Рейтинг ережелері

Рейтингті бірге өткізейік!

Біз Tickets.kz ұсынған авиакомпаниялардың рейтингі 100% тәуелсіз әрі шынайы болуын кепілдейміз. Біздің жалғыз ақпарат көзіміз —Tickets.kz сайтында билет сатып алған нақты жолаушылармен қолдырылған бағалаулар. Рейтинг қай кезде де өзекті: біз деректерді шынайы уақыт тәртібінде жаңартып, жүйеде пайда болған әрбір жаңа бағаны ескереміз.

Рейтингтің мақсаты — клиенттерімізге Tickets.kz сайтында авиабилеттерді брондау барысында дұрыс әрі саналы таңдау жасауда көмек көрсету.

Рейтингке қатысу

  1. Авиакомпаниялардың рейтингін жасауға Tickets.kz сайтында авиабилеттер сатып алған және ұшу сапарын орындаған пайдаланушылар қатыса алады.
  2. Жолаушы ұшу сапары аяқталғаннан кейінгі келесі күні-ақ авиакомпанияға баға беріп, оның қызмет сапасы туралы баға бере алады.
  3. Жолаушы тек өзі ұшқан сапарындағы қызмет көрсеткен авиакомпанияның сервисін ғана бағалай алады немесе ол туралы лебіз қалдыра алады. Егер ұшу сапарын екі немесе одан артық авиакомпания жүзеге асырған болса, онда жүйе ұшу сапарының әрбір сегментін бөлек бағалауға мүмкіндік береді.
  4. Tickets.kz сайтындағы авиакомпаниялар рейтингі жолаушылармен жолаушылар үшін жасалады, оның міндеті — біздің саяхаттарымызды барынша жайлы ету. Объективтілік танытуға тырысып, бағаларды «көз жұмып» қоймауыңызды өтінеміз. Себебі сіздің ұшу сапарыңызда жинақтаған тәжірибеңіз бірегей және біз үшін баға жетпестей аса қымбат.
  5. Жолаушы бір авиакомпаниямен қанша мәрте ұшу сапарын орындаса, сонша мәрте оған баға бере алады, бұған қоса ол әр ретте өзіне көрсетілген сервис деңгейін бағалау мүмкіндігін алады.
  6. Дауыс беру алдында, Жолаушы өзінің Tickets.kz сайтында жасаған брондау нөмірін енгізуі керек. Бұл ретте рейтингті қалыптастыру жүйесі енгізілген брондау бойынша ұшу сапарын орындаған жолаушылар санын ескермейді — ұшу сапарын тек бір рет бағалауға болады.
  7. Жүйеде дауыс беру деректері сақталуы үшін, ұшу сапарының барлық міндетті параметрлерін бағалау керек. Міндетті емес (екінші дәрежелі) индикаторларды бағалау опциялық түрде беріледі және Жолаушының қалауымен толтырылады.
  8. Бағалау жүйесіндегі «өте нашар» немесе «өте жақсы» тәрізді асыра көрсеткіштерді көп қолданбауыңызды өтінеміз. Мүмкіндігінше, шәкілдің аралық мәндерін пайдалануға тырысыңыз: осылайша ғана біз неғұрлым әділ рейтинг құрастыра алатын боламыз.
  9. Баға қойған кезде, мұқият болыңыз – дауыс беру нәтижелері серверде сақталғаннан кейін, оны өзгертуге мүмкіндігіңіз болмайды.
  10. Авиакомпания жалпы рейтингте тек 1700 және одан артық жолаушы оның 200 және одан астам параметрін бағалаған кезде ғана орын алады.
  11. Tickets.kz сайтында рейстеріне билеттер сатып алуға болатын кез келген авиакомпанияның рейтингімен және ол туралы лебіздермен танысу үшін, рейтингке қатысушы-авиакомпаниялар тізімінің үстіңгі жағында орналасқан іздеу нысанына авиакомпанияның атауын немесе оның ИАТА кодын енгізіңіз.
Сіз авиакомпанияға баға беріп, нәтижелерін сақтап қойдыңыз да, енді авиакомпанияны рейтингте көре алмай тұрсыз ба? Уайымдамаңыз: сіздің бағаларыңыз жүйемізбен түгелдей сақталып, ескерілді. Бұл тек аталған авиакомпанияның қажет дауыс санын әлі жинамағанын білдіреді. Дауыс саны жиналған бойда, авиакомпания біздің Тәуелсіз  рейтингімізде өз орнын алатын болады.

Бағалау жүйесін қалыптастыру барысында біз авиакомпания сервисінің сапасын жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін параметрлерді негізуге тырыстық: рейске тіркелудің жылдамдылығы мен ыңғайлылығы, ұшу сапары барысындағы жағдай, бортта көрсетілетін қызметтер жиынтығы, отырғызу/түсіру барысын ұйымдастыру деңгейі, қызметкерлердің сыпайылығы мен біліктілігі, балалармен сапар шегу ыңғайлығы, жолжүктің сақталуын бақылауда ұстау және т.б.

Бағалау жүйесінде қандай да параметрлер жетіспейді деп санайсыз ба? Бізге [email protected] Мекенжайы бойынша хат жазыңыз. Хатыңызда «Авиакомпаниялар рейтингі» деп көрсетуіңізді өтінеміз.

Деректердің құпиялылығы

  • Tickets.kz компаниясы авиакомпаниялардың тәуелсіз рейтингіне қатысқан жолаушылардың толық анонимділігін кепілдейді.
  • Жолаушының авиакомпания сервисін бағалау нәтижелерін сақтау барысында, жүйе оның бағалауы мен лебіздерін оның дербес профайлымен, брондау нөмірімен, сессияны сәйкестендіргіштермен немесе IP-мекенжайымен байланыстырмайды.

Құқық иесі туралы ақпарат

© Tickets.kz Авиакомпаниялардың тәуелсіз рейтингінің барлық мәліметтерінің жалғыз құқықтық иесі болып табылады. Рейтингте келтірілген статистикалық деректерді және рейтингінің кез келген басқа құрауыштарын толық немесе ішінара жаңғырту және /немесе көшірмелеу тек құқық иесімен өзара келісуден кейін мүмкін болады.