Tickets.kz сайтында авиабилеттің ақысын төлеудің бірнеше тәсілі бар:
- Visa, MasterCard және UnionPay банк картасымен.
- Халық банкінде қолма-қол төлем арқылы.
- Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу (заңды тұлғалар үшін).
- Kaspi.kz сайты арқылы.
- Kcell, Аctiv, Beeline, Tele2 и Altel ұялы телефондардың баланстарынан.
Apple Pay арқылы.
Төменде төлем тәсілдерінің әрқайсысы бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулықтарды оқыңыз.
1. Visa, MasterCard және UnionPay банк картасымен
Брондалған билеттердің ақысын төлеу үшін, сізге нысанның тиісті жолдарына мыналарды енгізу керек:
- картаның нөмірі — картаның бет жағындағы 15/16 сан, сандарды бос аралықсызенгізіңіз;
- CVV немесе CVV2 код — картаның арт жағындағы 3 сан. Егер сандар одан көп болса, соңғы 3 санды енгізіңіз, егер картада ондай код жоқ болса, деректемелерін нақтылау үшін, картаны берген банкке хабарласыңыз;
- картаның қолданылу мерзімі — картаның бет жағында көрсетілген ай және жыл.
- картаның иесінің аты-жөні (латын әріптерімен).
Таңдап алынған авиакомпанияға және оның
Tickets.kz арасында жасалған шарттың талаптарына қарай, төлем Tickets.kz компаниясына да, тап солай тікелей авиакомпанияға да жасалуы мүмкін.
Төлем түрлерінің айырмашылықтары туралы толығырақ
сілтеме бойынша.
Тікелей авиакомпанияға төлейтін кезде төмендегілерге назар аударыңыз: - тапсырыс сомасын айырбастау билеттер сатып алған күні емес, сіздің картаңыздан іс жүзінде ақша есептен шығарылған күні жүреді, және сайтта көрсетілгеннен көп жағына да, аз жағына де өзгеше болуы мүмкін;
- брондау сәтінде тек Tickets.kz сайтының сервистік алымы есептен шығарылады, қалған сома билет жазып берілетін сәтте есептен шығарылатын болады. Егер қандай да бір себептерден төлемақы өтпесе (мысалы, картада қаражаттар жеткіліксіз болса), сервистік алым сіздің шотыңызға 24 сағаттың ішінде қайтарылатын болады;
- билет қайтарылатын кезде сервистік алым қайтарылмайды;
- тікелей авиакомпанияға төлеген кезде кэшбэк есептелмейді. Бұл кейбір авиакомпанияларға, соның ішінде Turkish Airlines және басқаларға қатысты.
2. Халық банкінде қолма-қол төлем арқылы
Авиабилеттердің құнын «Халық банкінде» банкінің қолма-қол төлем арқылы төлеуіңізге болады:
- «Халық банкінде қолма-қол төлем арқылы» төлеу әдісін таңдаңыз;
- «Төлеу» батырмасын басыңыз. Биллингтік жүйе төлемге арналған шотты автоматты түрде қалыптастырады;
- Шотты басып шығарып, оны «Халық банкінде» банкінің кез келген бөлімшесінде төлеңіз.
Банктердің бөлімшелерінде төлеген кезде, сізден нақты банк белгілеген қосымша комиссия өндірілуі мүмкін.
3. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу (заңды тұлғалар үшін)
- «Заңды тұлғаларға арналған төлем» төлем әдісін таңдап, «Төлеу» батырмасын басыңыз.
- Заңды тұлғаның деректемелері формасын толтырып, «Шот құру» батырмасын басыңыз.
- Шотты басып шығарып, көрсетілген мерзім ішінде төлем жүргізіңіз.
- Банктің мөрі және кассирдің қолы қойылған түбіртектің сканерленген көшірмесін [email protected] электронды адресіне жіберіңіз. Хабарламаның тақырыбында міндетті түрде броньның нөмірін көрсетіңіз.
Назар аударыңыз! Билеттер Tickets.kz шотына ақшалай қаражат іс жүзінде түскеннен кейін рәсімделіп, сіздің email жіберіледі. Төлем келесі тәуліктерде түскен және билеттің құны өзгерген жағдайда, сіз оның айырмасын төлеп, билеттің қайтарылуын рәсімдей аласыз.
4. Kaspi.kz сайты арқылы
- Kaspi.kz төлем әдісін таңдаңыз.
- «Төлеу» терезесін басыңыз. Сіз Kaspi.kz сайтының авторизациялану бетіндегі «Билеттер» бөліміне бағытталасыз, ол жерде тапсырысыңыздың деректемелері көрсетіледі.
- Төлем тәсілін таңдаңыз (Kaspi Gold, Kaspi Депозит) және «Төлеуді» басыңыз.
Төлем расталғаннан кейін сіздің авиабилетіңіз жазылып беріледі, ал маршруттық түбіртек Tickets.kz сайтында тіркелу кезінде көрсетілген email-ге жіберіледі.
Авиабилеттің ақысын, сондай-ақ сіз билетті броньдаудан кейін электрондық поштаға алатын ХХХХ-ХХХХ-ХХХХ форматында тапсырыс идентификаторын көрсетіп, Kaspi.kz сайтында төлеуге болады.
Назар аударыңыз! Қызметтердің ақысын Kaspi.kz арқылы төлеген кезде клиенттер төлем жүйесінен 0.5%-ға дейін cashback алады. Толық ақпарат —
kaspi.kz сайтында.
5. Ұялы телефондардың баланстарынан
Kcell, Аctiv, Beeline, Tele2 и Altel мобильдік операторларының абоненттері өзінің мобильдік телефонынң шотынан тапсырысқа төлем жасай алады. Бұл үшін:
- Төлеу әдісі ретінде, өзiңiздiң мобильдiк операторыңызға сай келетін, «Ұялы телефондардың баланстарынан» әдісін таңдаңыз.
- Өзіңіз төлем жасайтын шотыңыздан, өзіңіздің телефон нөміріңізді енгізіңіз.
- «Төлеу» жүйесін басыңыз. Сіздің нөміріңізге тексерілетін кодпен бірге SMS-хабарлама жіберіледі.
- SMS-хабарламадан алынған тексерілетін кодты тиісті жерде белгілеңіз.
- «Жалғастыру» әдісін басыңыз.
Осыдан кейін, тапсырыстың сомасы сіздің есептік шотыңыздан алынып, сіз төлемнің расталуы туралы SMS-хабарлама аласыз.
6. Apple Pay арқылы
Тапсырысты Apple Pay арқылы төлеуге болады:
- Броньдау кезінде Apple Pay төлем әдісін таңдаңыз.
- Сіз төлеміңізді аяқтай алатын Apple Pay төлем парақшасына бағытталасыз.
Apple Pay төлем әдісі тек қана Safari
веб-шолғышында жұмыс істейді.
Назар аударыңыз!Билеттің төлемін тек броньдау парақшасында көрсетілген тәсілдермен ғана жасай аласыз.
Банктік төлем жүйелерімен төлемді өңдеу бірнеше минутты алуы мүмкін. Бір тапсырысты қатарынан бірнеше рет төлемеңіз – төлемдік жүйенің жауабын күтіңіз. Басқа жағдайда сома екі рет жазылуы мүмкін.
Сіз тапсырыстың ақысын банк картасымен төлей алмайтын жағдайда, транзакцияның қабыл алынбауының ықтимал себептерімен
сілтеме бойынша танысыңыз.