Егер электрондық билетті отырғызу талонына ауыстырып қойған болсаңыз, қайтаруды тек билет кассасы арқылы жүзеге асыра аласыз. Өзіңізбен теміржол билеті мен оның нөмірі және жеке басты куәландыратын құжатыңыз болу керек.
Билеттерді қайтару тәртібі мен үдерісі теміржол кассаларының орналасуына және олардың техникалық жабдықталуына байланысты болады (ықтимал нұсқалар: «Экспресс-3» АБЖ терминалы, фискалды билет-кассалық кешен (ФБКК) немесе жетілдірілген ФБКК).
Қаражат қайтару туралы шешімді тасымалдаушы қабылдайды: оң шешім қабылданған жағдайда ақшалай қаражат төменде көрсетілген міерзім ішінде қайтарылады, теріс шешім қабылданған жағдайда дәлелді түрде бас тарту туралы хат аласыз.
Қазақстан аумағында қайтару
Пойыздың бастапқы станциядан жүруіне 1 сағаттан артық уақыт қалғанда
Кез келген теміржол кассасына жүгініңіз. Кассир сізге орын қайтарылуын растайтын құжаттардың біреуін береді: әртүрлі алымдар квитанциясын (ӘАК), электрондық қосалқы құжатын (ЭҚҚ) немесе әртүрлі алымдардың электрондық квитанциясын (ӘАЭК).
Егер қайтару
ФБКК арқылы жүргізілген болса, қаражаттың қайтарылуы 5-10 күннің ішінде жүзеге асырылады.
Билеттерді
ЖФБКК немесе
«Экспресс-3» АБЖ арқылы қайтарған кезде, кассада алынған құжаттың скан-көшірмесін немесе фото суретін
[email protected] email мекен-жайына жолдау қажет. Біздің Клиенттерге қамқор көрсету қызметіміздің қызметкерлері арыз жасап, оны тасымалдаушының тәуекел комиссиясына жолдайды. Тасымалдаушының қайтару мүмкіндігін қарастыруы және соманы анықтауы арызды алған сәттен бастап 15 күннің ішінде жүзеге асырылады. Оң шешім қабылданған соң қаражат көрсетілген мерзім ішінде қайтарылады:
- тапсырысты банк картасымен төлеген жағдайда — 3-5 жұмыс күні;
- Kaspi жүйесі арқылы төлеген жағдайда — 5-10 жұмыс күні.
Пойыздың бастапқы станциядан жүруіне 1 сағаттан кем уақыт қалғанда
- «Экспресс-3» АБЖ терминалымен немесе ЖФБКК жабдықталған кассаға жүгініңіз. Кассир сізге орын қайтарылуын растайтын құжаттардың біреуін береді (ӘАК, ЭҚҚ немесе ӘАЭК).
- Құжатты пойыздың жолаушы станциясынан жүргенінен 30 минут – 24 сағат уақыт аралығында кассада ұсыныңыз.
- Қаражат қайтару туралы жаңартылған құжатты алыңыз да, оны қайтару сәтіне дейін сақтаңыз.
- Алынған құжаттың скан-көшірмесін немесе фото суретін [email protected] email мекен-жайына жолдаңыз.
Қаражат қайтару туралы шешім 15 күннің ішінде тасымалдаушының өкілі – Тәуекел комиссиясы тарапынан қабылданады. Оң шешім қабылданған жағдайда, қаражат көрсетілген мерзім ішінде қайтарылады:
- тапсырысты банк картасымен төлеген жағдайда — 3-5 жұмыс күні;
- Kaspi жүйесі арқылы төлеген жағдайда — 5-10 жұмыс күні.
Билеттерді сондай-ақ төменде көрсетілген тасымалдаушының белгілеген тәртібі бойынша қайтаруға болады.
Пойыздың жүруіне 1 тәуліктен артық уақыт қалғанда
Пайдаланылмаған билетті қайтару белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
- Кассаға жүгініңіз де, орын қайтарылуын растайтын құжаттардың біреуін алыңыз.
- Белгіленген үлгі бойынша арыз жазыңыз.
- Арызды онда көрсетілген құжаттармен бірге мына мекен-жайлардың біріне жолдаңыз:
- Астана қ., Гете к., 11/1 – жолаушылар тасымалы жөніндегі «Солтүстік» аймақтық филиалы;
- Алматы қ., Тобаяқов к., 2/1 – жолаушылар тасымалы жөніндегі «Оңтүстік» аймақтық филиалы;
- Актөбе қ., Станционная к., 11 В – жолаушылар тасымалы жөніндегі «Батыс» аймақтық филиалы.
Арызда көрсетілген құжаттар және/немесе жолаушының байланыс деректері (арыз берушінің қайтарма мекен-жайы) болмаған жағдайда, арыз қарастырылмайды.
Арыз тасмалдаушының белгілеген мерзімі ішінде қарастырылады. Ақшаның қайтарылуы «Жолаушылар тасымалы» АҚ белгілеген мерзіміне сәйкес жүзеге асырылады.
Шетелде кассаға қайтару
Егер жолаушы ТМД елдерінің бірінде, Литвада, Латвияда немесе Эстонияда болса, билетті қайтару үшін сол елдің теміржол кассасына жүгіну қажет. Кассир орынның қайтарылуын орындайды да, сізге қосалқы құжат береді. Қазақстанға оралған соң «Жолаушылар тасымалы» АҚ ең жақын кассасына жүгініп, үглгіге сәйкес арыз толтырып, өзге мемлекетте берілген, орын қайтарылуын растайтын құжатты тіркеу қажет.
Ақшалай қаражат тек Қазақстан Республикасы аумағында қайтарыла алады.
Электрондық билет немесе тапсырыс бланкі бойынша қайтаруды шет елдегі кассаларда рәсімдеу мүмкін емес.
«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес:
- Кiнә қою ол алынған күннен бастап бiр ай мерзiмде қаралуға тиiс (1 т., 91 бап);
- Тасымалдаушыға тасымалдаудан туындайтын талап қою ол кiнә қоюды қанағаттандырудан толық не iшiнара бас тартқан жағдайда немесе тасымалдаушыдан қойылған кiнәға оны қарау мерзімі өткен соң жауап алынбаған жағдайда жасалуы мүмкiн. Жүк, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау шарты бойынша талап қою мерзiмi - бiр жыл, жолаушыны, багажды, жүк-багажды тасымалдау шарты бойынша - алты ай (93 бап).
Т/ж билеті үшін қайтару сомасын есептеу туралы толығырақ біліңіз.
*Егер тапсырыстың бір бөлігі бонустармен төленген болса, қайтарылатын сома КРС-те көрсетілгеннен кем болады, өйткені бонус үшін ақша баламасы қайтарылмайды.