алдында емдеуші дәрігермен кеңесіп алғаныңыз жөн болатынын ескертеміз.
Жүктілік мерзімі 35 апталық (көп ұрықтану жағдайында 32 апта) немесе одан артық болған әйелдерден әуе жайында тіркелуден өту кезінде әуе сапарының болашақ ананың денсаулығына қауіпсіз екендігі туралы дәрігер анықтамасы талап етіледі. Анықтама ұшу уақтынан ең ары кеткенде 7 күн бұрын рәсімделген болуы шарт.
Ерекше күтім қажет ететін жолаушылардың әуе сапарыЕрекше күтімді қажет ететін жолаушылар мен оларды алып жүретін адамдарды ұшаққа отырғызу басқа жолаушылардың бәрінен бұрын жүргізіледі. Ұшақтан түсер кезде мұндай жолаушылар ұшақ салонынан басқа жолаушылардың бәрінен кейін түсірілуі тиіс.
Әуежайда тіркелуден өтіп болған соң мүгедектер арбасын жүк бөліміне өткізуге болады. Ұшаққа отыру және ұшақтан түсу кезінде әуе компаниясы тарапынан берілетін креслоларды пайдалануға болады.
Жетектеуші ит жетектеп жүруге мәжбүр жолаушылар иттерін қосымша ақы төлемей-ақ, өздерімен бірге жолаушылар салонында алып ұшуларына болады. Ұшу кезінде мұндай итке тұмсыққап кигізіліп, байлаулы күйде иесінің креслосының жанына отырғызылады. Ит алып жүретін жолаушының қолында жетектеуші иттің арнайы дайындалғандығын растаушы құжат болуы тиіс.