Қайтарымға өтінімді келісімдеу тәртібі:
- Өтініш жолақтарын толтырыңыз.
- Қажетті құжаттарды жүктеңіз.
- «Сұранысты жіберу» пернесін басу.
- Жауап алғаннан кейін — қайтарым шарттарымен келісетіндігіңізді растаңыз*.
*Егер қайтарым сервистік алым төлемінсіз мүмкін болса және тариф ережелері толық бағасын қайтаруға рұқсат берсе (төлем жүйелерінің үстемесінен басқа) – клиенттің растауы сұратылмайды. Қайтарымға өтінім қарастырылуыға қабылданады.Назар аударыңыз! Егер билет әуекомпаниямен қайта жазып берілген болса — өтінішке келесі мәліметтер көрсетілген құжатты қоса тіркеу керек:
- Жаңа билеттің нөмірі.
- Бұл билеттің рәсімделген күні.
- Төленген айыппұл сомасы, тариф бойынша қосымша төлемдер, әрбір алымның бөлек қосымша төлемдері (болған жағдайда).
Осы құжат тапсырылмаған жағдайда, қайтарымға өтінім қабылданбайды!
Билет тек сіз қайтарым шарттарына келісім берген және сервистік алым (қайтарым барысында қарастырылатын болса) төленген жағдайда ғана жойылатындығына
баса назар аударыңыз. Осы сәтке дейін билеттер өзгеріссіз қалады!
Кейбір жағдайларда билетті қайтаруға сұраныс жасаған кезде сізге
«Анық ұшпаймын» опциясын таңдаудың
мүмкіндігінің берілуі мүмкін
екенін ескеріңіз.
Бұл опцияны таңдау арқылы сіз бізге тапсырыстың
күшін жою туралы растаманы ұсынасыз: орындар алынып тасталады және сіз ұша
алмайсыз. Билеттің құнын қайтарудың толық шарттарын немесе тапсырысқа
өзгерістер енгізу мүмкіндігін біз сіздің сұранысыңыз өңделгеннен кейін
хабарлаймыз.
Егер сіз
«Ұшпауым мүмкін» опциясын таңдасаңыз,
тапсырыстың күшін жою сіз қайтару шарттарын/сомасын растағаннан кейін ғана
жүзеге асырылады.
Ерекшелік: егер қайтарым себебі – рейстің 3 сағаттан артық болмауы/кідіртілуі; визаның берілмеуі; жолаушының немесе оның жақын туысының сырқаттануымен/өлімімен байланысты болса және қайтаруға өтініш дұрыс толтырылмаған болса, сондай-ақ барлық қажетті растаушы құжаттар қоса тіркелмеген болса, билет өтінім қарастырылғаннан кейін бірден жойылады.
Қайтару барысында барлық белсенді (пайдаланылмаған) ұшу сегменттері жойылады. Егер тек кері ұшуды болдырмау керек болса, қайтаруға өтінішті ұшып бару жүзеге асырылғаннан кейін ғана жолдауға кеңес беріледі.
Назар аударыңыз! Қайтарылатын сома Жолаушы қайтарымға өтінім жасаған күнгі бағам бойынша есептеледі.
Tickets.kz оферта-шартының, ережелеріне сәйкес
«МЕНІҢ БИЛЕТІМ» бөлімінен жасалған барлық әрекеттер сатып алушының өзімен орындалған деп есептеледі. Мәліметтердің дұрыстылығы үшін жауапкершілік билеттегі деректердің өзгертілуін бастамалаған тұлғаға толығымен жүктеледі.