Жоспарланған сапардан бас тартып, билеттерді қайтару керек болған кезде өте өкінішті жағдай болады. Және де Сіз осыған байланысты ақша жоғалтсаңыз, бұл одан да өкінішті болады.
Егер Сіз «Қайтару кепілдігі» қызметін сатып алсаңыз, онда билет қайтарылған жағдайда билет құнының 100% аласыз. Бұл ретте «Қазақстан темір жолы» комиссиясы мен айыппұлы қандай болатыны маңызды емес.
Қызметті қалай ресімдеу керек?
«Қайтару кепілдігі» қызметін билеттермен бірге жолаушылардың деректерін енгізу бетінде сатып алуға болады. «Бару және кері қайту» билеттерін сатып алған жағдайда, қызмет әрбір бағыт үшін жеке қосылады.
Саяхат болмай қалған жағдайда не істеу керек?
Билеттерді қайтаруды ресімдеу қажет –
Tickets.kz сайты арқылы немесе
теміржол кассасы арқылы.
Сайт арқылы билеттерді қайтарған кезде Сіз төлем жасалған картаға билеттердің барлық құнын қайтып аласыз. "Ақшаны қайтару кепілдігі" қызметі -билеттерді поезд жөнелтілгенге дейін кемінде 3 сағат бұрын қайтарған кезде ғана қолданылады
Билеттерді касса арқылы қайтарғаннан кейін бізге түрлі алымдардан алынған түбіртекті жіберу қажет. Осы түбіртектің негізінде біз ҚТЖ-дан қайтару туралы растау аламыз және Сізге қайтару сомасы есептелетін болады.
Қайтару сомасына келесілер кірмейді:
- «Ақшаны қайтару кепілдігі» қызметінің құны;
- тапсырыста пайдаланылған бонустар немесе қосымша жеңілдіктер;
- қызмет ұсынылатындықтан, «Қаражатты жылдам қайтару» қызметінің құны;
- қызмет ұсынылғандықтан, "резервтеу"қызметінің құны.
"Ақшаны қайтару кепілдігі" қызметі пойыз кеткенге дейін 3 сағат қалғанда ғана ақшаны қайтаруға болады.