Әуе билетін сатып алғанда, жоспарлар өзгеретініне ешкім сенімді емес. Денсаулыққа байланысты күтпеген жағдайларға бола сапарды өзгерту өте жағымсыз:
- Жолаушының кенет ауруы*/ажалы;
- Жолаушымен бірге сапарға аттанатын отбасы мүшесінің** кенет ауруы/ажалы;
- Жолаушының отбасы мүшесінің ажалы;
Билеттің толық бағасын
*** қайтарып, қайтару үшін қызметтік алым төлегіңіз, немесе
«Ауру/ажал болған жағдайдағы қайтару кепілідігі» қызметін қолданыңыз.
Қызмет Tickets.kz сайтында тапсырысты брондау кезінде рәсімденіп, төленеді. «Ауру/ажал болған жағдайдағы қайтару кепілідігі» тапсырыста белгіленген барлық жолаушыға қарастырылады.
Тапсырыста белгіленген жолаушы немесе онымен бірге сапарға аттанатын отбасы мүшесі ауру/ажал немесе жолаушының отбасы мүшесінің ажалы себебінен ұша алмаса билеттің бағасы қайтарылады. Қызметпен пайдалану үшін, жолаушы ауру/ажал фактісін растайтын медициналық құжатты көрсетуі тиіс. Медициналық құжаттың талаптарын төменде оқыңыз.
Қызметті қалай пайдалануға болады?
- Тиісті себепті (жолаушының ауруы/ажалы, отбасы мүшесінің ауруы/ажалы) таңдап, қайтару арызын рәсімдеңіз. Арызға ұша алмайтынын растайтын медициналық құжаттың скан- көшірмесін ұсыну керек. Толығырақ Қайтару сұратымының рәсімдеу тәртібі.
- Егер жолаушы отбасы мүшесінің ауруы/ажалы себебінен билетті қайтарғысы келсе, отбасылық қатынас фактісін растайтын құжаттарын ұсыну керек.
- Қайтару арызын ұшудан 4 сағаттан бұрын көрсету керек.
Егер сатып алушы немесе жолаушы өз бетімен билетті қайтара алмаса
- Жолаушы аурып қалған жағдайда, туысының қаражат алу құқығын растайтын құжаттың скан- көшірмесін ұсыну керек.
- Жолаушы қайтыс болған жағдайда, туысының қаражат алу құқығын растайтын құжаттың скан- көшірмесін ұсыну керек.
- Жолаушы «Менің билетім» жеке кабинетке кіре алмаса, қайтару сұратымын және тиісті құжаттарды мына электрондық поштаның мекенжайына жіберуге болады: [email protected].
Қызметтің қолданылу мерзімі және басқа шарттар:
Сайтта көрсетілген шарттарды орындаған жағдайда, Tickets.kz –тің қызметтік алымын қоспағанда (егер ол тапсырыстың бағасына кірген болса), Сізге билеттің толық бағасы қайтарылады.
*«Ауру/ажал болған жағдайдағы қайтару кепілідігі» жолаушының немесе сапарға бірге аттанатын отбасы мүшесінің ауруы және олардың медициналық құжатпен расталатын ұшуға қарсы көрсетімі бар жағдайында ғана қарастырылады.
** Жеке тұлғаның отбасы мүшелеріне оның және жұбайының ата- анасы, жұбайы, өзінің және жұбайының балалары, асырап алынған балалары, қамқоршы, ата- әжесі, туған ағасы, әпкесі, немересі және заңмен мойындалған басқа асырауындағы адамдар кіреді.
***Назар аударыңыз!
- Банктің комиссиясы және төлем жүйесінің үстеме бағасы қайтарылмайды.
- Қайтару сомасы арыз жасалған күннің бағамы бойынша есептелінеді.
Маңызды! Медициналық құжаттырының талаптарына назар аударыңыз!
Медициналық құжаттырының талаптары:
- Медициналық құжат ұшар алдында берілген болуы керек;
- Құжатты берген мекеменің анық және айқын жазылған атауы болуы керек;
- Мекеменің реквизиттері болуы керек;
- Мекеменің өз мөрі болуы керек;
- Медициналық құжатты берген адамнын анық көрінетін аты- жөні мен лауазымы болуы керек;
- Егер растайтын құжаттарды мекеме Қазақстан аумағынан тыс жерде берген болса, медициналық құжаттарға нотариаттық тәртіппен расталған ағылшын тіліне аударма қоса берілуі тиіс;
- Медициналық құжатта анық көрсетілген болуы керек:
- Тексерілген күні
- Қаралу нәтижелері
- Диагноз
- Аурудың ерекше қабынуы/ кедергі болтын ауыр жарақат туралы мәлімет болуы керек
Қызмет мына жағдайларда көрсетілмейді:
- Медициналық себептерден басқа себептер болса. Бұл жағдайда төленген сомасына қарамастан қайтарылатын сома тасушы тариф ережелері бойынша есептелінеді;
- Сайтта жазылған қызмет көрсету шарттарын орындамаған жағдайда;
- Қызметті сатып алған кезде ауру туралы білуі;
- Созылмалы мен жұқпалы ауру, психикалық шалдығу белгілері брондау күнінен алты ай ішінде пайда болған болса. Билет қайтару осындай белгілермен шартталған болса, маман дәрігердің растуы керек;
- Авиафобия (ұшу ауруы) белгілері пайда болғанда;
- Алкаголь ішуден немесе басқа ұйқтататын және есіркі заттар нәтижесінде болған асқыну;
- Арыз ұшудан 4 сағаттан кем уақытта берілген болса;
- Өзін- өзі емдеу немесе косметикалық хирургия нәтижесінде болған асқыну;